Бағанжасушалары. Цитоқаңқа
Автор: Аяулым Ббб • Ноябрь 20, 2020 • Лекция • 7,894 Слов (32 Страниц) • 362 Просмотры
2)Дәріс
Бағанжасушалары. Баған жасушалары морфогенетикалық процестердің негізгі жасушалық материал көзіретінде.
“ Бағаналық жасушалар“түсінігі алғаш рет өткенғасырдың басында Ресейде пайда болды.ҰлыРесей гистологы А.А.Максимов қан түзілупроцестерін зерттеуде анықтады.Бағаналық жасушалар дегеніміз- пісіп-жетілмегеннемесе дифференцияланбаған (яғни,бөлшектергебөлінбеген)жасушалар,олар ұқсас жасушаларжасап шығаруға қабілетті.Өсіп-жетілген организмнің (адам немесе жануар)миллиондаған жасушалары аталық және аналықгаметаларының қосылуынан пайда болатын бірғана жасуша-ЗИГОТАДАН түзіледі.Бұл жасушадаағза туралы ақпарат ғана емес, оның сатылыдаму схемасы да болады.Бағаналық жасушалардың жіктелуі
1)Ересекбағаналықжасушалар
2)Кіндікқаныныңбағаналықжасушалары
3)Фетальдыбағаналықжасушалар
4)Эмбриональдыбағаналықжасушалар.
Эмбриональды бағаналық жасушалар.Негізгі көзі болып ұрықтану процесі-нің 5-шікүні түзілетін БЛАСТОЦИСТА болыптабылады.Бұл жасушалар ересек ағзаныңбарлық жасуша типтерінедифференцияланады.Эмбриогенез сатысында ұрықтанғанжұмыртқажасуша бөлінеді де,келесіжасушаларға тек гентикалық ақпаратберетін бастама жасушасын түзеді.
Фетальды бағаналық жасушалар.Негізгі көзі-жүктіліктің 9-12 аптасындағы аборт жасалғанұрықтан алынатын анайы жасуша типі болып табылады.Ол
ұрықтың дамуында дененің түрлі мүшесіне айналып кетуі мүмкін.Фетальды бағаналық жасушаларын зерттеунейрон,гемопоэтинді,ұйқы безінің негізін салушы бағаналықжасушалар және гермальді жасушалармен шектеледі.
Тексерілмеген материалды қолдану науқастың көптегенасқынуларына әкеледі.Мысалы,
- Герпес вирусы
- Вирусты гепатит
- Спид
- Микоплазма т.б.
- Цитомегаловирус
Ересек бағаналық жасушалар.Ересектердің бағаналық жасушаларының көздерісүйек кемігі,қан,көз,бас миы,қаңқа бұлшықеттері,тістіні,бауыр,тері,асқазан-ішек жолы қабырғасының ішкіқабаты және ұйқы безі.Соның ішінде сүйек миындамаксимальды концентрацияда болады.Сүйек миында бағаналық жасушалардың 2 түрінажыратады:
1.гемопоэтинді-одан қанның барлық жасушаларытүзіледі.
2.мезенхимальды-барлық мүшелер мен тіндержаңарады.
Ересек ағза бағаналық жасушаларқоры өте үлкен емес.Сондықтанжойылған жасушаларды организмөздігінен жаңартуға қабілетіжоқ.Ол зақымдалу ошағыныңкөлемді болуы,ағзаның әлсіреуінемесе жас шамасына дабайланысты болады.
Кіндік қанының бағаналық жасушалары. Әрине,ең нағыз идеал көзі-нәрестетуылғаннан кейінгі жинап алынған кіндікплацентарлы қан болып табылады.Бұл қанжасушаға өте бай.Бұл қанды жинапбағаналық жасушалар “КРИОБАНКІНЕ” салыпқойса,оны келешекте кез келгенауруларға,соның ішінде онкологиялықауруларға қолданады.КРИОБАНК-кіндік қанын,сонымен қатарересек бағаналық жасушаларын төменгітемпературада сақтауға арналған құрылғы.
Бүгінгі күні жасушалық терапия бағытының дамуына үлкен үміт артқан жасушалар –осы постнаталды түрге жатады. Гемопоэтикалық тін жасушалары- мультипотентті қанның әртүрлі жасушаларын түзуші, оттегін тасмалдау қасиетіне ие, ұю жүйесінің қызметіне жауапты және бактерия,вирус, ағзадан тыс агенттерден қорғау, иммундық жауап қайтару қызметтерінің атқарылуын қамтамасыз ететін жасуша түрі. Мезанхималық тін жасушалары-адамның барлық қатты ұлпаларының құрамдас бөліктерін түзу қасиетіне ие; сүйек пен шеміршектен жүрек пен бауыр жасушаларына дейін, қаңқа бұлшық еттері мен жүйке жүйесіне дейін.Қан түзуші тін жасушаларынан айырмашылығы “терапиялық мөлшерде” алу мақсатында мезанхималық жасушаларды жасанды қоректік ортада алдын ала өсіріп,көбейтіп алу қажет. Кіндік қанының тін жасушалары-постнаталдық жасушалар арасындағы ең жас және мамандану қасиеті жоғары түрі.Кіндік қанының басым бөлігі қан түзуші жасушалардан тұрады,сонымен қатар жасанды қоректік ортада бұлшық-ет және тамыр, бауыр және жүрек жасушаларына, жүйке, эндокриндік және ағзаның басқа да жүйелеріне айналуға бейім. Шетел ғалымдарының зерттеулеріне сүйенсек бағаналық жасушаларды медицинада пайдалану саласы енді дамып келеді. Жаңа туған дені сау сәбилердің кіндікбауынан алынған қанның көптеген ауруларға дауа екені анықталып отыр. (Ұлыбританияның Guardian («Гардиан») 18.03.2009ж басылымында бағаналық жасушалар туралы ғылыми жаңалық жайында мақала басты)Қазіргі медицина жаңа туған сәбидің серігі мен кіндік қанын пайдаға асырып, оларды сүйек кемігінен басталатын қан ауруларына қарсы қолданып жатыр. Жаңа босанған аналардың сәбилерімен бірге туған жолдасын, яғни плаценттің құрамындағы өзекті жасушалар ақ қан ауруымен ауыратын сәби үшін, не болмаса қан дертіне шалдыққан адам үшін өте пайдалы.
...