Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Төменгі қуысты венасы (vena cava inferior)

Автор:   •  Октябрь 12, 2022  •  Лекция  •  1,688 Слов (7 Страниц)  •  705 Просмотры

Страница 1 из 7

Төменгі қуысты венасы (vena cava inferior)

Қанды аяқтан, жамбас астауы, іш қуысынан жинайды.

Топографиясы: 4-5 бел омыртқасының оң алдыңғы бүйір бетінен басталып, оң және сол жалпы мықын веналарының (v. Iliacae communes dextra et sinistra) бірігуінен түзіледі.

Сол жиегі барлық деңгейде қолқамен, артқы беті  m.psoas major мен жалғасады. Вена артында a.lumbaies dextra, a.renalis dextra өтеді. Венаның алдыңғы бетінде жіңішке ішек шажырақайы, атабез артериясы (a.testiculares), он екі елі ішек горизантальды бөлігі, төмендеген бөлігі, жиек ішек шажырақайымен өтеді. Ең жоғарғы шеті үш жаңынан бауырмен қоршалған.

    Қабырғалық веналар:

  1. Бел веналары (v.lumbales). 4-5 жұп. Оң және сол жақтан екеуден, іш қабырғасы бұлшықеттері арасымен жүріп, a.lumbales үстінде жатып, қан жинайды. Сол және оң жоғарлаған бел веналарымен (V.lumbales ascendentis dextra et sinistra) анастомазданады.
  2. Төменгі көкет венасы (v.pherenica inferior). Жұп. Көкеттің төменгі бетінде аттас артериямен қосарланып жүріп, төменгі қуыс венаға құйылады.

Ағзалық веналар.

  1. Атабез венасы (v.testicularis). Ұмада басталып, шәует шылбырында сабақты өрім (plexus pampiniformis) құрайды. Ол атабез артериясымен қатар жүреді. Оң жақ атабез төменгі қуыс венаға, сол жақ атабез венасы бүйрек венасына құяды.
  2. Әйелдерде анабез венасы (v.ovarica). Анабезден басталып, анабез шажырақайында сабақты өрім (plexus pampiniformis) құрайды. Ол анабез венасына жалғасады.
  3. Бүйрек венасы(v.renalis). Жұп. Бүйрек қақпағынан шығатын 3-4 тамырдың бірігуінен түзіледі. Медиальды бағытталып, 1-2 бел омыртқалар тұсында төменгі қуыс венаға құяды. Сол жақ бүйрек венасына (v.renalis sinistra) сол жақ бүйрекүсті венасы (v.suprarenalis sinistra), атабез венасы (v.testicularis) құйылады. Анастомазданады: бел венасымен (v.lumbales), сыңар және жартылайсыңар венамен (v.azygos et hemiazygos).
  4. Бүйрекүсті веналары (v.suprarenalis). Сол жақ бүйрекүсті венасы (v.suprarenalis sinistra) сол жақ бүйрек венаға (v.renalis sinistra), оң бүйрекүсті венасы (v.suprarenalis dextra) жиі төменгі қуыс венаға (v.cava inferior) кейде оң  жақ бүйрек венаға (v.renalis dextra)құйылады. Қанды бүйрекүсті безінен жинайды.
  5. Бауыр веналар (v.hepatica). Бауыр артериясы мен қақпа венасынан қанды жинап, төменгі қуыс венаға құйылады. Бауыр венасы үлкен және кіші бауыр венасын қабылдайды. Ірі бауыр венасы үш мөлшерде қан әкеледі: Оң үлесінен оң бауыр венасы, шаршы және құйрықты үлестен ортаңғы бауыр венасы, сол үлестен сол бауыр венасы.

Қақпалық вена (v.portae).

Қанды іш қуысының тақ ағзаларынан жинайды. Ол ұйқыбез басының артында үш тамыр: көкбауыр венасы (v.lienalis), жоғары шажырақай венасы (v.mesenterica superior), төменгі шажырақай венасы (v.mesenterica inferior) қосылуынан түзіледі. Түзілген жерінен он екі елі ішек артымен бауыр - он екі елі ішек жалғамасы қалыңдығына еніп, бауыр қақпағына кіреді. Жалғамада жалпы өт түтігі мен жалпы бауыр артериясымен бірге жатады. Яғни түтік оң және сол жалпы ұйқы артериясы арасында жатады. Қақпа венасы бауырдың оң және сол үлесіне екі тармақ сол және оң тармақ (ramus dexter et sinister) береді.  Оң тармақ оң  үлеспен жүріп алдыңғы және артқы тармаққа (ramus fosterior) тармақталады. Сол жақ тармақ көлденең тармақ (ramus tranbersus), құйрықты тармақ (ramus caudatii), бүйір және медиальды тармақ (ramus dexter et sinister). Қақпа венасына сол және оң асқазан венасы (v.gastrica sinistra et dextra), қақпаалды венасы (v.prepylorica), ұйқыбез венасы (v.pancreatica) құйылады.

  1. Төменгі шажырақай венасы (v.mesenterica inferior). Қанды тік ішектің жоғарғы бөлігінен, сигма тәрізді жиек және төмендеген жиек ішек қабырғаларынан жинайды. Өзінің тармақтарымен төменгі шажырақай артериясымен сәйкес келеді.  Ол кіші жамбас астауынан жоғары тік ішек венасы (v.rectalis suferior) атауымен басталып, тік ішек қабырғасында тік ішек өрімімен байланысқан (plexura venosus rectalis). Жоғарғы тік ішек венасы жоғары көтеріліп,  мықын тамырларын (v.iliaca), сигма тәрізді венаны (v.sigmoideus) қабылдайды. Төменгі шажырақай венасы ішастар артында орн, жоғары бағытталып, кішкене доға түзеді. Ол сол жиектік венаны (v.colica sinistra) қабылдап, ұйқыбез астымен көкбауыр венасына қосылады. Кейде тікелей қақпа венаға құйылады.
  2. Жоғары шажырақай венасы (v.mesenterica suferior). Жіңішке ішектен оның шажырқайынан, соқыр ішек, құрт тәрізді өсіндіден, жоғарлаған және көлденең жиек ішектен, шажырқайлық лимфа түйіндерінен жинайды. Ол аттас артериямен бірге оң жақ бөлігінде орн. Ол мықын жиек бұрышы аймағында басталып мықын жиектік вена (v. iliocolica) атауын алады. Ол мықын ішек соңғы бөлімінен, құрт тәрізді өсіндіден, соқыр ішектен қан жинайды.  Ол жоғары бағытталып, жоғары шажырақай венасына жалғасады.  Жіңішке шажырақай түбінде веналар қабылдайтын доға түзеді. А) аш және мықын ішек венасы (v. Intestinalis jejunalis et ilie). Аттас артериямен қосарланып жүріп, жоғары шажырақай венасына сол жағынан ашылады. Б) Оң жиектік вена (v.colica dextra). Жоғарлаған жиек ішекпен жүріп, мықын жиектік және ортаңғы жиектік венамен анастомазданады. В) Ортаңғы жиектік вена (v.colica media). Көлденең жиек ішек шажырақайы жапырақшасында орналасып, қанды асқазан өрімінен (plexus hepatica), көледенең жиек ішектен ( colen transversum) қан жинайды.  Сол жиектік венамен (v.colica sinistra) анастомазданады. С) Оң асқазан шарбы венасы. Асқазан үлкен иенінде аттас артериямен жүреді. Оған қан асқазан венасы(v. gastrica) мен шарбы венасынан (v.epiplocae) құйылады. Қақпалық бөлімінде жоғары шажырақай венаға құйылады.
  3. Көкбауыр венасы (v.lienalis). Қанды көкбауыр, асқазан, ұйқыбез, үлкен шарбыдан жинайды. Ол көкбауыр қақпасы аймағында түзіледі. Аттас артериямен жүреді.  Үлкен шарбыдан қанды сол асқазан шарбы венасы (v.gastroepiploica sinistra), асқазан түбінен қысқа асқазан венасын (v.gastra breves) қабылдайды. Аттас артерия астында жатып, жоғары шажырақай венасы үстінде қақпа венасын құрайды.  Ол ұйқыбез веналарын (v.pancreaticae),  он екі елі ішек венасын қабылдайды.

Іре веналық анастомаздар.

Төменгі және жоғарғы қуыс веналар арасындағы анастомаздар

  1. Жоғарғы қуысты вена төменгі қуысты венамен алдыңғы бүйір қабырға веналары арқ анастомазданады.
  2. Төменгі құрсақүсті вена мықын венасына, жалпы мықын венасы арқ жоғарғы құрсақүсті венамен анастамозданады. Иық бас венасы арқ жоғарғы қуысты венаға құйылады.
  3. Беткей құрсақүсті венасы сан венасы арқ мықын және төменгі қуыс венаға құйылып, іштің алдыңғы жағында терілік венамен анастомазданады.
  4. Кеуде құрсақүсті венасы (v.thoracoepigastrica) төменнен сан венасымен, жоғарыдан қолтық венасымен анастомоз түзеді.
  5. Ең ірі анастомоз сыңар және жартылай сыңар вена.
  6. Омыртқалардың сыртқы және ішкі веналық өрімдері шүйде мен сегізкөз арасында үзіліссіз созылып жатқан тор.
  7. Қан мойын аймағында оиыртқалардың омыртқалардың өрімінен омырқалық веналарға, одан иық бас венаға, жоғарғы қуыс венаға ағады.
  8. Қан кеуде аймағында омырқалық веналық өрімдерден, артқы қабырғаралық венаға,  сыңар және жартылай сыңар венаға, жоғарғы қуыс венаға ағады.
  9. Омырқалық веналардың веналарынан бел веналарымен анастомазданып, олар төменгі қуыс венаға құяды.
  10. Омырқалық веналық өрімнің сегізкөздік бөлігі латеральды сегізкөз веналарымен анастомазданып, төменгі қуыс венаға құяды.

Қақпа вена жүйесі мен жоғарғы және төменгі қуысты веналардың анастомаздары

  1. Қақпа венасы кіндік маңындағы веналар көмегімен анастомазданады. Кіндік венасы шеткі аймағы қақпа венасына, кіндік сақинасы жоғары және төмен құрсақүсті венасымен анастомазданады. Соңғылары қанды жоғары және қуыс венаға апарады.
  2. Қақпа венасы мен өңеш венасы арқ жоғары қуыс венамен анастомазданады. Өңеш веналары өңештік өрім түзіп, сол асқазан венасы арқ қақпа венасымен, кеуде қуысында сыңар және жарт сығар венамен анастомазданып, жоғары қуыс венаға құйылады.
  3. Қақпа венасы тік ішек веналық арқылы төменгі қуыс венамен анастомазданады. Тік ішек қақпа вена жүйесінің төменгі шажырақайлық бөлігі. Қақпа венасы атабез венасы мен бүйрек венасымен анастомазданады.
  1. Жүрек қан тамыр жүйесіне жалпы жолу.

Ағзалардың барлық тіндері мен мүшелерін байланыстыратын, тұйық түтікті жүйеде сұйықтық тасымалдау қызмет атқаратын жүйе.

Қызметтері: Тасымалдау-мүшелер мен тіндерде қан және лимфа айналымын жүзеге асырып, трофикалық қоректік заттарды тасымалдау, тыныс алу өнімдерін тасымалдау, зат алмасу өнімдерінің ақырғы өнімдерін мүшелерден шығару қызметін атқ. Реттеу - қан айналысын өзгерте отырып, биологиялық белсенді және гормандарды тіндерге жеткізу арқылы мүшелер қызметін реттеп отырады. Интегративті - барлық мүшелер мен жүйелерді ағза бірлігінде байланыстырып біріктіріп тұрады. Жылу реттеу - қан тамырлар арқылы дене тұрақты темпуратура ұстап тұрады.

...

Скачать:   txt (21.5 Kb)   pdf (96.3 Kb)   docx (12.9 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club