Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сүйек. Сүйектердің жалгасуы, буындар

Автор:   •  Сентябрь 15, 2021  •  Лекция  •  848 Слов (4 Страниц)  •  542 Просмотры

Страница 1 из 4

          СҮЙЕК. СҮЙЕКТЕРДІҢ ЖАЛГАСУЫ, БУЫНДАР

   Адамның сыртқы ортамен байланысы,оның қимыл,қозғалысымен сипатталады.

   Адамның қозғалыс жүйесі- сүйек және бұлшық еттерден тұрады.Сүйектер  денеде  бір-бірінен буындар,сіңірлер ,шеміршектер және дәнекер ұлпалар арқылы біріккен.Қаңқа сүйектері  мен буындар дененің  қозғалысында тірек міндетін атқарады,ал оларды қимылға келтіретін  мүшелер  дененің бұлшық еттері болып саналады.Сүйек туралы ілім- остеология,ал буындардың  құрылысын зерттейтін  ілім-артрология деп аталады.

                 Сүйектердің құрылысы

Сүйек (кость)- мүше.Сүйек, os, ossis - дененің  негізгі тіреуші мүшесі.Оның құрылысы өте күрделі.Сүйектің негізін тығыз(қатты) және кемік(борпылдақ) заттар құрайды.Сүйек сыртынан  сүйек қабығымен (периост)қапталған.Периост тек сүйектің  шеміршек  бетінде ғана болмайды.Сүйектің құрылысында ұлпаның барлық түрі кездеседі, бірақ негізгісі –сүйек.Сүйектің сырты қатты,ұлпасы тығыз болып келеді де,ал ішкі жағы кеуек,борпылдақ ұлпадан тұрады.Кеуек сүйек ұлпасы қатты  қабықтың астында әртүрлі  бағытта торланған.Сүйек қалыңдап өседі ,сол себепті жасқа қарай  сүйектің  қалыңдығы әр түрлі болып келеді.Сүйектің периост қабығы жұқа ,бірақ берік дәнекер ұлпа  жапырақшасы, нервтер мен қантамырларға бай.Ол сүйекті қоректендіріп  тұрады, қалыңдап өсуіне қатысады. Сүйектің буын беттерін буын шеміршектері жауып жатады. Сөйтіп, мүше ретінде сүйек ұғымына сүйектің негізгі массасын құрайтын сүйек тіні, жілік майы, сүйек қабығы, буын шеміршегі және көптеген нервтер мен қантамырлар жатады.

Сүйек майы.Сүйек май қан шығарушы мүше , сонымен бірге оны қоректендіріп тұрады.Сүйек майы кеуек  сүйектердің кемік затында, ал ұзын сүйектердің  түтікше қуысында болады.Сүйек майы қызыл және сары май болып екіге бөлінеді.

Сүйектің қызыл майы-  нәзік ретикуляр (тор тәрізді) ұлпа.Олар қан тамырлары мен жүйке талшықтарына өте бай,ал олардың арасында  қан жасап шығаратын элементтер  орналасқан.Сүйектің  сары майы негізінен  май ұлпасынан тұрады.Майдың түсіне қарай олар сары болып келеді.Сүйектің қызыл майы көбіне жазық ,кеуек,кемік сүйектерде кездеседі.Жас адамның жілігінің  майында қызыл сүйек майы көп болады.,ал жас ұлғайған сайын ретикуляр ұлпаның  орнын май ұлпасы басады.

  Сүйектің химиялық құрамы.Тірі адамың денесіндегі  сүйектің 50%-ті судан, 2.5%-құрамында ақуызы бар органикалық заттардан, 21.5% органикалық емес  минералды заттардан және 15%-і майдан тұрады. Органикалық және органикалық емес заттар сүйекке аса беріктік және серпімділік қасиет береді. Сүйектердің  құрамындағы органикалық  және бейорганикалық заттардың ара қатынасы  адамның жасына қарай өзгереді. Жастың ұлғайюына байланысты сүйектердің органикалық заттардың мөлшері  азайып, бейорганикалық заттар  көбейеді. Сондықтан кәрі адамның  сүйегі тез сынғыш болады. Сүйектің беріктігі  оның құрамына ғана емес , оның пішініне , құрылысына да байланысты.

Сүйектердің пішіні әр түрлі.Олар ұзын , қысқа, жалпақ және  аралас болып келеді.

 Ұзын сүйектерге : қар, білек ,сан ,балтыр сүйектері жатады. Олардың іші қуыс болғандықтан «түтікше сүйектер»деп аталады, берік және жеңіл болады. «Түтікше сүйектердің» екі ұшы жуандаған жерінде  жіліктің  басы пайда болады. Жіліктің басы бір-бірімен айқасып жатқан  өте көп кеуек, кемік  сүйек ұлпасынан тұрады.

   Қысқа сүйектерге білезік, сыбырлақ және омыртқа сүйектері жатады.Олар негізіне кеуек, кемік заттан тұрады. (төс, қабырға)

...

Скачать:   txt (10.8 Kb)   pdf (116.5 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club