Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экология ғылымының

Автор:   •  Октябрь 6, 2018  •  Реферат  •  533 Слов (3 Страниц)  •  890 Просмотры

Страница 1 из 3

   Экология - тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым саласы. "Экология" (грек тілінен аударғанда "oikos" - үй, тұрақ; "logos" - ғылым) терминін алғаш 1866 жылы неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді. Экологиялық зерттеу объектісіне биологиялық макрожүйелер, яғни популяция, биоценоз, экожүйе және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.  

Экология ғылымының қалыптасуы тарихи дәуірлердегі қоғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөліп қарастырады:

1) Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

2) Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды.

3) ХХ ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтиды.

   Бірінші кезеңде экология ғылымы туралы алғашқы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала басталды. Экология ғылымының дамуына А. Гумбольдтің, Ч. Дарвиннің, К.Рулье, Н.Северцов және басқа ғалымдардың еңбектері үлкен үлесін қосты. А.Гумбольдтың (1769-1859жж.)  еңбектері өз уақыты үшін өте елеулі болды. Ол өз бетімен жеке Солтүстік  және Оңтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібірді, Алтайды, Каспий жағалауларын зерттеді. Сөйтіп ол өсімдіктер географиясын қалыптастырды, жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінің таралу заңдылығы  туралы ерекше ғылым ретінде және өсімдіктер тіршілігін зерттеуде экологиялық бағыттың негізін салды.

   Екінші кезеңде экология өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К. Ф. Рулье (1814-1858 жж.), Н. А. Северцов (1827-1885 жж.) және В.В. Докучаев (1846-1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен дәлелді қорытындылар жасалды.

Топырақтану ғылымының негізін қалаған В. В. Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының дамуына зор ықпал етті. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен топырақ арасында болатын қарым-қатынастарға жан-жақты талдау жасады.

Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809-1882 жж.) болды. Оның "тіршілік үшін күрес" және "табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделеді.

Неміс ғалымы Эрнест Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э. Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады.

ХХ ғасырдың 30-40 жылдарында табиғат жүйелерінде болатын өзара байланыстарды зерттеу жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын ғалымы Артур Тенсли (1871-1955 жж.) 1935 жылы "экожүйе", ал орыс ғалымы В. Н. Сукачев "биогеоценоз" деген ұғымдарға ғылыми нақты түсініктемелер берді. Атақты орыс ғалымы В. И. Вернадскийдің (1864-1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып табылады.

...

Скачать:   txt (7.3 Kb)   pdf (73.1 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club