Үнді философиясы
Автор: gulnurkazbek • Май 14, 2023 • Реферат • 330 Слов (2 Страниц) • 227 Просмотры
Үнді философиясы
Адамзат тарихында қола дәуірінен өту өндіргіш күштердің дамуына ғана әкеліп соққан жоқ,сонымен қатар алғашқа қауымдық,рулық,ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі,адамның белсенді іс-әрекеті арқасында табиғат алдындағы әлсіздігі ,бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғашқы қадам жасауы ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндік жасады.Табиғат құбылыстары мен олардың арасындағы өзгерістерді сиқырлы,танылмайтынн күштердің құдіретінен деп ұғып,адамға ұқсас құдай бейнесін жасау абстракциялы ойлау процесінің жетілгендігін көрсетіп,дүниетанымдық көзқараста философияның жеке бағыт қалыптасуына алғашқы шарт болды.Осының нәтижесінде жоғары деңгейдегі мәдениеттің арқасында әлемге әйгілі болған Шығыс елдерінің философиялық ілімдері қалыптасқан.Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап,құлдық қоғам қалыптаса бастады.Осының нәтижесінде үнді қоғамы 4 кастаға бөліне бастады. Олар : брахмандар (абыздар) , кшатрийлер (әскербасылар) , вайшьилер (ауқатты шаруалар),шудралар(құлдар).Әр каста тұйықталған әлеуметтік топ болды да.әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән әртүрлі мамндықтары болды. «Брахман»термині ежелгі үнді жерінде «құрметті, тақуалы өмір» сүрген, «ақ» түсті ұнататын беделді құдайдың атауын білдіреді. «Кши» етістігі «иемдену,билік жүргізу,жойып жіберу,өлтіру» деген мағынаны білдіреді.Кшатрийлер «қызыл»рәміздікті ұнатады.«Вайшья»-тиістілік,тәуелділік мағынасын білдіреді,ваишилер сары түсті қабылдаған.Шудралардың түстік рәмізі-қара түс болған.Жоғары абыз брахмандар-ой еңбегі мен моральдық билікте,кшатрийлар-әскери өнерде , билік жүргізуде үстемдік етті . Брахмандар киелі мәтіндерді үйретті рәсім-салтты жүргізді.Вайшиліктер жер өңдеді,қол өнерімен және сауда-саттық пен шұғылданды.Бұл үш касталар арийлық ақсүйектерден шықты.Шудралар дене жұмысымен айналысатын құлдар қара халық. Шудралардың өмірлік құқығының шектеулігі соншалықты, оларды хайуандарға теңеді.Шудра біреудің құлы болғандықтан,оны иесі қалай болса, солай жалдап, тіпті өлтіре алды.
...