Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Философияға кіріспе, түрлері, ағымдары

Автор:   •  Апрель 1, 2021  •  Доклад  •  450 Слов (2 Страниц)  •  394 Просмотры

Страница 1 из 2

Көзқарастың тарихи түрлері:

Анықтамалары:

Миф

Дүниеге көзқарастың тарихи алғашқы түрі – миф (аңыз, ертегі). Мифология (гр. mythos – аңыз, logos – ілім)  қоғамдық сананың түрі. Дүниені түсінудің бұл архаикалық түрі – біздің ертедегі бабаларымыздың өмірінде маңызды рөл атқарды, алғашқы қауым адамын табиғатпен үйлесімді біріктіре білді, рулық өмірді реттеп отырды. Миф – қоршаған ортаны қиял, керемет, ғажап ретінде қабылдауға мүмкіндік берді. Миф – мына негізгі сұрақтарға жауап беруге тырысады: әлемнің пайда болу жолдары, жер және адам қатынасы, табиғи құбылыстар, оларды түсіну, мәнін ашу, адам тағдырының көзі, адам қызметі мен оның табыстары, намыс пен ар мәселесі, қарыз бен борыш, этика және өнегелік, т.б. Миф сананы оятады, прогресс дамуының негізі – жазба мәдениетінің пайда болуы арқылы дін, философияға біртіндеп өтеді.

Дін

Дін – табиғаттан тыс ғажап күштердің бар болуына негізделінген сенім. Ол адам өміріне және қоршаған ортаға ықпал етеді. Діни көзқарас қоршаған ортаны сезімдік, бейнелік – эмоционалдық түрде қабылдауды сипаттайды.

 Дін қазіргі кезде үш дүниежүзілік діндерден: христиан, ислам, буддизм және көптеген ұлттық діндерден: синтоизм, иудаизм, индуизм, тәңірлік, конфуцийлік, даосизм, т. б. тұрады. Дін адамдардың үлкен топтарын – халықтарды біріктіріп, қоғамды идеялдар арқылы тұрақтандырады. Ол мәдениеттің  кеңістікте тарауына мүмкіндік туғызды да, ортақ салт-дәстүрлердің қалыптасуына ықпал етеді. Өнегелік-тәрбиелік саласы да жақыныңа сүйіспеншілік, қайғысына ортақтасу, адалдық, төзімділік, парасаттылықты міндет деп санайды. Дін адамды адамгершілікке, тазалыққа үйретеді.

Философия

Ертеде әр нәрсенің себебін білігісі келгендер, діни ұғымдар мен жай ұғымдарға қанағаттанбай құбылыстардың түбіне үңіліп, сол туралы өзіндік пікір айтты. Оларды – «философ» деп атайды. Философия дегеніміз – табиғат, қоғам және адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым қоғамдық сананың бір түрі, көзқарастық теорияның негізі, философиялық пәндер жүйесі, адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім.  Философия пәнін осылай түсінумен бірге, ХХ ғасырда әртүрлі философиялық ілімнің негізгі мәселесінің әртүрлі болуына байланысты, бұл сұрақтың шешу жолдары анықталды.

Философ/философиялық ағым

Философия пәні туралы идеясының мәні

1

Пифагор

Даналыққа құштарлық. (Фило-софия)

2

Гераклит

Философ-зерттеулермен айналысатын адам.

3

Платон

Мәңгілік, шынайы тұрмысты тануға бағытталған ерекше ғылым.

4

Сократ

Жақсылық мен Зұлымдықты тануға арналған құрал.

5

Аристотель

Заттардың себептері мен принциптерін зерттеу.

6

Эпикур

Сана және ақыл арқылы бақытқа жету жолы.

7

Ортағасырлық христиандық философия.

Рационалды Білім және Құдайды дәлелдеу құралы. Киелі Жазбаның шындықтарын түсіндіру құралы.

8

Гегель

Өзін-өзі түсінетін шексіз ақыл туралы ғылым.

9

Кант

Абстрактілі метафизикалық ұғымдар арқылы әлемді тану тәсілі.

10

“Тірі Этика” ілімі

Рухани түйсік пен ақылға негізделген әлемді тану құралы. Адам мен Әлемді рухани жетілдірудің құралы.

...

Скачать:   txt (7.5 Kb)   pdf (85.9 Kb)   docx (334 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club