Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отбасы хрестоматиясы

Автор:   •  Май 19, 2022  •  Реферат  •  9,696 Слов (39 Страниц)  •  356 Просмотры

Страница 1 из 39

1.1  

2017  жылы Қазақстанда республикалық  «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры құрылды. Ең кішкентай баладан еңкейген кәріге дейін оқи бере алатын осы «Отбасы хрестоматиясы» бірнеше кітаптар шоғырын шығарумен айналысып келеді. Бұл қоғамдық қорда 30 – дан асатын ғалымдар шоғырланған, олардың барлығы өзіне де, айналаға да қарым  -  қатынас жасап, пайдасы тигізіп жатады. Ең азы үш тілде, ең көбі жеті тілде емін еркін сөйлейтін әр түрлі мамандық иелері.  Бұл аталмыш қор қоғамдық, әлеуметтік жағдайда өте бір «күйіп тұрған», қажетті пайдалы деген тақырыптарды зерттейді. Зерттегенде әрқайсысы  өз мамандығы тұрғысынан қарайды. Себебі оның ішнде филологтар, журналистер, лингвистер, дінтанушылар, теологтар, психологтар, дипломанттар түрлі сала мамандары бар. Сондықтан осы бір мәселе Қазақстанда қалай, шет елдерде қалай, алыс -  жақын елдерде қалай соның бәрін сараптап, оған шейін шыққан мақалалардың барлығын зерттеп, сол тақырыпқа қатысты дүниелерге талдау жасайды. Содан соң бір кітап етіп жинақтап шығарады, бұл   - ұжымдық еңбек.  Бір адамның субьективті пікірі емес, ұжымдық еңбек болғаннан кейін өте қызықты, қандай тақырыпты болсын, қандай  проблеманы болсын жан жақты қарастыратын және оқыған адамға міндетті түрде ой салатын оның жан дүниесіндегі тұнып тұрған  сұрақтарға жауап беретін немесе өзінің бір жауабын күтіп тұрған қызықты дүние болып шығады.

«Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры халқымызда бұрыннан бар, бірақ кеңестік дәуірде жойылған «Сияр Шәріп», «Қисса сүл-әнбия» секілді кітаптарды іздестіріп, тауып, бүгінгі заманға лайықтап қайта жазып, кітап етіп жарыққа шығарумен айналысады Ең жақсысы ең кішкентай баладан еңкейген кәріге дейін оқи бере алатын осы қоғамдық қор, «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен “Әлдиден эпосқа дейін”, “Салт-дәстүр сөйлейді”, “Сияр-Шәріп”, “Логотерапия немесе өмірге ғашық болу”, “Яссауи феномені”, “Өмірге ғашық болу”, Экософия немесе киелі табиғат» сынды кітаптарды жарыққа шығарды. Кітаптардың жалпы тиражы 50 мыңнан асады.  

«Әлдиден эпосқа дейін» - бұл кітап этнопедагогика негізінде құрастырылған. Мұнда бесік жырынан бастап, батырлық дастандарға дейінгі аралықты қамтитын рухани мұралар жинақталды. Бесік жырын, жаңылтпаштарды, ертегілерді, аңыз-әпсаналарды, тақпақтарды отбасындағы әрбір ата-ана балаларына оқып беріп, олардың дәстүрлі дүниетанымын қалыптастыра алады. Бейсен Құранбек: «Бұл кітап – балалар үшін ғана емес, олардың ата-аналары үшін де баға жетпес қазына. Меніңше, «Әлдиден эпосқа дейін» әр қазақ отбасының күнделікті рухани азығына айналуы тиіс. Кешке алқа-қотан отыра қалып, жаттап, қайталап санаға әбден сіңірген отбасылар бұл қазынаның келешекте қызығы мен пайдасын молынан көретініне бек сенімдімін» деген болатын. Сонымен қатар КСРО кезінде посткеңестік елдерге енбей қалған психологияның үшінші мектебі В. Франклдың логотерапиясын қазақ тіліне аударып, оны қазақша қиссалармен байытып, «Логотерапия немесе өмірге құштарлық» атты кітап шығарған. Кітапта «адамдар неге суицидке ұшырайды, не себепті ішімдікке үйір болып, нашақорлыққа салынады» деген сықылды сұрақтарға жауап беріп, оның негізін тарқатады. «Логотерапия» деген сөздің өзі адамды даналықпен емдеу деген мағына береді екен. Яғни кішкентай күнінен аңыз, ертегі, қисса сынды даналық ілімімен сусындап, кеудесін хикметке толтырған бала қуыскеуделікке ұрынбай, дұрыс өмір сүре алады деген сөз. Ал кішкентай күніндегі қоршаған ортаны тануға деген қызығушылық сұрақтары жауапсыз қалып, арзан күлкі мен бос сөзге үйір боп өскен баланың кеудесі қуыс болып, өсе келе бір проблемаға ұрынуы мүмкін. Кеуденің қуыстығын логотерапияда «экзистенциялық вакуум» деп атайды   

 “Отбасы хрестоматиясы” қорының өкілдері кезекті кітабын табиғат, жан-жануар және экология тақырыбына арнады. “Ecosophy немесе киелі табиғат” кітабын авторлар 2019 жылы акбөкендерді қорғаймын деп оққа ұшқан қорықшылар Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазиновтың рухына арнайды Олар көне түркі және қазақ фольклорындағы өсімдік пен жануар әлеміне қатысты аңыз-дастандарды жинастырған. Кітап этнопедагогика ғылымына қызығатын мектеп оқушыларына, студенттерге және ізденуші ғалымдарға арналған. Кітаптың мазмұнына үңілсек, бұл кітап өсімдік пен аң-құсқатардың кейбір  биологиялық ерекшеліктеріне  экософияның назарымен қарауды үйретеді. Бұл кітапта баланың креативті қабілетін, талабын, санасын, шығармашылық талантын қазынаға толтыратын тірі табиғат туралы  киелі аңыз-қиссалар келтірілген. кітап қоршаған ортаны қорғауға ғана үндемейді, ол қоғамда кие түсінігін қалыптастырады“Ecosophy және киелі табиғат” кітабында халықтың аузында жатталып қалған немесе мүлдем ұмытылған аңыз-дастандар бар. Жануар туралы ғана емес, бүкіл өсімдікке, өзен-көлге байланысты әңгімелермен танысуға болады. Жеміс-жидектің пайдасы да айтылады. “Отбасы хрестоматиясы” қорының өкілдері “Ecosophy немесе киелі табиғат” жинағын тәлім-тәрбиеге қатысты басқа кітаптан бөліп қарамайды. Олар өсімдік пен жан-жануарды қадірлеуді үйрету де бала тәрбиесінің бір саласы деп есептейді. Кітапта келтірілген қызықты деректер мен түрлі-түсті суреттер оқырманды кітап оқуға жетелейді, ал мұғалімге ағартушылық пен тәрбие беру кәсібінің мазмұнын көруге мүмкіндік туғызар еді.

...

Скачать:   txt (133.9 Kb)   pdf (577.9 Kb)   docx (2.2 Mb)  
Продолжить читать еще 38 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club