Лекции по "Философии"
Автор: Zhadraaa • Март 16, 2023 • Курс лекций • 1,268 Слов (6 Страниц) • 155 Просмотры
1.Сократ (469-399 б.ғ.д.) Афина қаласының қарапайым адамдарының отбасында дүниеге келеді. Өз заманының халық сыйлайтын, сонымен қатар байлары мен билері үрейлене қарайтын ірі тұлғасы болса керек.
Еңбектері:Сократ софистердің «Адам – өлшем» деген тұжырымдарымен келіседі. Оны толғандыратын мәселелер – адам табиғаты, оның терең мәні. Оның айтуынша, адамның терең мәні – оның жан дүниесінде. Ал адамның жаны – ол оның ойлауға деген қабілеті, оның парасаты, адамгершілікке негізделген жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті.
Терминдер:ізгілік;ирония;майевтика;адамның өзін өзі танып білуі
2. Платон (б.з.д. 427-347 ж.) өзінің осы атын (platos – грек сөзі, кең) кең иықтылығының арқасында Сократтан алыпты-мыс деген аңыз бар. Оның шын аты – Аристокл. Платонның әкесі атақты рудан шыққан, ол жас кезінде жақсы білім алады, өлең шығарумен әуестенеді. 20 жасында Сократпен танысып, өзінің өмірінде үлкен бетбұрыс жасайды, сөйтіп, ол өзінің өмірін толығынан философияға арнайды.
Еңбектері:Платонның негізгі еңбектері «Сократты жақтау», «Критон», «Мемлекет», «Федон», «Парменид», «Софист», «Заңдар» т.с.с.
Терминдері: Ақиқат,Әсемдік, Ізгілік, Әділеттілік, Батылдық
3)Аристотель (384-322 б.з.д.) – көне заманның ең ұлы философы, заманының ең дарынды, жан-жақты білімі бар тұлға болған. Аристо- тель сонымен бірге өз заманының ұлы қолбасшысы, үлкен империя жасаушы Ескендір Зұлқарнайынның оқытушысы ретінде де тарихта аты қалған.
Еңбектері: «Органон», «Категориялар», «Физика», «Аспан жайлы» , «Аспандағы құбылыстар жайлы», «Жан дүниесі жөнінде», «Өмір мен өлім туралы», «Тыныс алу туралы» , «Никомахтың этикасы», «Үлкен этика».
Терминдері: мән, сапа, сан, қатынас, орын, уақыт, орналасу, иелену, әрекеттену, зардаптану.
4) Эпикур (342-270 б.ғ.д.) – Демокриттің қолдаушысы. Ол 306 ж. Афина қаласында өзінің мектебін ашты. Ол кейіннен «Эпикур бағы» деген атақ алды.
Еңбектері,ойлары:Эпикур: «Дүниені зерттеу – ол адамның негізгі мақсаты емес», – дейді. Адамның негізгі мақсаты – бақытты өмірге жету. Ал оған жету үшін адамдар ғарыштың қандай екенін, Құдайлар бар ма, әлде жоқ па, өмір мен өлім жөнінде, табиғаттағы адамның үрейін туғызатын құбылыстар жайында өздерінің түсініктерін қалыптастыруы керек.
Терминдер: атараксия;байқалмай өмір сүру;этика;теология
5) Зенон, элейлік (б.з.б. 490 – 430 ж.ш., Оңт. Италия, Элея қ.) – ежелгі грек философы. Зенон дүниенің біртұтастығы туралы Парменид (б.з.б. 540 ж.ш.) ілімін дамытып, сезімдік болмысты түсініп болмайды деп дәлелдейді.
Еңбектері:Зенон өзінің философиясында бүкіләлемдік мемлекет (космополис) жайында ілім жасаған. Бұл мемлекетте толық теңдік орнаған: еріктелер мен құлдар, байлар мен кедейлер, еркектер мен әйелдер – барлығы тең құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді. Олар табиғат заңына сәйкес өмір салтын ұстайды.
терминдер:парадокстер;жартыбөлік парадоксі;ахиль-тасбақа парадоксі;жеке парадоксі;қосын қозғалысы
6)Томас Аквинат лат.Thomas Aquinas, итал. Tommaso d'Aquino;( 1225, Аквино — 1274, Рим) - италияндық діни ойшыл. Католикалық шіркеудің ең ірі ойшылы. Дегдар отбасынан шықса да, ол ата-анасының қарсылығына қарамастан, доминикалық діни ұйымға кіреді.
Еңбектері: “Теологиялық суммасы”, “Пұтқа табынушыларға қарсы суммасы”
Терминдері:Томизм, Теология, Аналогия
7) Рене Декарт. (фр. René Descartes, фр. ʁəne dekaʁt, лат. Renatus Cartesius; (1596 – 1650 жж.) — француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог.
Ол қазіргі заман математикасының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп аталды.
Еңбектері: “Әдіс туралы пайым”(Discours de la méthode), “Бірінші философиялық толғаныстар”(Meditationes de Prima Philosophia), “Философия қағидалары” (les Principes de la philosophie)
Терминдері: Итуиция, Дедукция, Онтол
8) Джон Локк. ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 жыл – 28 қазан 1704 жыл) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті.
Еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге, қарай ғана жауыз не мейірімді,пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген.
Терминдері: Этика , Левиафаны
9) Шарль Луи де Монтескье (фр. Charles-Louis de Seconda, Baron de La Brède et de Montesquieu; 18 қаңтар 1689 — 10 ақпан 1755), Шарль де Секонда, барон де Ла Бред и де Монтескье – француз ағартушысы, философ, социолог.
Еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы туралы” (1748). Монтескье теология мен дінді қатты сынға ала отырып, адамзат қоғамының дамуында белгілі бір объективті заңдылық бар екендігін мойындайды. Дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді.
Терминдері: Позитивті құқық , Абсолюттік әділет
10) Бенедикт Спиноза. (24.11.1632 жыл, Амстердам, – 21.2.1677 жыл, Гаага) – материалистік, пантеистік көзқарастағы Нидерланд философы.
Спинозаның философиялық көзқарасы ең алдымен ортағасырлық еврей философиясының (Маймонид, Крескас) ықпалында қалыптаса бастағанымен Дж. Бруноның пантеистік-материалистік көзқаоасын,Декарттың рационалистік методын, Т.Гоббстың философиясын игеруі оның пантеистік-материалистік көзқарасқа көшуіне себеп болды.
Еңбектері: «Діни саяси толғау», «Декарт философиясының қағидалары», «Этика», т.б.
Терминдері: Каббала, Субстанция, Пант
...