Индивидуалды жоба: Лурия.А.Р "Маленькая книжка о большой памяти" Аннотация
Автор: dauletaliev • Октябрь 9, 2018 • Реферат • 895 Слов (4 Страниц) • 782 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультет: Филология және әлем тілдері
Кафедра: Қазақ тілі және әдебиеті
[pic 1]
СӨЖ
Тақырып: Индивидуалды жоба: Лурия.А.Р "Маленькая книжка о большой памяти" Аннотация.
Тексерген: Сейітнұр Жарас
Орындаған: Даулетәлі Ермахан
Алматы 2018
Маленькая книжка о большой памяти
Автор книги: Лурия.а.Р
Аннотация
Бұл әңгіменің басы осы ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастау алады. Бір адам автордың лабораториясына, сол кездегі жас психологка (Александра Лурия) келді және оның жадысын тексеруді сұрады. Адам – Ш деп алынған. Ол газеттердің бірінде репортер қызметшісі, ал лабораторияға газет бөлімінің басшысы, редакторы жіберген.
Әдеттегідей таңертеңгі уақытта редактор өз қызметкерлеріне нұсқаулар береді. Мекен-жайлар мен нұсқаулардың тізімі өте ұзақ болды және редактор Ш-ның нұсқауларының ешқайсысын жазып алмағанына таң қалды . Редактор барлық нұқауларды қайталап шығуға өтінді, ал Ш болса ол сұрағандай дәлме-дәл қайталап берді. Редактор оның жадысын зерделеу мақсатында психологиялық лабораторияға жіберді.
Сол кезде Ш жасы отыздан сәл асқан еді. Оның әкесі кітап дүкенінің иесі болған, анасы білімі жоқ болса да білімді-мәдениетті адам болған. Өскен ортасы қарапайым орта, бастауыш мектепте оқыған, содан соң оның музыкалық қабілеттері байқалып, музыкалық училищеге оқуға түседі. Скрипкашы болуды армандаған ол, алайда құлақ ауруынан есту қызметі нашарлап музыкант ретінде мансапқа жете алмайтындығын біліп, арманынан амалсыз бас тартады.
Автор зерттеуін әдеттегідей қызығушылықпен бастады. Бірақ, эксперименттер керемет нәтиже беретіндіге үміттенбеді. Дегенмен алғашқы сынақтар оның көзқарасын өзгертті. Автор Ш – ға бірнеше сөздерді, содан кейін сандарды, әріптерді баяу оқып немесе жазбаша түрде ұсынды. Ол ұсынылған материалды дәлме-дәл нақты тәртіпте қайталап берді. Автор ұсынылған элементтердің санын көбейтіп 30,50,70 сөз немесе цифрға дейін берді. Бірақ ол үшін бұл ешқандай қиындық туғызбады. Әдетте тәжірбие барысында ол көзін жауып немесе бір нүктеге қарап тұрды, тәжірбие аяқталғаннан кейін ол кідіртуді сұрап біртіндеп барлық тапсырманы жанартып қайталап айтып берді. Ол тапсырма ауызша немесе жазбаша берілседе ешқандай кідіріссіз басыннан соңына дейін, соңынан басына дейін кідіріссіз айтып беретін болған. Автор екінші және үшінші кездесуге ұсынды. Ол кездесулердің нәтижесі бойынша жады көлемінің шегі анықталмады.
...