Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Грек философиясының

Автор:   •  Декабрь 8, 2022  •  Эссе  •  265 Слов (2 Страниц)  •  450 Просмотры

Страница 1 из 2

Өз шаруаларыңды  өзгемен ақылдасу үшін,алдымен оның өзінің шаруаларымен қалай айналысып жатқанын қара!

Жалпы грек философиясы грек мифалогиясымен тығыз байланысты.Грек философиясының рухани бай мұрасы мазмұнымен басқа ғылымдардан басымырақ.Сократ философиясының басты мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу болса,және оған адам өзін тану мен сынау арқылы жете алады.Сонымен қатар айналысндағы адамды тани алу қасиеті де іске қосылады.Мәселе адамға ізгілік туралы білім беруде болды.Адам оны білмеген кезде адамгершілігінен айырылады.Жаман адам болады.Демек адамға өзіңнің маңызды нәрсеңді тапсыру үшін,оның қандай екенін болжап алған дұрыс дейді.Себебі,адам қандай шаруамен айналысса,жақсылықпен айналысса жақсылығы көп болады,оған өз ісіңді сеніп тапсыра аласың.Ал жаман іспен айналысса,жамандығы басым болады.Ал,ол сенің тапсырған ісіңе жақсы жағымен қарай алмауы мүмкін.Сол сияқты маңызды шаруалармен ақылдасар алдында,сұрағалы тұрған адамыңыз қандай?Сеніміңді ақтай ма?немесе өзіңізде толық білмейсіз бе?Басты назарда ұстау қажет.

Әр адам әлеумет ісіне көмектес болуға міндетті. Ол үшін өнер (профессия) таңдау керек. Әрбір өнер белгілі мінсіз қасиет тілейді. Ондай қасиеті болмаса, қызмет жемісті болмайды. Белгілі бір өнерге арналып, бейім бола туған адамда ондай қасиет анық байқалады. Мысалы, артистік – бойына біткен мінез қасиеті. Біреудің басынан кешірген халін ұға білу, өзін өзгенің орнына қоя білу. Басқалардың кейпіне түсу. Оның үстіне артист болуға өткір сезім, күшті қиял, жаттау қабілеті, ұстамдылық сипаттары да керек.

Ата-бабамыз күнделікті өмірде «Адам деген ардақты ат», «Адам болып туған соң, адам болып өту парыз», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген халық даналығын ұстаным етіп, «Адам» деген ұғымды құнды санап, соған лайықты болып өмір сүрген. Осы тұрғыда ғалым Зейнолла Серікқалиұлы «Адамның жалпы өмірдегі орны, бүкіл тіршілігінің мән-мағынасы, ең алдымен, оның не үшін туып, дүниеде не үшін жер басып жүргендігін, бүкіл болмысын қаншалықты сезіне білгендігіне тікелей байланысты» дейді. Сондықтан адам тек қана адамдығымен мәңгі жасай алады.

...

Скачать:   txt (3.8 Kb)   pdf (53 Kb)   docx (7.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club