Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

XX ғасырдағы экзистенциализм философиясының орны

Автор:   •  Март 23, 2023  •  Статья  •  1,773 Слов (8 Страниц)  •  164 Просмотры

Страница 1 из 8

УДК02.15.51

XXI ҒАСЫРДА ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ОРНЫ

Болатбеков Елдар Серікболұлы

eldar_xo@mail.ru

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 5B020100 - «Философия»мамандығының 4 курс студенті,

Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Ғылыми жетекшісі – Т.С. Жахина

XXI ғасыр – ақпараттық  және инновациялық технологиялар, ғарыш кеңістігін игеру ғасыры, постиндустриалды қоғамның өркендеу кезеңі. Сондай-ақ, ХХ ғасырда екі дүнеижүзілік соғыс пен испандық тұмау салдарынан, трагедия мен алаңдаушылықтың шарықтағаны орын алатын болса,  ХХІ ғасырда ғылыми жаңалықтардың, ақпараттың көптігі, жаҺандану үрдісі, жаңа болмыстың түрі – виртуалды шындықтың пайда болуы адамзат өмірін өзгеріп, адамдардың көбісінде ішкі күйзеліс орын алған, ауыр депрессия, таңдау еркіндігі мәселесі алға шыққан кезең.  Бүгінгі күні ХХ ғасырға сілтеме жасау және оның тәжірибесін қайта қарастыру арқылы философтар, мәдениеттанушылар, психологтар, әлеуметтанушылар және саясаттанушылар қазіргі заманда орын алып жатқан әлемдік мәселелерді шешуге қолданып, оңтайлы шешімдерге келуде.  Неміс классикалық философиясының ірі өкілі Вильгельм Фридрих Гегель тарих пен адамзат екі рет қайталанатынын байқап, бірінші рет трагедия, ал екінші рет фарс түрінде болатынын айтқан. Яғни тарихқа жүгіну тәсілі арқылы адамзат болашақта қателік жасамауы мүмкін, немесе мәселелерді шешуде өткеннің тәжірибесін пайдалану арқылы, оң шешімдер таба алады.  

Фридрих Ницшенің «Заратуштра осылай деді» деген кітабында  «Құдай өлді» деген философиялық идеясынан кейін, қоғамның моральдық өлшемі болған жаратушы енді жоқ, оның орнын толтыратын басқа рухани құндылықтардың жетіспеуінен [1],   ХХ ғасыр азап пен абсурд етек жайған, күйзелістерді күту уақыты, ескі мұраттарды түбегейлі қайта бағалау және жаңаларын қалыптастыру уақыты болды. Дін жалпыға ортақ бағытынан кетіп, адам ештеңесіз, бұл дүниемен жалғыз, бетпе-бет қалды. ХХ ғасырдағы соғыс жылдары адамзатқа өркениеттің ақыры туралы шындықты көрсетті.

Ежелгі дәуірде адамдардың сұрақтарына жауап берген үйлесімді және реттелген тұтас космос, орта ғасырларда орталық күш болған Құдай идеялары жоққа айналды.  Жаңа заман философиясынан ХХ ғасырға дейін өсірілген рационалды және парасатты адам идеясы, қайғылы оқиғаларға әкелді. Холокост, геноцид, газ камералары, Освенцим концлагері сияқты қатыгездіктерден кейін, адамзат адам ақылына үмітсіздікпен қарап, бұрынғыдай рационализм адамзатқа тірек бола алмады. Адамды ұлықтайтын гуманистік идеялар шайқалған кезде, экзистенциалистік философия таңдау еркіндігі, әрбір жеке өмірдің құндылығы және оның бірегейлігіне деген серпіліс сенім береді.

        Экзистенциализм, басқаша тіршілік философиясы – буржуазиялық интеллигенцияның көзқарастарына сай келетін жаңа дүниетаным жасау әрекеті ретінде ХХ ғасырда пайда болып, 40-60 жылдары кеңінен етек алған батыс елдері философиясындағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализм діни (Марсель, Ясперс, Бердяев, Шестов, Бубер) және атеистік (Сартр, Камю, Бовуар) болып екіге бөлінеді. Экзистенциализм пессимистік дүниетаным ретінде пайда болып, өзінің алдына мынадай мәселелерді қойды: либералдық-прогрессивтік үміт елестен айрылған адам тарихи апаттар алдында қалай өмір сүрмек? Тарихта болып жатқан оқиғалардың бәріне адам жауапкершілігі экзистенциализмнің негізгі мәселелерінің бірі [2].

ХХ ғасырда болған, жоғарыда айтылып кеткен жағдайлар экзистенциалды философияның дамуына негіз болды. Ғылыми-техникалық прогрестің арқасында адам бұрын қол жетімді болмаған мүмкіндіктерге жол ашты, дегенмен адам оларды игеруге, өзгерістерді ой елегінен өткізуге, бейімделуге үлгермеді. ХХ ғасырға дейін бірде-бір жүз жылдықта даму соншалықты жылдам үрдісте болған жоқ. Экзистенциализм бағыты ХХ ғасыр адамына қажеттіліктен пайда болып, еркіндікке және жауапкершілікке апаратын нұсқау ретінде қалыптасты.Басты сұрақтар еркіндікті анықтауға бағытталған. Экзистенциализм өкілдері еркіндіктің ақиқаттылығы туралы мәселені көтергенде, адамның табиғи шынайылығы мәселесінен бастау алады.

...

Скачать:   txt (22.4 Kb)   pdf (116.5 Kb)   docx (15 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club