Әлеуметтанулық зерттеулер
Автор: dinn07 • Октябрь 18, 2022 • Реферат • 437 Слов (2 Страниц) • 305 Просмотры
БӨЖ мен БОӨЖ бойынша тапсырма
Әлеуметтанулық зерттеулер
Әлеуметтанудағы социологиялық зерттеу - бұл жүйе логикалық дәйекті әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық, сонымен катар сандық және сапалық әдістер рәсімдерді бағынысты мақсатқа дәл объективті деректер зерттелетін әлеуметтік құбылыс.Зерттеу басталады оны дайындау: ойлауға мақсаттары, бағдарлама, жоспар, анықтау құралдарын, мерзімдерін, тәсілдерін, өңдеу және т. 6.
Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжірибеден алынған мағлұматтарды талдаумен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер дегеніміз зерттеліп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы. Нақтылы социологиялық зерттеулердің мақсаты:
- қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сипатын білуге жағдай жасайды;
- әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
- экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі;
- қоғамдық прогресс жолдарын анықтауға жағдай жасайды.
Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағы методологиялық тұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтік құбылыстарды немесе процестерді зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады.
Әлеуметтік ортаны зерттеудің екі әдісі бар, ол сапалық және сандық.
Сандық зерттеу- нақты цифрлар мен статистикалық деректер қажет болған жағдайда жүргізілетін зерттеу. Сандық зерттеулер әдісінің негізінде нақты математикалық және статистикалық моделдер жатыр, нәтижесінде зерттелетін көрсеткіштердің нақты сандық мәндеріне ие боламыз. Сандық зерттеулер тұтынушыға «Қанша?» деген сұраққа жауап береді және зерттелген нысанның көлемін оның танымалдылығын, таралауын зерттейді. Әлеуметтанулық ақпаратты жинаудың сандық әдістеріне, ең алдымен: анкета, фокус-топ, экзитполл, социометрия кіреді.
...