Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кеңес идеологиясының сүзгісінен өткен қазақ рухы

Автор:   •  Ноябрь 24, 2020  •  Эссе  •  1,261 Слов (6 Страниц)  •  651 Просмотры

Страница 1 из 6

[pic 1]

 

        ЭССЕ

«Кеңес идеологиясының сүзгісінен өткен қазақ рухы»

Орындаған: Есенжанова Аружан Мұратқызы

              Тексерген: Болтаева Сая Жанатқызы

Алматы, 2019

Ұлттық рух – халықтың тынысы, өзіндік мінезі мен дүниетанымы. Ұлттық рухтың маңыздылығы халықтың өмір сүру дағдысын, салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтап, оны сырттан төнген қауіптен қорғаумен сипатталады. Рух халықтың бойына алып сенім ұялатып, қиындыққа табандылықпен төтеп беруге септігін тигізеді. Осы ұлы құндылықтың көмегімен көптеген ұлт өкілдері жиналып, жұрт болып, ауызбіршілік пен бірлікті ұстанып, қоғамдағы орны мен мүддесін қорғап қалды. Бұдан халықты алдыға итермелейтін рухты көтеру мәселесінің өзектілігі байқалады. Ұлт мүддесі мен тағдыры үшін алаңдап, толқитын азаматтардың арқасында ғана іргетасы биік, тұғырлы ел құрылады. Демек, бойында ұлтына деген сүйіспеншілік пен жанашырлық қасиеттері дарыған ертеңгі ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі. Өкінішке орай, бүгінгі таңдағы ұлттық рухтың бейнесі көңіл толтырмайды. Жаһандану дәуірінде адамдардың бағалайтын құндылықтары өзгергендіктен, әркім өз жеке басын ойлаумен ғана әрекет етіп, күн көреді. Сондықтан, атадан балаға берілген басты құндылық – рух жайлы ұстанымдар мүлдем ұмытылып, қарапайым халық пен елдің жағдайы жеке тұлғалаларды қызықтырмай кеткендей көрінеді. Тарих сахнасын қайта жандандырып, елдің басынан өткен оқиғаларды еске алған кезде, рухтың әлсіреуіне үлкен әсерін тигізген тарихи кезең  ерекше байқалады. Бұл Кеңес үкіметінің қазақ халқына үстемдік етіп, билік жүргізген кезеңі болып табылады. Сонымен,  бұрынғыдай рухтың болмауы заманның өзгеруіне байланысты ма, әлде кеңестер билігі тұсында орын алған қатаң, әрі әділетсіз саясаттың салдарына байланысты ма?

Сонау орта ғасырдан бастап, Кеңес Одағы құрылғанға дейінгі тарихымызға көз жүгірткен кезде, ата-бабамыздың таусылмас қайраты мен қайтпас табандылығы таң қалдырады! Елді аса алғырлықпен басқарған ұлы хандар, жоңғар шапқыншылығы кезінде халықтың сүйіспеншілігіне бөленген Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай секілді батырлар, Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық көтерілісте көзге түскен Иман, Жанқожа, Есет секілді тұлғалардың ерлігінен ерекше рух сезіледі. Ұлы батырлар өз жерінің  қорғаушысы ғана емес, сонымен қатар халқының арқа сүйер жанашыры мен керек уақытта рух ұялатушы көзі болған. Басқаларға қор болмау үшін, ешкімнен еш уақытта қорықпай, өзінің дегенінен берілмеген ерлердің асқақ рухы Кеңес одағының саясаты нәтижесінде әлсіреді. Кеңестік тоталитарлық қоғам ұлт мүддесін аяққа басу, ұлт рухын әлсірету мақсатында қатаң саясатты ойлап тауып, «кеңес халқын» қалыптастыру ісімен қарқынды түрде айналыса бастады. Кеңестік социалистік республикалар одағы құрылған кезден бастап, бүкіл халықтың бағынуға мәжбүр болған «идеологиясы» да қалыптасты.  Бұл «идеологияның» төңірегінде ұлт мүддесін әрдайым қорғай білген ұлт зиялылары ой еркіндігі, сөз еркіндігінен айырылып, толықтай тілсіз құралға айналды. Кеңес билігі әсіресе Мұстафа Шоқайға қатаң саясат ұстанды. Мұстафа Шоқай – қазақтың ғана емес, бүкіл түркі халқының бостандығы үшін барынша күрескен жан. Халықтың ауыр жағдайына намыстанып, әділетсіздікке әбден тойған Мұстафа, мақсатын іске асыру жолында шет елге көшіп, талмай еңбектенді. «Түркістанның қилы тағдыры» атты еңбегінде билікті әшкерелеп, халықтың ауыр халін баяндап жазды [1]. Алайда, қатыгез билік өкілдері бұл тұлғаның әрбір әрекетін қаралап, халықтың алдында нағыз жауға айналдырып, «кертартпа-төңкерісшіл» деп айыптады. Шын мәнінде, бұл кісінің атқарған қызметі тәуелсіздік алғаннан кейін ғана мәлім болды. Тұлғаның тауқыметке толы жолы ұлт санасында ерекше орын алады. Осындай жұртының сөзін сөйлеп, әділетсіздікпен күресу жолында ерен еңбек еткен тұлғалар «халық жауы» ретінде танылып, аяусыздықпен ату жазасына кесілді.

...

Скачать:   txt (17.6 Kb)   pdf (123.8 Kb)   docx (206.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club