Инклюзивті қоғам
Автор: gulzadok2001 • Ноябрь 3, 2020 • Эссе • 799 Слов (4 Страниц) • 1,013 Просмотры
ЭССЕ
Инклюзивті қоғам- жалпы қоғамның ажырамас бөлшегі.
"Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көңіл аудару ел үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Бұл шын мәнінде инклюзивті қоғам құрудың қажетті шарты. Біз әрбір адамға, өзінің әлеуетін толық іске асыруға, қоғамға пайда келтіруге және оның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік беруге міндеттіміз»
Дэвид Бланкет
Әлеуметтік топтарды бір жерге шоғырландыру үшін инклюзиялық қоғамды дамыту - маңыздылығын жоғалтпай отырған өзекті тақырыптың бірі.Біздің мемлекетіміз бұл мәселені шешу төңірегінде өкінішке орай артта қалып келе жатқаны бәрімізге мәлім.Мен инклюзив дегенді қоғам жалпыхалықтық комфорт деп қабылдауы керек деп ойлаймын. Яғни, бір-біріне деген құрметін көрсетіп комфортта өмір сүре білсе, онда бірқатар мәселелер азаяр еді.Қазіргі таңда қоғам мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әртүрлі көзқараспен қарайды. Оларға деген жасалатын жағдайлардың деңгейінің төмендігі, үнемі назардан тыс қалып,қоғамнан шеттетілуі, адамдардың оларға менсінбеушілік қасиетін көрсетуі, мұның барлығы олардың қоғамға өздерін керексіз сезінуіне алып келуі мүмкін.Сондықтан,қоғам ең алдымен өзін тәрбиелеп алып, сол адамдарды қабылдай білуі керек.
Мысалы, мүгедек адамды бағу белгілі бір спортшыны үлкен жарыстарға дайындағанмен бірдей. Күнделікті жаттығу, массаж, басқа да ем-домды қажет етіп отырады. Түбінде олардың да қатарға қосылуы мүмкін. Сол үшін қоғам адамдардан алшақтамай керісінше қатарына шақырып,көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
Ең басты мәселеге келер болсақ, бұл инклюзивті білім беруді дамыту. Менің ойымша, әр адам, физикалық, психикалық немесе интеллектуалдық ерекшеліктеріне қарамастан, білім алуға құқылы және онымен келіспеске болмайды. "Инклюзивті білім беру"дегеніміз не? Инклюзия-бұл интеллектуалдық деңгейі мен физикалық жағдайына, әлеуметтік, ұлттық және діни тиесілігіне қарамастан, түрлі бастапқы мүмкіндіктері бар балаларды білім беруге белсенді түрде қосу. Білім беру мен тәрбиелеудің инклюзивті формасының басты ерекшелігі – барлық балалардың жеке білім алу қажеттіліктерін ескеру.
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады.Балалардың сапалы білім алуға тең құқық алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген.
Инклюзивті білім беру-бұл ең алдымен біздің қоғамның проблемасы. Қандай да бір физикалық ауытқулары бар балаларды басқалардан бөліп жармауымыз керек. Көбінесе үлкендердің өздері дұрыс шешім қабылдай бермейді. Мұғалім кез – келген физикалық ауытқулары бар балаларды қоғамға енгізу міндетін алғаннан кейін олардың кемшіліктеріне қарамастан, ата-аналармен де бірлесіп жұмыс жүргізуі керек. Арнаулы психологияның негізін салушы ғалым Л.С. Выготскийдің зерттеулері бойынша, «Дені сау бала мен мүмкіндігі шектеулі балалар бірдей заңдылықпен дамиды. Демек олардың даму факторы бірдей. Ақыл-ой жағынан артта қалған бала дені сау бала өтетін даму деңгейінен өтіп жетіледі, бірақ баяу және өзінің жеке ерекшеліктері деңгейінде». Дені сау балалар мен мүгедек балаларды оқыту өте қиын процесс екенін ешкім жоққа шығармайды, бірақ оны арнайы бағдарламалар құрып, тәрбиешілерді осындай жұмысқа қосымша дайындаған жөн. Менің ойымша, осы бағдарлама егжей – тегжейлі әзірленіп, сынақтан өткеннен кейін ғана бірлесуге болады, тек осы жағдайда ғана дені сау балалар мен мүгедек балалар барлық балалармен бірге бағдарламаны игереді.
...