Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адам – өз өмірінің иесі

Автор:   •  Октябрь 8, 2020  •  Эссе  •  1,020 Слов (5 Страниц)  •  1,938 Просмотры

Страница 1 из 5

ПӘН

«АДАМ ЖӘНЕ ӘЛЕМ»

Такырыбы:

 «Адам – өз өмірінің иесі»

Адам баласы осы дүниеде бақытты жан болу үшін барлық мүмкіндіктері бар екенін ұмытпау керек. Өз өміріміздің иесі бола отырып, Жаратушының бізге берген санасына, тәжірибесіне, шеберлігіне сүйене отырып өз қалауымызды орындаймыз және өмірімізді өзгертуге тырысамыз. Бұл дегеніміз өз өмірімізді жасау мен қалаған бағытта өзгерте алу қасиеттерге иеміз деген сөз. Кейде адам баласы бақытты болуына шыдамсыздық танытып өз-өзіне кедергі жасап, жақсы оқиғалардың болуына шектеу кояды. Егер адам жүрегінде сенім мен махаббат өмір сүрсе, өз тағдырын дұрыс және ұтымды жасай отырып,  қоршаған ортаға қуаныш пен махаббат энергиясын таратса,  әлемнің барлық күштері оның бақытты болу ниетін қабылдап, қалағанын береді. Адам баласы өзінің арманы мен тілегін орындай алатын сиқыршы десекте қателеспейміз. Біздің барлығымызға Жаратушы санамыздың көмегімен ғажайыптар жасауға, өз өміріміздің режиссері болуға ерекше мүмкіндіктер берген.  Бірақ, көптеген адамдар мықты болудан, өз өмірінің қожайыны болу мүмкіндігінен бас тартып, өз өмірін басқа біреудің мойнына іле салудан дәлірек айтсақ жауапкершіліктен қашады. Алайда, біз білетіндей адам баласы үшін көп нәрсе мүмкін және әрқайсымызды Жаратушы қорғап, қоштап жүретінін ұмытпағанымыз жөн.

Психологияда өмірдің жаңа сценариясын құруда көптеген әдістер бар. Адам баласы өзі қалаған сценариясын жазып, оған сену арқылы, іс жүзінде оны іске қосады. Сол арқылы сіздің сценариіңіз іске асып, қалағаныңызды ала бастайсыз. Біз бәріміз бұл тәжірибені өмірде үнемі қолданамыз, бірақ саналы түрде емес. Өміріміздегі  барлық ойларымыз жүзеге асырылады, сондықтан жаман ойлаудан аулақ болуымыз керек.  Ойымызбен сөздеріміз қандай эмоция кештіріп жатқанын кадағалағанымыз дұрыс. Өйткені осы сезімдер қазіргі болып жатқан жағдайларға алып келеді.  Әрбір күн, минут, секунд сайын әр адам өз сценарийіндегі, өмірінде болып жатқан оқиғаларға қатысады. Мысалға алатын болсақ әлемге танымал Ник Вуйчич – кәсіби мотивациялық оратор, сирек кездесетін синдром Тетра-Амелия деп аталатын ауру түрімен туған. Яғни, екі қолы мен аяғы жоқ. Бірақ Ники Вуйчич физикалық тұрғыдан кемістіктеріне қарамастан, серфингпен айналысуға, скейтборд тебуге құмар және бос уақытында гольф ойнағанды ұнатады.  Ал ең бастысы ол қазіргі кезде «Шексіз өмір», «Мықты бол» және т.б мотивациалық кітаптардың авторы және әйгілі ораторлардың бірі[1]. Әрине, Ник Вуйчич осындай қазіргі дәрежеге оңайлықпен жете қойған жоқ. Оны өмір сүруге деген шексіз құштарлығы мен махаббаты жетеледі. Дұрыс құрылған оймен, еңбекқорлықтың арқасы. Армандарының орындалуына өмірдің талай сынақтарына төзіп, мойымай, алдыға қарай ұмтылысы арқылы осындай жетістіктерге жетті. Осы әлемде өз орнын тауып қана қоймай, қоршаған ортасына таусылмас позитивті қуатымен бөлейді.  Өмір сүруден түңілген адамдарға үлгі болып жетелеп келеді.  Әрбір адам өзі қалаған өмірін кұруға әлі жеткілікті. Алайда, өмірде барлығы адамға байланысты бола бермейді, ол қалап тұрса да оның орындалмауына әсер ететін форсмажорларда болып тұрады. Демек, адам қоғамда болып жатқан жағдайларға да тікелей байланысты. Тіптен кейбір сәттерге позитивті көз қараспен қарасанда, аяқ астыннан көңілінен шықпайтын жайыптар бастарынан кештіруі әбден мүмкін. «Өмірдің басты қағидасында: Бір нарсені өзгерте алмайтыныңызға уайымдаудың қажеті жоқ, дәл сол сәтті оңайлықпен қабылдаңыз. Өйткені біз ауа-райын өзгертуге тырыспаймыз, тек ауа-райына байланысты киінеміз»[2].  Әрбір қиындық болсын немесе аяқ астынан күтпеген жағдай адамды мақсатына деген ынтаны күшейте түседі. Мақсатқа барар жолда қиындықсыз жету мүмкін емес. Кім болмасын атақты немесе қарапайым адам болса да өзіндік өмірдегі қиын сәттері болатыны анық. Тибеттіктердің діни басшысы Далай-лама айтқандай: «Қалаған нәрсені алмау – бұл да кейде сәттілік»[3]. Дәлірек айтсақ бұл сәтсіздік сені алдыға қарай жетелейді. Тағы да бір мысал келтірейін, қазіргі кездегі өте танымал Уолт Дисней компаниясын  балалар мен ересектер жақсы біледі. Бірақ, Уолт Дисней үшін табыс пен даңққа жету жолы өте қиын болды. Алдымен Микки Маус мультфильм жасау идеясынан MGM студиясы  қолдау көрсетуден бас тартты. Бұл студияның қызметкерлері айтқандай: экрандағы тышқан әйел аудиториясына ұнамаса, ал "үш торай" өте қарапайым және тек төрт кейіпкерді қамтыған еді[4]. Бұл мультфильм көпшілік көрермендердің көңілінен орын таппай, қызықсыз болады деп MGM компаниясы қолдамады оларды. Бірақ, Уолт Дисней жұмыс істеуін тоқтатпай, керісінше өз компаниясын ашып, бастапқы қойған идеясын жарыққа алып келді. Соның арқасында олар бүгінгі күнде әлемдік деңгейдегі сапалы мультфильмдер жасау бойынша жетекші продакшн студияға айналып, ғажайып ертегілеріменен көрермендерін қуантуда.

...

Скачать:   txt (14.3 Kb)   pdf (104 Kb)   docx (12.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club