Рамазан – «мүмкіндік» айы
Автор: Bagdagul2013 • Апрель 14, 2019 • Статья • 359 Слов (2 Страниц) • 524 Просмотры
الرَّحِيمِ الرَّحْمَنِ اللَّهِ بِسْمِ
Рамазан – «мүмкіндік» айы
Найзағайдың жарқылындай өте шығар бұл ғұмыр – жаратылғандардың тағдыры. Ол ғұмырда пенде онсыз өмір сүре алмайтын махаббат бар. Және ол сан түрлі. Аллаға деген махаббат. Адамға деген махаббат. Дүниеге деген махаббат. Ал, тағдыр мен махаббат қос ұғым. Пенде ізгіліктен жаратылған жүрегіндегі терең сезімді неге арнаса, оның тағдыры да сол биікпен өлшенбек.
Дегенмен, мұсылманның биігі анық – Аллаға деген махаббаты. Алла разылығы үшін парасат майданындағы күресі емес пе?! Бұ дүниенің жәннаты емес, о дүниенің жәннаты ғой! Осыны біліп тұрып, бізге де неге жәннаттың есігін қағып көрмеске?! Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтады: «Ораза ұстағаның – жәннаттың есігін қаққаның» - деп.
Әбу Хұрайраның (р.а.) риуаят етуінше, Алла елшісі (с.ғ.с) былай деген:
«Рамазан айы келгенде, жаннаттың қақпалары айқара ашылып, тозақтың қақпалары жабылады, шайтандар кісенделеді»
(Бұхари, Саум 5; Мүслим, Сиям 1. )
«Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі».
(Бұхари, Саум 6; Мүслим, Сиям 203.)
Рамазан – мүмкіндік айы. Ерекше мейірімді, рахымды Әлемдердің Раббысы Алла Тағала әрбір пендеге өзі таңдаған биіктікке ұмтыла алатындай нығмет берді. Нығметіміз – әрбір күнгі мүмкіндігіміз. «Шың» ғып көргеніміз «шыңырау» боп шықпас үшін, Алланың әмірімен берілген мүмкіндігімізді нұрлы ақылымызбен пайдаланғанымыз абзал.
Ендеше, Аллах Тағала құпия сақтап берген денедегі «гауһарымызды» ізгі махаббатпен тазартуға, Алланың разылығына бөлену үшін өзімізді өзгертуге арналған мүбарак ай – Рамазан бар! Пайдасыз сөзден, уақытты босқа өткізуден, зиянды нәрселерден тиылып жетпіс есе сауапқа кенелер ай бұл!
...