Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлттық ойындардың бала психологиясына әсері

Автор:   •  Декабрь 8, 2023  •  Реферат  •  4,663 Слов (19 Страниц)  •  127 Просмотры

Страница 1 из 19

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Ұлттық ойындардың бала психологиясына әсері»

 

 

 

 

Орындаған: Сейлбек Мөлдір Ержанқызы

Қабылдаған: Букешова Салтанат Сырлыбековна

 

 

 

 

 

ЖОСПАРЫ:

 I.КІРІСПЕ

І. БАЛА ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ОЙЫННЫҢ ӘСЕР ЕТУІ

II. Негізгі бөлім

2.1 Баланың психикалық дамуындағы ойынның рөлі

2.2 Ойынның бала дамуындағы қызметі

1.3 Баланың логикалық ойлауының дамуындағы ойынның

III.ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 Кіріспе

Психологиялық білім адам әрекет ететін аймақтарда, әсіресе адамның мінез-құлқына қатысты мәселелер бар жерлерде кең қолданылады. Баланың тілін дамытып, қалыптастыруда ойынның маңызы зор. Ойын технологиясы арқылы баланың тілін дамыту жеңіл болмақ. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, ұлттық жане шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар арқылы баланың дұрыс және ұғынықты сөйлей білуін, сондай - ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын турлерін және өзара сөйлесу үлгілерін колданған дұрыс. 

Баланың психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болуы, бала өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығаруы, мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Ойын коғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс - әрекеттін бір түрі, яғни тәртіпті, өзін өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесінде кең тараған дамыту ойынның қызметі; ойынға тарту, рахаттану, демалдыру, кызығушылығын тудыру. Кіші сынып окушылары эмоционалдық қатынасының ойын терапиясына тәуелділігін анықтау және балаларда жағымды психикалық күйді қалыптастыруда ойынды психокоррекциялық әдіс ретінде тиімді қолдану.

Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір денгейін талап етеді. Егер баланың ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын тусінуге қабілеті жетпесе, онда ол кұрдастарына масыл болады. Кұрдастарымен түсінісу қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.Бала үшін іс-әрекетінің кашан да коғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару-оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Баланың сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психикалық дамуы, осыған қатысты оқыту тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар, зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық. Осы күндері балалардың ойын әрекеті біршама зерттелінген. Ойынды психикалық дамудың әр жағдайларында коррекциялык бағытта, қолдану мәселелерінің теориялық жане әдістемелік негіздері Фрейд А., Роджерс К., Леви Д., Тафт Д. және т.б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады. Ойын әрекеттерін оқыту үрдісіне қолданудын тиімділігі,

...

Скачать:   txt (66.7 Kb)   pdf (128.8 Kb)   docx (26.2 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club