Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Студенттерде емтихан алдындаfы кyйзелiстi басудын тәсiлдерi

Автор:   •  Ноябрь 22, 2018  •  Статья  •  605 Слов (3 Страниц)  •  622 Просмотры

Страница 1 из 3

СТУДЕНТТЕРДЕ ЕМТИХАН АЛДЫНДАҒЫ КҮЙЗЕЛІСТІ БАСУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ

Жетекшісі: педагог – психолог, магистрант Амиренова Эльмира

«Өскемен медициналық колледжі» КМҚК, Өскемен қаласы, 890524@mail.ru

«Күйзеліс» сөзі ағылшын тілінен аударғанда әрекет, қысылу, сыртқы орта әсері дегенді білдіреді. Күйзелісті зерттеуші ғалымдар ең алғашында дүние жүзіне танымал канадалық философ Г.Сельенің  (1907 -1982) еңбегіне байланысты пайда бола бастады. Ол күйзелісті жан – жақты зерттеп көрсетті. Күйзеліс дегеніміз – адам организмінің сыртқы орта факторларына қарсы тұра білуі. Қазіргі  өмірдегі жағдайлар адамға көптеген психологиялық ауыртпашылықтар алып келеді. Күйзелісті зерттеу маңызды мәселелердің бірі, адамды жағымсыз факторлардан қорғау болып табылады. [1,59-65 б.]

        Адамның қоғамдық өмірі үнемі оның өз әлеуметтік жағдайын, материалдық тұрғыдан амандығын, өзін – өзі жақсы сезіне білуін, зияткерлік деңгейін көрсетуді, дәлелдеуді қажет ететін «емтихан» жағдайына әкеледі. Негізінде, емтихандық күйзеліс белгілерін біз оқушылардан бақылау жұмыс жазу алдында, ал студенттерден сынақ мерзімін тапсыру кезінде, жүргізушілерден жүргізу құқығы куәлігін алу үшін тапсырып отырған алғашқы сынақ кезінде, хирург мамандардан алғашқы жаңа ота жасауда, жұмыссыздан жұмыс  берушімен әңгімелесуге келген кезінен байқаймыз. «Емтихандық күйзелістің» классикалық мысалы ретінде кез келген жоғары және орта оқу орнындағы сынақ мерзімін алуға болады. Ұйқысыз түндер, мазасыз ойлар, тәбеттің жоғалуы, жүрек қағысының өзгерісі мен діріл – міне, осының барлығы емтизан алдындағы қорқыныштың пайда болуын білдіреді. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, студенттер емтиханды «сұрақтар мен жауаптардың жекпе – жегі», «шексіз азап», «зияткерліік және эмоциоаналдық артық жүк» ретінде қабылдайды. Емтиханның маңыздылығы оның нәтижесінің адамның әлеуметтік мәртебесіне тигізер әсеріне, оның өзін – өзі бағалауына, материалдық жағдайына, оқу орнында бұдан әрі қарай оқу келешегіне және болашақ кәсіби маман ретінде өсу деңгейіне қызығушылықтан туындайды. Емтиханды күту ұзақтығы, билет таңдаудың анықталмау элементі (жолым бола ма – болмай ма?) және дайындалу уақытының қатаң шектеулі эмоционалды қарбаластықты арттырады. Емтиханнан қорқатын студенттер емтихан алдындағы үрей себебін  өз қорқыныштарының жауапкершілігін өздерінен көрмейтіндей ішкі факторлардан іздегенді жөн көргендіктері қызық. «Емтихан алдында сізді бәрінен бұрын не алаңдатады  және оның сәтті тапсыруғ неге күдіктенесіз?» деген сұраққа жауап берушілердің жақсы баға алуда қиналатындардың 49 пайызы «күрделі билет тап келгендігін» атаса, 10 пайызы емтихан қарым – қатынастың нашарлығын, 20 пайызы «өздеріне сенімсіз» екендіктерін аттап өтті. Сол себепті сессия барысында студенттерде педагог – психологтар психологиялық қолдау көрсетіп, емтихан алдындағы мазасыздықтарын төмендетіп тренингтік жаттығулар өткізу қажет.

...

Скачать:   txt (8.3 Kb)   pdf (84.1 Kb)   docx (13 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club