Бухгалтерлік есептің әдістері. Бағалау әдісі
Автор: DANOKA • Март 18, 2020 • Эссе • 442 Слов (2 Страниц) • 964 Просмотры
СӨЖ тапсырмасы:
Бухгалтерлік есептің әдістері. Бағалау әдісі.
Өндірістік кәсіпорындар бухгалтерлік есепті қолданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда бухгалтерлік есептің көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау мен бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым және тұтынуға қызмет етеді.
Сонымен, бухгалтерлік есептің пәні болып жалпы түрде шаруашылық субъектісінің шаруашылық қызметі табылады.
Кәсіпорын иелігіндегі шаруашылық құралдары, олардың құрылу көздері және шаруашылық процестері бухгалтерлік есептің объектілері болып табылады.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдарына ғимарат, машиналар мен құрылғалар, тара, отын, мал, инструменттер, шикізат, материалдар, құрылыс материалдары жатады.
Шаруашылық құралдарының құрылу көздеріне жарғылық қор, пайда, резервтік қор, банктің несиелері және басқадай қарыз қаражаттары жатады.
Шаруашылық процестеріне өндірістік қорларды дайындау, өнім өндіру және сату (өткізу) жатады.
Шаруашылық құралдардың (мүліктердің), олардың пайда болу көздерінің және шаруашылық процестердің есебі олардың үзіліссіз және өзара байланысқан көрінісі мен экономикалық жалпылығын қамтамасыз ететін әр түрлі тәсілдер мен әдістердің жиынтығы бухгалтерлік есеп әдістері деп аталады.
Әрбір жеке әдіс немесе тәсіл бухгалтерлік есеп әдісінің элементі деп аталады. Ондай элементтерге мыналар жатады:
- Құжаттандыру
- Түгендеу
- Бухгалтерлік баланс
- Бағалау
- Калькуляция
- Бухгалтерлік шоттар
- Екіжақты жазу
- Есеп беру
Құжаттандыру – шаруашылық әрекеттерді құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте және сол жерде алғашқы рет тіркеу және бейнелеу.
Құжат бухгалтерлік жазбалар үшін міндетті негіз болып табылады. Әрбір шаруашылық әрекетіне ол жасалған сәтте құжат жасалады, онда құжаттың атауы, әрекеттің мазмұны, оның жасалған күні, өлшем бірлігі, әрекетк жауапты адамдардың қойған қолдары көрсетіледі. Дұрыс толтырылған құжаттар бухгалтерлік жазулардың заң кұшін қамтамасыз етеді.
Түгендеу – шаруашылық құралдардыңнақты қолда барын анықтау және алынған мәліметтерді бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру. Бұл шаруашылық субъектісі мүлкінің сақтығына бақылау жасау тәсілі болып саналады және бухгалтерлік есеп деректерінің растығын қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі.
...