Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отбасы татулығы

Автор:   •  Сентябрь 22, 2022  •  Лекция  •  8,424 Слов (34 Страниц)  •  254 Просмотры

Страница 1 из 34

Өзін-өзі тану сабақ  жоспары

 Күні  21. 01.2020 ж         

Тақырып: Отбасы татулығы

Құндылық:Сүіспеншілік

Қасиеттер:   Жақсы көру,сыйлау,құрметтеу, қызмет ету

Сынып  5 «а,ә»б,в»

Мұғалім Утепова Молдир

Сабақтың мақсаты:

   Отбасы ынтымағы, бірлігі, оның отбасындағы жақсы қасиет- терден екендігін түсіндіру.  

Міндеттері:

Білімділік:  -  басқалар туралы жамандық ойламау отбасы берекесін кіргізетінін түсіндіріп, үйрету;

Дамытушылық:  - отбасы үлкендерін құрметтеу, ардақтау өз-өзіне сенімді  сезімдерін дамыту,

Тәрбиелік:  - отбасында әділетті болуға  тәрбиелеу.

Ресурстар: дәйексөз,

стикер қағазы

Сабақтың барысы:  

  1. Ұйымдастыру  кезеңі.

Балалармен амандасу,көңіл күйлерін сұрау

Құралдарын түгендеу            

(5 «Т»  -ны сақтау)   Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талапсақтауға шақыру.

Жағымды  көңіл-күйге ену.        

Тыныштық сәтті: «Нұрға бөлену»

  Ыңғайланып отырыңыздар ,денелеріңізді түзу ұстаңыздар .Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар .Қолыңызды тізеңізге немесе үстел үстіне қоюуға болады .Көзіңізді жұмуыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз .Күн нұры сіздің төбеңізден  өтіп  кеудеңізге қарай бойлап  барады .Кеудеңіздің орта тұсында  гүл түйнегі орналасқан .Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің  әр ойыңызды,әр сезіміңізді ,эмоциянызбен  бен тілек қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі  сіздің бойыңызға  ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде .Оймен осы нұрды  қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп ,сәуле шашуда .Қолымыз тек жақсы ,ізгі  істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады .Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда .Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұрмен махаббат құралына айналды .

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға ,тіліңізге тарады .Тіліңіз тек шындықты және жақсы ,ізгі сөздер ғана айтады .Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз ,құлақтарыңыз тек жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздеріңізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп ,басыңызға тек ізгі , сәулелі ой келеді .

  Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып , жан-жағыңызға сәуле шашады .Осы нұрды туысқандарыңызға,  балаларыңызға ,мұғалімдерге, достарыңызға ,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей ,реніжісіп жүрген адамдарғада бағыттаңыз,олардыңда жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға ,жан-жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын ...Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне  нұрды бағытаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын».

  Осындай нұр , махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз .Нұрға толы  бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде .Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаимен көзіңізді ашуға болады

Рахмет

        Үй тапсырмасын сұрау.  

 «Қарындаштың бес сапасы» оқып келу

  1. Адам өмірінде басты мақсат қандай ?
  2. Адам өз бойындағы қасиеттерін ашуға неге ұмылады?
  3. Адам ішкі жан дүниесін сақтау үшін  қандай әрекеттер жасау керек?
  4. Өзің жақсылыққа қалайша ұмтылып жүрсің?

Хрусталь-ный грусть

Дәйексөз

Ана алдында құрмет

Ата алдында қызмет

                                             Халық нақылы

Әңгімелеу

  «Әжесін қайсысы жақсы көреді»

1)Дәрігер Болаттың іс –әрекетіне неліктен риза болды?

2)Болатың әжесіне деген сүйіспеншілігі қандай әрекеттер арқылы  көрінеді?

3) Отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады?

4) Отбасындағы татулықты қалай сақтауға болады?

Шығармашылық жұмыс

  1. Тапсырма: 73 бет Тірек сөздерді пайдалана отырып , «Менің отбасым» тақырыбына әңгіме құрастыр?
  2. Тапсырма:  74 бет Мақал мәтелдерді жалғастырып жазыңдар?
  3. Тапсырма: 76 бет Тірек сөздерді пайдалана отырып ,кішкентайларға хат жазыңдар?

Топпен ән айту  «Ана туралы жыр»

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арнаған.
 Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
 
Өтеуге борышым, анашым, жан сырым,
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай-күнін, қолыма түспеді.
 Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
 
Ете гөр қанағат, әзірге берерім,
Балалық махаббат, балалық жүрегім.
Бол риза анашым, қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.
 Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

Үйге тапсырма

«Ағаның хаты» 74 бет оқу мазмұндау

Сабақтың қорытынды сәті.  

     Бүгінгі сабақтан алған игі  қасиеттерімізді  жүрегімізге  қондырып, барлығымыз  бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде

...

Скачать:   txt (101.6 Kb)   pdf (353.8 Kb)   docx (764.6 Kb)  
Продолжить читать еще 33 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club