Мамандықтар әлемі
Автор: aitova79 • Февраль 9, 2023 • Творческая работа • 1,998 Слов (8 Страниц) • 216 Просмотры
«Мамандықтар әлемі»
(жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру бойынша ойын-сабақ)
Тақырыбы: «Мамандықтар әлемі»
Мақсаты: Жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарға деген ынта – ықыластарын анықтау. Кәсіптік бағдар беру.Білім алушыларды қоғамдағы еңбектің , мамандықтардың әр түрлерімен таныстыра отырып, олардың өсу деңгейі және қоғамдағы қажеттілік орны мен сұранысы жайлы білімді меңгерту, мамандық әлемінен ақпарат алу.
Сабақтың жүрісі:
І Кіріспе бөлім.
Жүргізуші: Саламатсыздар ма құрметті білім алушылар! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мамандықтар әлемі». Мамандық таңдау – бұл махаббат секілді мәңгілік тақырып. Және әрбір адам үшін, кәсіби таңдау жасаудың маңыздылығы, өмірлік серік таңдаудан кем түспейді. Белгілі бір жағдайға байланысты, қатесіз таңдау жасауға мүмкіндік беретін, дайын бағдарлама бір кездері құрылуы екіталай, ондай бағдарламаның болмағаны да жақсы, себебі басқа адамның ықпалымен, берген кеңесімен, мейлі жақсы ниетпен айтылса да, яғни өз қалауыңсыз қабылданған шешім, көңіліңізді тоқ етпейді. Сіздер 9 сыныпта оқисыздар, көп ұзамай негізгі мектепті бітіресіздер, көпшілігіңізде «Мен бұдан әрі не істеуім керек?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Іскерлік – ойын түрінде өтетін сабағымыздың мақсаты – сіздерге дұрыс таңдау жасауға көмектесу.
Сабақ барысында сіз мыналарды жасай аласыз:
- Мамандық таңдау ережелері туралы ақпарат алуға;
- Мамандықтар туралы білімдеріңізді көрсету және кеңейту;
- Кәсіби жағдайларды шешу кезінде өзіңізді көрсету.
Ойын-сабағымызды топқа бөлінуден бастайық. Оқушылар өзіне ұнаған геометриялық фигураны кез – келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсымыз өзімізді танып көрелік.
Таңдалған топтарға байланысты бөлінеміз. Тобыңыздың атауын өздеріңіз қоясыздар.
- І топ «................» шеңберді таңдағандар
- ІІ топ «................» төртбұрышты таңдағандар
- ІІІ топ «................» үшбұрышты таңдағандар
- ІҮ топ «..................» Иректі таңдағандар.
- Ү топ «...................» Квадратты таңдағандар
Сіздерге «Мамандықтың бәрі жақсы» деп аталатын ойынды ұсынамын.
«Мамандықтың бәрі жақсы» ойыны
Мақсаты: топты топтастыру.
Жүргізуші: Қазір қоржыннан мамандықтар жазылған карточкалар аласыздар. Сол мамандық туралы ақпаратпен бөлісесіздер.
Дәрігер, стаматолог ,заңгер, мұғалім, мал дәрігері (Ветеринар), ІТ маманы, полиция қызметкері, сатылым менеджері, Web – дизайнер, аудитор, бренд – менеджер, логистик, маркетолог, мерчендайзер, бухгалтер, медбике, Фельдшер, дегустатор, технолог, слесарь, мальяр, архитектор, инженер, раклист, дәнекерлеуші (сварщик) , кинолог, титестер, постижер т.б.
Енді сіздер осы мамандықтардың жетістіктері мен кемшін тұстарын таныстырасыздар. Дайындыққа 3 минут, таныстыруға 2 минут беріледі. (Қатысушылар өздерінің тапсырмаларын қағаз парақтарына немесе ауызша түрде бейнелейді, содан кейін оларды ұсынады). Әр топ басқа топтың жұмысына сараптамалық баға беруі керек.
-Жарайсыңдар! Барлығы жақсы жұмыс жасады, өз мамандықтарын сауатты түрде көрсетті.
Мотивациялық әңгімелесу.
Жүргізуші: Сіздер болашақ мамандығыңызды таңдау туралы шешім қабылдау қажет болатын кезеңге аяқ бастыңыз. Қазіргі уақытта әлем бойынша 50 мыңнан астам мамандықтар бар.
- Қалай ойлайсыздар мамандық таңдағанда қателеспеу үшін нені ескеру керек? (қатысушылардың жауаптары)
Жақсы енді сіздердің айтқандарыңызды нақтылайық.
- Бірінші: мамандықты таңдау кезінде қоғамға не қажет екендігі ескерілуі керек (тақтаға «қажет» деген сөз жазылған шеңбер орналастыру). Яғни бұл еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты таңдауды білдіреді.
- Екінші: Қолымнан келеді. (Тақтаға « Қолымнан келеді» деген сөз ілініп, бірінші шеңберді ішінара басады). Бұл сіздің табиғи қабілеттеріңіз бен алған біліміңіз және дағдыларыңыз арқасында, мамандыққа икеміңіз болуы керек дегенді білдіреді.
- Үшінші: «Мен қалаймын» ( тақтада «қалаймын» сөзі жазылған шеңбер орналастырылған). Яғни, мамандық қуаныш, қанағат пен табыс әкелуі керек.
Өздеріңіз байқағандай біздің схемада, қалаулар, мүмкіндіктер мен қажеттіліктердің бір-бірімен сәйкес келетінін және өзара әрекеттесу аймақтарына әкелетінін көресіз.
«Мамандықты таңдау» схемасы
...