Генри Фордтың басқаруда қолданған әдісіне талдау
Автор: Madina Izbasarova • Октябрь 23, 2023 • Эссе • 712 Слов (3 Страниц) • 167 Просмотры
БАҚЫТТЫ АДАМДАР = ЖОҒАРЫ ПАЙДА!
7Б01511 – Информатика БББ, 1 курс магистранты
Ізбасарова Мадина
Генри Форд «Бақытты адам = жоғары пайда» түсінігін өзінің кәсіпкерлік және көшбасшылық мансабында ерте білді. Фордтың жетістігі Америкадағы елеулі өзгерістер кезінде басталды. Ол Мотор компаниясын 1903 жылы ресми түрде ашқан кезде, үкімет бұл салаға қысым жасай бастады. Өйткені, Генри көлік бағасын барлығына қолжетімді болатындай етті. Ел жаңа бағытқа, инновацияның жаңа дәуіріне бет алды. Орта таптың өсуіне себепші болған өркендеу мен әділеттілік дәуірін алып келді.
«Бірге жиналу – бастама; бірге болу – прогресс; бірге жұмыс істеу – бұл жетістік».
- Генри Форд.
Оның жеке көзқарастары біршама қайшылық туғызғанымен, лидер Форд әрқашан бизнестің болашағын және өзіне ғана пайда әкеліп қана қоймай, сонымен қатар өз жұмысшыларына да пайда әкелетіндей жолын көрді. Ол автомобильді қарапайым адамдарға да қолжетімді еткізуге бел буды. Форд T моделін жасағанға дейін, 1908 жылы автомобильдер байлар үшін ойыншық секілді болды. Форд көлікті жүргізуге және жөндеуге оңай болу үшін барлығын жасады. Сонымен қатар, ол өзінің ойын жүзеге асыру барысында орта таптағы адамдар үшін көліктерді 825 долларға (бүгінде ~ 21 080 доллар) сатуды көздеді және оның қолынан келді.
Сондай-ақ, Форд адамдарға және өнімділікке қатысты табысқа жету үшін инновацияның құндылығы мен маңыздылығын түсінді. Ол өндіріс пен жұмыс күшін басқарудың бұрын болмаған жаңа әдістерін жасады. Келешегі бар және болашақ трендтерді бақылай отырып, ол ең алғашқы өндірістік конвейерді құрды, сонымен қатар бізге мәлім «40 сағаттық жұмыс аптасын» жасады. Форд адамдар арқылы табысқа жетуге болатынына сенді. Ол тұтынушыларға жоғары қызмет көрсету мен табысқа жету үшін төмендегі тәсілдің артықшылықтарын ерте түсінді:
[pic 1]
АДАМДАР: Генри Форд жоғары өнімді жұмыс күшінің құндылығын көре білді. Ол өз қызметкерлері неғұрлым бақытты, жұмыстары өнімді болса, соғұрлым көп пайда таба алатынын білді және ашкөздік көрсетпей, жаңа инновацияларға қайта инвестициялауды ойлады. Ол бәсекеге қабілетті болып қалу үшін тиімділік маңызды екенін, ал тиімді болу ең жақсы жұмысшыларды жалдау және ұстап тұру, ал бұл оларды жақсы орындалған жұмыс үшін марапаттау екенін білді. 1914 жылы Форд бірінші болып күніне 5 доллар жалақы ұсынды, бұл солкездегі жұмысшылардың көпшілігінің жалақысынан екі есе көп еді. Ол ең үздік қызметкерлерінің жалақысын көтеріп қана қоймай, 40 сағаттық жұмыс аптасын енгізіп, қызметкерлерге алғаш рет демалыс күндерін берді. Бұл қадамдар өте тиімді болып шықты. Себебі, сол кездегі Детройттың ең жақсы тәжірибелі механиктері Фордтың компаниясына ағылып, өнімділікті арттырып, оқу шығындарын азайтты.
...