Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Cуррогат аналарға қойылатын талаптар

Автор:   •  Декабрь 5, 2018  •  Реферат  •  1,663 Слов (7 Страниц)  •  1,234 Просмотры

Страница 1 из 7

Жоспары;

I.Кіріспе

1.1 Суррогат ана дегеніміз кім?

1.2 Cуррогат аналарға қойылатын талаптар.

II.Негізгі бөлім

2.1 Еуропадан келген тәжірбиенің  пайдасы мен залалы

2.2 Қоғамымызда суррогат аналардың құқықтары өз деңгейінде қорғалуда ма?

2.3 Суррогат  ана қызметін көлеңкелі бизнеске айналуына не себеп?

Қазіргі құқықтық кеңістіктегі суррогат аналықтың өзекті провлемалары.

  Қазақстандағы суррогат ана болу-бедеулік проблемасын еңсерудің жаңа және салыстырмалы тар әдісі. Бұл идеяның жаңашылдығымен, сондай-ақ адамдарға көмек көрсетудің осындай тәсілінің барлық артықшылықтары туралы көпшілік халықтың арасында жақтаушы мен даттаушы жақтары арасында да келіспеушіліктер мен дау-дамайлар  болып жататыныда анық.Қазақстанда  2011 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде мамандандырылған агенттіктердің қызметін шамамен 500 ерлі-зайыптылар пайдаланды және бұл сан қарұынды  өсуде. Бұл осындай процедураның нәтижелілігін және адамдардың оған деген қызығушылығының артуын растайды.

Осы қызмет түрімен айналысатын барлық клиникалар қолданыстағы заңнама шеңберінде жұмыс істейді және сапалы соңғы нәтижеге кепілдік береді. Басқа адамдарға көмек көрсету бағдарламасына қатысу үшін тек әйелдер ғана жіберіледі.:

 Әлемде бұл әдіспен қанша сәби дүниеге келгені туралы ресми мәлімет жоқ, алайда бейресми сараптамаларға сенсек, дүниежүзінде суррогат ананың көмегімен 220 мыңдай сәби туылыпты.

 Суррогат ана болуға байланысты мәселелерді шешудің алғашқы әрекеттері 1998 жылғы 17 желтоқсанда "Неке және отбасы туралы" Заңның қабылдануымен қабылданды. Алайда 2004 жылға дейін Қазақстанда суррогат аналықтың құқықтық мәртебесін айқындайтын заңнама болған жоқ, ал оны қолдануға байланысты қатынастар отбасылық заңнамамен реттелетін, бірақ өте фрагментті  Негізінен алғанда, 2011жылғы 26  желтоқсандағы қолданыстағы  «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексі бойынша суррогат ана дегеніміз –  суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ көтеретін және бала (балалар) туатын әйел. Ал суррогат ана шарты деп – суррогат ана болу шарты - некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) және балалы болғысы келетiн адамдар мен қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану жолымен бала көтеруге және тууға өз келiсiмiн берген әйел арасындағы нотариатта куәландырылған жазбаша келiсiм;     Түсінгеніміз бойынша, бізде заңды түрде суррогат ана болуға болады және оның арнайы келісім-шарты бар. (ресми мәліметке сәйкес) Қазақстанда ерлі-зайыптылардың 20пайызы нәрестелі болу бақытынан айырылады екен. Бұны биологиялық тілмен айтқанда бедеулік десек болады. Бедеуліктің  көбейуі де қазіргі таңда қоғамымызда үлкен мәселеге айналып жатқаны анық. Бедеуліктің болу себптері; экологиялық құбылыстарға байланысты ,жасанды түсік жасату, ерлі-зайыптылардың кеш некеге отырулары сонымен қатар денсаулықты уақытында қажетті күтім жасамағандығы себеп болып отыр. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулықты жүйелі сақтау туралы» кодексінің АДАМНЫҢ ҰРПАҚТЫ БОЛУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ 14-тарау  Бедеуліктен емделу

   74-бап. Бедеуліктен емделу

      1. Азаматтар денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларда қауіпсіз және тиімді әдістермен, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат еткен ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалана отырып, олардың тиімділігін, қолданудың оңтайлы мерзімдері, ықтимал асқынулар, медициналық және құқықтық салдарлар туралы толық әрі түбегейлі ақпаратты және олардың ағзаға әсер етуіне қатысты өзге де мәліметтерді міндетті түрде ала отырып, бедеуліктен емделуге құқылы. 
      2. Тіркелген некеде тұрған азаматтар ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын өзара келісім бойынша ғана пайдалануға құқылы. 
      3. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалануға келісім берген азаматтар ата-аналардың болашақ баланы тәрбиелеуге және асырауға қатысты тең құқықтары мен міндеттеріне ие болады.

...

Скачать:   txt (23 Kb)   pdf (307 Kb)   docx (461.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club