Отчет по практике в «Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архиві»
Автор: mmyrzageldieva • Сентябрь 16, 2019 • Отчет по практике • 1,487 Слов (6 Страниц) • 531 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
5В020300 – «ТАРИХ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ
3 – КУРС СТУДЕНТІ
МЫРЗАГЕЛДИЕВА МЕРУЕРТТІҢ
«НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» ММ-де
11.06.2019 – 26.06.2019 АРАЛЫҒЫНДАҒЫ
КӘСІПТІК-ӨНІДІРСТІК ПРАКТИКА БОЙЫНША
ЕСЕБІ
Кафедра атынан практика жетекшісі: Мусагалиева А.С.
Мекеме атынан практика жетекшісі: Исахан Ғ.Т.
Нұр-Сұлтан, 2019
Мен, Мырзагелдиева Меруерт Бахытжанқызы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекітуімен 11.06.2019 – 26.06.2019 ж. аралығында кәсіптік – өндірістік практиканы «Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архиві» ММ- де өттім. Жалпы екі академиялық топтың өндірістік практиканы өтіп жатқан 20 студенті «Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архиві» ММ- дегі бөлімдерге бекітілді.
Айқындалған мақсат бойынша кәсіптік – өндірістік практикадан өту барысынды үлкен тәжірибе жинақтадым. 10.06.2019 ж. күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Тарих факультетінде өндірістік практиканың басталуына орай кіріспе конференциясы өтті. Конференцияда өндірістік практика жетекшісі т.ғ.д. Мусагалиева Арайлым Сабитовна төмендегілермен студенттерді таныстырды:
- практика бойынша нормативтік құжаттар (МЖБС, бағдарлама);
- практика мақсаттары мен міндеттері;
- практиканттардың құқықтары мен міндеттері;
- практика өту орындарында қауіпсіздік техникасы бойынша ережелер (кафедрада ҚТ бойынша журналға білім алушының қол қоюы);
- практиканттарға қойылатын талаптар (мерзімдер, күн тәртібі және т.б.);
- практика бойынша есептік құжаттарды рәсімдеу және тапсыру тәртібі.
11.06.2019 ж. күні «Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архиві» ММ-де кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі т.ғ.д. Мусагалиева Арайлым Сабитовна мен мекеме атынан кәсіптік практика жетекшісі Ғазиза Исахан Тұрмағанбетқызы екі академиялық топтың өндірістік практиканы өтіп жатқан 20 студентін Мемлекеттік мұрағат қорының құрамымен таныстырып, мұрағат қорынан деректі фильм көрсетті. Ақмола қаласының Мемлекеттік мұрағаты Ақмола қаласы әкімінің 1995 жылдың 23 қарашасындағы № 3-1-120 шешімімен Целиноград облыстық әкімдігі Басшысының 1992 жылғы 3 суірдегі №17 шешімі негізінде қала аумағында орналасқан мекемелер мен кәсіпорындар құжаттарын меншік түріне қарамастан мемлекеттік есепке алу және пайдалануды қамтамасыз ету үшін құрылған болатын. 1998 жылы Ақмола қаласының Астана қаласы болып өзгеруіне байланысты мұрағат әділет ұйымдарының тиісті қайта тіркеуінен өтіп, 1999 жылдың 23 ақпанынан Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты (бұдан әрі – Мемлекеттік мұрағат) атала бастады. Қазіргі уақытта Мемлекеттік мұрағатта 1910 жылдан 2018 жылға дейінгі мерзімді қамтитын жалпы көлемі 324 мың сақтау бірлігі бар 668 қор сақталуда.
Мекеме атынан кәсіптік практика жетекшісі Ғазиза Исахан Тұрмағанбетқызының басшылығымен студенттер мұрағаттың құрылымдық бөлімдеріне бекітілді: Ұйымдастару-әдістемелік және кадр жұмысы бөлімі; Үйлестіру және іс жүргізу бөлімі; Құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімі; Әлеуметтік-құқықтық өтініштерді орындау бөлімі; Каталогтар құру және ақпараттық технологиялар бөлімі; Есіл және Сарыарқа аудандарының жеке құрам бойынша бөлімдері. Мен, Мырзагелдиева Меруерт және Аманбекова Сабина, Абдималикова Айнур, Оспанова Баян Төлеубаевна басшылығындағы жеке тектік мұрағат қорын қалыптастыру қызметіне бекітілдік.
...