Отчет по практике в «Болашақ»
Автор: Tursyb • Ноябрь 4, 2019 • Отчет по практике • 6,460 Слов (26 Страниц) • 526 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................3
- Оқу әдістемелік жұмыстары..............................................................3
- Тәрбие жұмыстары..........................................................................4
- Жеке тапсырма...................................................................................5
- Қорытынды........................................................................................18
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................19
- Қосымшалар
Кіріспе
Мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің 5В010300-«Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенті Ыдырыс Жұлдыз Диплом алды іс тәжірибесінің есебі.
2018 жыл 22 қаңтарда Университет тарапынан ұйымдастырлған орнықтыру конференциясы болды. Орнықтыру конференциясының нәтижесі бойынша біз өндірістік (педагогикалық) 2 іс –тәжірибесінен өту үшін Шымкент қаласындағы «Болашақ» мектебіне жолдама алдық. Жолдама бойынша Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан іс-тәжірибе базасына бардық.
Іс-тәжірибе обьектісін анықтау. Іс-тәжірибе барысында «Болашақ» мектебінің мекемесімен таныстым.
«Болашақ» мектебінің құрылтайшысы экономика ғылымдарының докторы, профессор Қуашбай Саттар. «Болашақ» мектебі Шымкент қаласындағы беделді жеке меншік мектептерінің бірі. Алғаш рет 1998 жылы «Болашақ» мектебі өзінің түлектерін қабылдады. Ол кезде мектеп Ильяев 66 көшесінде орналасқан болатын. «
Алғашқы мектеп директоры А.Амандосов екі жыл қызмет етті. 1999-2002 жылдар аралыған да Джумагулова Калия Султановна басшылық етті. Көп уақыт өтпей мектеп Байтұрсыныов 74А жаңадан салынған, жабдықталған мектепте өз жұмысын жалғастырды. Бұл мектепте әрбір оқушы өзінің жаңа қырынан танылуына мүмкіншілік мол қарастырылған. Техникалық базасы жабдықталған. Кітапхана қоры мол. 2015 жылы бастауыш сыныптар үшін жаңа оқу ғимараты іске қосылып, интерактивті тақта мен лингофон кабинеттер, спортзал, асханамен қамтамасыз етілді.
Қазіргі таңда «Болашақ мектебінің» директоры Корбан Ю.С. 2013 жылдан бері мектеп директоры қызметін атқарып келеді.
Сонымен қатар мектептің педагог-психологының жылдық жоспарымен, сынып жетекшісі және оның тәрбие жұмыс жоспарымен танысып, бекітілген сыныптарға сынып жетекшісі және психолог қызметін атқардым. Мектеп психологы Уркимбаева Эльвира Булатовна. Мен 2 «ә» сыныбына бекітілдім.
Оқу әдістемелік жұмыстары. «Психология және дефектология» кафедрасының тапсырмалары бойынша педагог-психолог қызметін атқардым.
- Бекітілген іс-тәжірибе базасы туралы мәліметтер яғни мекеме тарихымен таныстым. Сонымен қатар мекеме басшылығымен таныстым. (Қосымша А )
- Шымкент қаласындағы Болашақ мектебінде білім алатын 2 «ә» сыбының сынып жетекшісі, тәрбиешісі және оқушыларымен таныстым. Сынып жетекшісі О.Абдуллаева, мектеп психологы Уркимбаева Эльвира Булатовна. Сыныпта барлығы 20 оқушы оның ішінде 8қыз, 12 ұл бала. Сынып оқушылары өте белсенді. Барлық оқушылардың сабақ үлгерімдері өте жақсы. Мектеп жаңартылған бағдарлама бойынша оқиды. Мектепте үш тілде білім беріледі. Оқушылар ағылшын, орыс тілдерін еркін меңгерген. Сабақ және қоңырау кестелерін алдық (Қосымша Ә, Б). Оқушылар мектепте таңертеңнен кешке дейінгі уақытта сабақ, үй тапсырмалары, түрлә үйірмелерге белсене араласады. Күнделікті балалардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында балаларға «логика» сабағы қосымша ретінде қойылған. Сабақтан тыс уакыттарда оқушылардың қолы бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсаты жүйелі жолға қойылған. Мысалы дүйсенбі көркем өнер, сейсенбі би, сәрсенбі футбол, волейбол, жұма музыка. Сонымен қатар оқушылармен психологтар жүйелі түрде арттерапия жұмыстарын жүргізіп отырады.
Іс-тәжірибе барысы бойынша жұмыс жоспарын құра отырып, бөлінген сыныптың пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, сабақ жоспарларымен таныстым. Және мектеп психологының жұмыс жоспарымен таныстым. (Қосымша В)
Оқушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, топтағы қарым – қатынасты дамытуға бағытталған ойындар жүргіздік. Атап айтар болсақ, «Шеңбер бойымен айтылған сөз», «Эмоцианалды түстер», «Өлең арқылы қойылған сұрақтар» т.б.
Сондай-ақ, сыныпқа психологиялық-педагогикалық мінездеме жаздым. Мінездеме жазу барысында топтағы балалардың жастық құрамын, балаларының үлгерімін, ата-аналардың мектеп өміріне, оқу-тәрбие процесін реттеуге қосатын үлестерін бақыладым.
...