Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инфекция

Автор:   •  Март 4, 2018  •  Реферат  •  1,989 Слов (8 Страниц)  •  1,262 Просмотры

Страница 1 из 8

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

[pic 1]

Жатырішілік жұқпалы аурулар

Дайындаған: Кузьмина А. М.

Тексерген: Булабаева С. Т.

Алматы, 2018

Жоспары.

І. Кіріспе

1. Инфекция

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жатырішілік инфекциялар

2. Этиологиясы

3. Инфекцияның ену жолдары

4. Жатырішілі инфекцияның өршуініңқауіп-қатер факторлары

5. Диагностикасы және клиникалық көрінісі

6. Әртүрлі жастағы балалар инфекциясының патогенді негіздері

ІІІ. Қорытынды

ІУ. Пайдаланылған әдебиеттер.

        Инфекция - микро және макроорганизмдердің қарым-қатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттіңорганизмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады. Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгілері білінбей-ақ  қоздырғыштарды тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға да, тұтас организмге де тән. "Инфекция" деп жайшылықта жұқпалы аурулар тобын немесе олардың белгілі бір түрін айтады.

        Жатырішілік инфекциялар - бұл құрса ішінде немесе ананың босанар кезінде жұқтырылатын ұрықтың, жаңа туылған сәбидің әртүрлі инфекциялық аурулармен ауруы. Инфекцияның қоздырғышы вирустар, бактериялар және сирек жағдайда паразиттер де болуы мүмкін. Жатырішілік аурулар немесе инфекциялар балаға анасы арқылы беріледі. Инфекцияны жұқтыру нәтежиесінде түсік тастау, туа біткен ақаулар немесе жаңа туылған нәрестеде өткір инфеционды процесс болуы мүмкін.

        Іріңді-септикалық инфекция - босанғаннан кейінгі нәрестелер арасындағы аурушаңдық пен шетінеуінің негізгі және жиі кездесетін себептерінің бірі болып табылады. Бүкіл одақтық денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша нәрестелердің 2% жатыр ішінде, 10%-ға жуығы босанғаннан кейін және өмірінің 1-ші айында инфекция жұқтырады.

        Жаңа дүниеге келген нәрестелердің жатырішілік инфекциялармен ауруы көптеген шешімін таппаған өзекті мәселелердің бірі, себебі әйелдердің жүкті кезінде амбулаториялық-емхханалық қызмет олармен алдын алу жұмыстарын толық жүргізбеуінен және оған жүйелі бақылаудың болмауынан.

        Перзентханада ауру көзі болып бацилла тасушы медициналық сау қызметкерлер, босанған немесе босануға түскен әйелдер және ауру нәрестелер болуы мүмкін. Инфекция ауа-тамшы, алиментарлық және әртүрлі байланыстар арқылы таралады. Жатырішілік пневномия және тері инфекциялары жаңа туылған нәрестелер аурушаңдығы арасында негізгі пайызды құрайды, сондықтан өте байыпты қарау мен үйлесімді емдеуді қажет етеді.

        Жаңа туылған нәрестелер арасында іріңді-сеептикалық ауруларды болдырмау үшін:

        - жүкті әйелдерді босануға дейінгі уақытында есепке алып сауықтыру;

        -жаңа туылған нәрестелерді уақытында партонажға алу;

        -бір жасқа дейін баланы ана сүтімен қоректендіру;

        -үйде аналардың бала күтуі кезінде жеке бас гигиенасын сақтау;

        -балаларды орау алдында жаялықтарды үтіктеу;

        -инфекцияның алдын-алу мақсатында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

        Құрсақтағы нәресте мен жаңа туған сәби, ана үшін жүктіліктің қолайсыз бастаулары арасында инфекциялық патология жетекші орында болып келеді. Жатырішілік инфекция проблемасы жатырдағы ұрықтың дамуы мен сырқат бала дүниеге келуі қауіптілігімен, жүкті әйелдің және оның перзентінің зарарлануының жоғары деңгейімен байланысты акушерлік практикада ерекше назар аудартады.

        Ана организміндегі инфекцияның созылмалы ошағы, жүктілік кезеңіндегі бастапқы зарарлану, инфекциялық процестің өршелене дамуы негізінен қауіптілік факторлар болып табылады.

        Жатырішілік инфекцияның қоздырғыштары аумағы мейлінше ауқымды және әрқилы болып келеді. Бұлар - бактериялар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар, хламидиялар, вирустар.

        Медицинада урогенитальды инфекциялар ерекше қауіптілік тудырады. Аталған инфекцияға микоплазмоз, хламидиоз, цитомегаловирус, герпес, т. б. жатады. Олардың кішкене ошақтарының өзі ұрықтың жатырішілік зақымдануына әкеліп соқтырады.

...

Скачать:   txt (24.3 Kb)   pdf (185.6 Kb)   docx (82.7 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club