Есебі практика ЖШС «Барыс 2007»
Автор: serikova.perizat • Июль 3, 2023 • Отчет по практике • 5,519 Слов (23 Страниц) • 248 Просмотры
АҚ «АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті
Өндірістік үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру кафедрасы
кәсіптік практикадан өту туралы
Есебі
(өндірістік)
Топ студенті орындады | ТМЖ-18 -11 | Өмербек Е.Ө |
Университет атынан практика жетекшісі М.О. | Алшынова А.М. | ______________________ (қолы, тегі, аты-жөні) |
АЛМАТЫ 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі бөлімі
1 ЖШС «Барыс 2007» компаниясына жалпы шолу
2 Макарон өнімдеріне жалпы түсінік
3 Қысқа макарон өндіру технологиялық желісіндегі макарон пресі PHP 260/1C
4 Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасында макарон өнімдеріне керекті шикізаттың барлық түрлері өсіріледі. Макарон өнімдерін өндіру, сақтау қазіргі нарықтық экономика жағдайында қарқынды дамып келеді. Өндіріс мекемелері заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әр түрлі ассортименттегі және сападағы макарон өнімдерін өндіру, әр түрлі үрдістерден және жабдықтардан тұрады.
Қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі шикізатты тиімді пайдаланып, өндірістің технологиялық схемасын дамыту, технологиялық процесстердің барлық кезеңдерінде жоғары өнімділікті жабдықтарды орнату, оларды реттеу және тиімді пайдалануды ұйымдастыру, энергетикалық және еңбек ресурстарын дұрыс пайдалану арқылы кәсіпорынның тиімді жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) «Барыс-2007» Қазақстан Республикасының ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Компанияның негізгі міндеті халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес және ақылға қонымды бағамен, азық-түлік нарығының сапалы, қауіпсіз және әлеуметтік-қолжетімді өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі кезде макарон өндірісінің жаңартылуы жүргізіліп жатыр – жоғары өнімділікті тиімді жабдықтарды пайдаланып жаңадан зауыттар салынып, ескілері қайта қаруланып жатыр. Зауыт толық макарон жабдықтар өндірісі бойынша әлемдік нарықтың көшбасшысы болып табылады. Соңғы буын - итальяндық компания «Pavan», құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Бұл жолы IT-технологияларды орындау және қолдану, теңдесі жоқ және қазіргі уақытта Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірісінің бірі болып табылады.
Макарон өндірісінде престеу және кептіру негізгі процестердің қатарына жатады. Технологиялық процесстерді талдау барысында негізгі қозғаушы процесс престеу мен кептіру процесі екендігі белгілі болды.
1 ЖШС «Барыс 2007» компаниясына жалпы шолу
Компания ЖШС «Барыс 2007» Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысында 2007 жылы құрылды. Жеке - меншік болып табылады. Негізгі қызметі: макарон өнімдері, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін өндіру және сату.
Барлық қажетті энергетика және әкімшілік-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету компаниясы жабдықтау, өндірістік нысандарды дайындау бойынша монтаждау жұмыстарын- 2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін салу жүзеге асырылды.
«2009 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен «Барыс 2007» ЖШС-ның макарон өнімдерін шығаратын желісі іске қосылған болатын. Аталған желіде сағатына 3500 кг немесе жылына 25,000 тонна макарон өнімдері шығады. Өндірісте 150 жаңа жұмыс орны құрылған. 2011 жылы қуаттылығы сағатына 1500 кг немесе жылына 11,000 т макаронды құрайтын екінші желі іске қосылды. Кәсіпорындағы құрал-жабдықтар Италиялық «Pavan Mapimpiati S.P.A.» мекемесінен жеткізілген. Екінші іске қосылған желі ұзын макарон өнімдерін шығаруға мүмкіндік беріп, кәсіпорында 40 жаңа жұмыс орны құралды.
...