Ағартушының педагогикалық қызметін анықта.Әр параметрге дәлел жазыңдар
Автор: Asiya1111 • Сентябрь 25, 2021 • Реферат • 806 Слов (4 Страниц) • 298 Просмотры
Сабақтың тақырыбы | Ы.Алтынсарин-жаңашыл педагог |
Тапсырма. Ағартушының педагогикалық қызметін анықта.Әр параметрге дәлел жазыңдар. Төменде қосымша ақпарат берілген.
[pic 1][pic 2]
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының, Затобол ауданында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы Орынборда басылады. Ы. Алтынсарин қазақ даласында мектептердің көбірек ашылуы, таралуы туралы қазақ ойларын Н.Н. Ильминскийге, В.В. Катаринскийге жазған хаттарынан анық байқаймыз. |
https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy |
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының, Затобол ауданында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған.
Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның бауырында өседі. Балғожа сөзге шешен, тілге ұста, би, өз ортасына белгілі, беделді адам болған. Ы. Алтынсарин сауатын мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды. 1850 жылы Орынборда ашылған қаза
- орыс мектебіне түседі. Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүреді. Дегенмен ынталы да зерек Ыбырай мектепті 1857 жылы үздік бітіріп шығады. Мектепті бітіргеннен кейінгі екі жылында өз елінде тілмаш болып қызмет етеді.
1859 жылы Ы. Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасады. Шекаралық комиссияның төрағасы, профессор В.В. Григорьевпен танысады. В.В. Григорьевтің кітапханасынан орыс, дүниежүзі әдебиетімен танысады. Өз заманындағы көркем шығармаларды оқиды. Әдебиет, саясат, ағарту туралы жазылған басылымдарды оқуға мүмкіндік алады. Орынбордағы әдеби, саяси, мәдени, рухани дүниелермен танысу Алтынсариннің ой - өрісінің өсуіне, өмірге көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.
...