Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік-мәдени комментарийдің түрлері

Автор:   •  Июнь 1, 2021  •  Реферат  •  604 Слов (3 Страниц)  •  412 Просмотры

Страница 1 из 3

27 билет

Әлеуметтік-мәдени комментарийдің түрлері

Деректер және оған комментарий беруге жататын талдамалы жанрлар XIX ғасырдың 60-жылдарындағы газет беттерінде жарық көрген. ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы шыққан басылымдарда бұл жанр кеңінен пайдаланылған. 1997-1998 жылдары кейбір газеттердің нөмірлерінен «Деректер мен комментарийлер» айдарымен берілген материалдар шығып тұрған. Одан комментарийдің тақырыбы және оның мәтіні беріледі. Комментарий беретін бөлімі авторлық ұстанымның авторлық «мен» деген енгізіледі. Материалда комментарий беретін автордың фотосуреті беріліп отырған. Мұнымен газет комментарийі мәтінді автордың қабылдауымен, эмоциясымен авторлық «мені» нақты көрсетеді.

Ғалым А.А. Тертычный: «Комментарийлар өзін қандай да бір мәселе бойынша дәлелдеушілік пайымдауының құрылымын ұсынады» [1,68-б],-дейді. Дерек, тезис, ой қорытындылары – аталған жанрдың маңызды бөлігі. Жақсы комментарийларда ең бастысы – қорытынды шығару. Сонымен, комментарий жанры маңызды деректер, оқиғаларды өз бойына жинайды. Комментарийлар қандай да бір оқиғалар бойынша автордың өзінің көзқарасын, басылым ұстанымын, шынайы қоғамдық-саяси өмірдің көрінісін толық береді.

Деректер мен комментарийлер – жедел жанр және мұнда автордың кәсіби шеберлігі, оның ұстанымы мен нақты мәселені дөп басуы маңызды. Автордың ұстанымы деректердің маңыздылығын жуып-шаюға, дәлелдеуге тырысу, дерек қандай да бір пайда болулардың заңдылығы сол мәселені кеңінен талқылауға мүмкіндік береді.

Түсінілуі жеңіл деген материалдың өзіне комментатордан үлкен шығармашылықты талап етпейтін түсініктеме берудің түрлі тәсілдері бар.

Комментаторларға қойылатын басты талап – оқырманды шатастырмайтын дәл ақпаратты беру. Мәселен, «Метель» шығармасындағы Бородиноны еске түсіргенде, осы атауға қатысты барлық мәліметтер әртүрлі деңгейде толықтырылып беріледі, бірақ түсініктемеде берілген мәліметтердің өзі объективті сипатта болғандықтан, таза энциклопедиялық түсініктеме саналады. Мұнда не лингвоелтанымдық, не контекстке байланысты айқындалатын коннотация да ашылмайды.

Әдеби туындыларды интернет ресурстары арқылы оқыту әдістемесі өзіндік тұжырым жасаңыз.

Бүгінгі күні интернет дамыған заманда, әдебиет екінші орынға түсіп қалды деп қорқу – бекершілік. Керісінше, интернет ресурстары арқылы қалың көпшілікке оқыған шығармаңнан кейінгі әсеріңді жеткізу арқылы, қызығушылығын оята аламыз. Себебі сөз ғана емес, кітаптың мұқабасы, ондағы дәйексөздер адамға әсер етеді.

Бүгінгі таңда орыс тілді аудиторияда  тілдерді оқытуда интернет-ресурстарын пайдалану әдісі өте тиімді болып отыр. Бұл сөзімізге  дәлел шет тілі сайттары, мультимедиялық курстар мен бағдарламалар, жорналдар, кинолар тіл үйренушілердің тілге деген ынта-жігерін арттырары сөзсіз.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (68.5 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club