Әбу Сәрсенбаев өлеңдерін мәтіндік тұрғыдан зерттеп
Автор: Мадина Мараткызы • Сентябрь 28, 2021 • Дипломная работа • 15,553 Слов (63 Страниц) • 377 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«5В11700- қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
Алматы, 2020.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі,
ф.ғ.к., қауым., профессор
___________ Б.С.Сарбасов
«____» _______2020ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: Ә. СӘРСЕНБАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ МӘТІНДІК АЙЫРЫМДАР
«5В11700 – қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
Орындаған: М.Т.Маратова
Ғылыми жетекшісі
ф.ғ.м. аға оқытушы Г.К.Утепбергенова
Алматы, 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ……………………………………………………………………….......................3-4
І. Негізгі бөлім
- КЕҢЕС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ӘБУ СӘРСЕНБАЕВ.................................................................................5-30
- ӘБУ СӘРСЕНБАЕВ ПОЭЗИЯСЫНА ТЕКСТОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ..........................................................................................31-48
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………..……….49-51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………...…….52
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Жазба әдеби еңбектердің дүниеге келуімен бірге, олардың мәтінін қағаз бетіне дұрыс көшіріп жазу, қатесіз түсіндіру, көшірмелерін жасау, көбейту, қарапайым салыстыру негізінде текстология ғылымы пайда болғаны белгілі.
Текстология дегеніміз – белгілі бір шығарманың жазылу тарихын зерттейтін, сын көзімен қарап, жан-жақты тексеру арқылы шығарманың негізгі тексін таңдап алып, соны тұрақтандыратын, шығарманың жазылған мерзімін айқындайтын, түсініктер беретін, авторы беймағлұм болса, оны іздестіретін, шығарманың кімге арнап басылатынын белгілейтін филологиялық ғылыми саласы [1;16].
Демек, текстология мәтінді тарихылық тұрғысынан қарастырып, ғылымға белгілі барлық нұсқаларымен салыстыра отырып, авторлық мәтіннің нағыз, дәл нұсқасын айқындап, ешбір қоспасыз, қатесіз баспаға әзірленетін мәтінді қалыптастыру болып табылады. Авторлардың қолжазбаларын, көзі тірісінде және қайтыс болғаннан кейін басып шығарылған әдеби шығармалары, күнделіктері, қойын дәптерлері, хаттары, ауыздан-ауызға таралып, кейіннен хатқа түскен қолжазбаларын зерттейді.
Ғылым саласы ретінде текстология тарихы тым әріден басталады. Ең алғашқы мәтіндік түзетулер мен зерттеу жұмыстары Б.Спиноза, И.С.Землер, Г.Гегель, Д.Ф.Штраус секілді інжіл кітаптарына зерттеу жүргізген ғалымдар есімдерімен байланысты. Қайта өркендеу дәуірі мен жаңа заман талабына сай текстологиялық талдаулардың негізін салушылардың қатарына берлиндік профессор И.Беккер, неміс тарихшысы Леопольд фон Ранке, кейінірек М.Бернайс пен В.Шерердің, жиырмасыншы ғасырда Г.Лансонның ғылыми текстология мектептерін жатқыза аламыз.
Орыс ғалымдарынан текстология ғылымы жайлы дұрыс тұжырым жасап, текстологияның негізгі міндеттерін айқындап беруге өз септігін тигізген Б.В.Томашевский еңбегі, ізін суытпай А.С.Рейсер, Д.С.Лихачев, В.В.Виноградов, Г.О.Винокур, П.Н.Берков, Е.М.Прохоров, В.С.Нечала, Н.Л.Горина және тағы басқа орыс ғалымдары текстология саласында үлкен еңбек етіп, теориялық зерттеу жұмыстарын жасады.
Қазақ әдебиеті мұраларын зерттеу, текстологиялық мәселелеріне мән беру Абай шығармаларын жарыққа шығарып, қалың оқырманға тарату кезеңінен басталғаны анық. Абай мұраларына текстологиялық зерттеу жүргізу Мұхтар Әуезовтен бастау алғаны белгілі. Одан кейін Қ.Мұхамедханов, З.Ахметов, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, Ғ.Мұсабаев, Т.Абдрахманов, Қ.Өміралиев, Ш.Сарыбаев, Ә.Құрышжанов, Р.Сыздықова, Б.Сағындықұлы, Е.Жұбанов, М.Малбақов және тағы басқа ғалымдар классик ақын-жазушылардың, ежелгі дәуірлерден келіп жеткен жазба мұралардың мәтінін ғылыми басылымға әзірлеуде аса құнды еңбектерімен танылды.
...