Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлы педагог, ағартушы Ы.Алтынсариннің өмір жолы

Автор:   •  Май 2, 2019  •  Творческая работа  •  3,694 Слов (15 Страниц)  •  881 Просмотры

Страница 1 из 15

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосы

Б.Аманшин атындағы қазақ орта мектебі

Александр Фатима

5а сынып оқушысы

Ыбырай әңгімелеріндегі рухани құндылық

Секциясы: қазақ әдебиеті

Ғылыми жетекшісі:   Жақсыбаева Гүлзира Мұхитқызы

І санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Миялы селосы  2018ж

Б.Аманшин атындағы қазақ орта мектебінің

5а сынып оқушысы Александр Фатиманың

«Ыбырай әңгімелеріндегі рухани құндылық»

атты зерделеу еңбегіне

Пікір

       Александр Фатиманың «Ыбырай әңгімелеріндегі рухани құндылық» тақырыбындағы зерделеу жұмысы оқушының жан-жақты ізденісінің, еңбегінің нәтижесінде жазылған. Қазақ мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосқан, рухани құндылықтарға толы шығармаларымен өзі өмір сүрген ортасында үлкен беделге ие болған ағартушы педагог, ұстаз, ақын Ыбырай Алтынсарин, оның әңгімелері туралы оқушы өзінше еңбектеніп, талдау жасаған. Ыбырай әңгімелері оқушыны қызықтыратын, тілі жеңіл, ықшам құрылған, жинақы, аз сөзге көп мағына сыйғызған, тәрбиелік мәні зор әңгімелер.

     Оқушы болашақта ақын, жазушы, аудармашы, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына қатысты ізденістерін одан әрі жалғастыруды мақсат етеді.

Мектеп директоры:                             Сары Гүлшара

Пікір жазған:                                       Жақсыбаева Гүлзира Мұхитқызы

Мазмұны

І. Кіріспе ..........................................................................................................4

ІІ. Негізгі бөлім............................................................................................ 5-13

1. Ұлы педагог, ағартушы Ы.Алтынсариннің өмір жолы.........................

2. Ыбырай Алтынсариннің аудармашылық қызметтері.............................

3. Ыбырай әңгімелеріндегі рухани құндылық.............................................

ІІІ. Қорытынды .........................................................................................

IV. Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................................

Аннотация

Жұмыстың мақсаты: 5-сыныптың әдебиетінде жазушы, балалар әдебиетінің атасы, педагог, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің бірнеше әңгімелері берілген. Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқи отырып, көптеген жақсы қасиеттерді, рухани құндылықтарды бойыма дарытуды алдыма мақсат етіп қойдым.

Жұмыстың өзектілігі: Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін көп оқу арқылы бойымызға рухани құндылықтарды дарытамыз. Ыбырай атамыздың әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор, әсіресе, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, қанағатқа, қайырымдылыққа шақырады. Шығармаларынан адамгершілік құндылықтарды үйренеміз, бүгінгі жастарда осындай Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыса деп соны негізге ала отырып жасалған ізденіс жұмыс екені жазылған жұмыс мазмұнынан айқын көрінеді.

Зерттеу әдістері. Ғылыми жобаны жүргізу барысында зерттеудің кешенді әдістері: мұрағаттан, кітапханадан деректер жинастыру, мәліметтер жинақтаудағы жүйелілік, зерттеу нәтижелері.

Зерттеудің құрылымы. Жұмыс пікірден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қол жеткізген нәтижелер: Ағартушы-педагог, ақын, жазушы, сан қырлы талант иесі Ыбырай Алтынсарин әңгімелері оқушы бойында рухани құндылықтарды қалыптастыратынына көзім жетті.

 

Кіріспе

      Қазақтың ұлттық мәдениеті мәңгілік рухани- адамгершілік құндылықтарға негізделген. 

     Мен зерттеу жұмысыма «Ыбырай әңгімелеріндегі рухани құндылық» тақырыбын таңдадым. Бұл тақырып мені қатты қызықтырады. Ұлы ағартушы  рухани- адамгершілік  білімнің  маңыздылығы жайында айтып кеткен. Арманы жүзеге асты деуге болады, себебі, Қазақстанның түпкір- түпкірінде білім беретін мектептер ашылды. Ыбырай Алтынсариннің әр  әңгімесінде  рухани - адамгершілік білім беру – жас  ұрпақтың бойына  сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ақиқат, қиянат жасамау  және ішкі тыныштық құндылықтарды дарытады. Адамның  қоғамда өз орнын табуына, ақыл- парасатының дамуына, әңгімелері оқушылардың бойына имандылық, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерімен бірге сабырлылыққа, қайырымдылыққа, талаптылыққа, еңбекқорлыққа, терең ойлылыққа шақырады. Зерттеу жұмысымның барысында мен әртүрлі әдеби кітаптарды, газет-журналдарды қарадым. Мұғалім зерттеуге тиіс әдістерді көрсетіп, бағыт берді.

...

Скачать:   txt (50.5 Kb)   pdf (204.7 Kb)   docx (25.6 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club