Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қақпанға қалай түстім

Автор:   •  Сентябрь 16, 2022  •  Сочинение  •  5,889 Слов (24 Страниц)  •  135 Просмотры

Страница 1 из 24

Қақпанға қалай түстім?

1951 жылдың оқуы аяқталып, оқушылардың қолдарына куәліктерін берген соң Сауан ауданының барлық оқытушыларын жаздық демалыс кезінде білімдерін көтеру үшін Шәуешек аймағына шақырды. Барлық оқушылар төрт машинаға отырып аудандық оқу бөлімінің бастығы Ахмет Нияз ұлының бастауымен Тарбағатай қайдасың деп тартып бердік. Шихуға қонып, шиху оқытушылары бірнеше машинаға отырып ертеңінде Толы ауданына келіп қондық. Дүрбүлжін ауданына жақындағанда басшылар ақылдасты ма,үш ауданның он екі, он үш машина оқытушылары қала шетіндегі жағасы масаты кілемдей құлпырған шағын өзеннің қалың талды жағасына келіп тоқтады.

Өңкей сен тұр, мен атайын деп жұлынып тұрған жастар. Ішімізде әнші, күйші, домбырашы, гармон алып жүргендері де бар. Ұйғыр мұғалімдері дутар алып алған. Ай сүттей жарық. Дүрбүлжін шетін мереке күндегідей ерекше думанға айналдырып таң сарғайғанша әр аудан оқытушылары өз өнерлерін ортаға салды. Бірімен бірі жарысқа түскендей, бірінен бірі асып өнер көрсетіп таң сарғая машинаға отырдық.

 Шәуешек пен Дүрбүлжін арасы ұзаса бір жарым сағаттық жол. Әне-міне дегенше Шәуешектің шығыс жақ шетіндегі төрт үкірдай елі салдырған қазақ орта мектебіне келіп түстік. Ауданның басшы азаматтары алдымыздан шығып қарсы алып, әр ауданды бөлек-бөлек бөлмелерге орналастырды. Қырдағы төрт үкірдай қазақтың балалары жатып оқитын интернат бұл. Орналастырып жүрген тағы өз ұстаздарым әнші Шәкен, Пуат, Сейітбек, Дәуітбек екен. Барлығына барып арнайы сәлем беріп шықтым. Бәрі разы болып, орналастырушының бірі өзімдей еркінсіп, Сауан мұғалімдерін Интернаттың ауасы кең, әрі жарық, асханаға жақын бөлмесіне орналастырдым. Шәкен мен Тұрсын Жарқынбаев директор мәз.

- Өзіме болсын дегенде әркім өгіз күшін салады дегендей, Сейтқазы Сауандықтарды интернаттың кең бөлмесіне, жақсысына орналастырды. Өзі ысылып адам болып қалыпты, - деседі бір-біріне. Пуат ағай:

- Ауасы жақпады ма? Өзің неге жүдеусің, бір жерің ауырды ма? – деп сұрады. Ауырып тұрдым, - дей салдым.

- Өткен аймақ бойынша аудан басшыларының оқу бөлімдерінің бас қосқан жиналысында Сауаннан келген оқу бөлімі бастығы сенің директорыңды, сендердің аттарыңды атап, жас балалар болса да мектеп директорының тәрбиелеуінде оқушыларды оқытуда, халық сауатын ашуда аудан бойынша озат мектеп деп мақтады. Біздің қазақ мектебінің түлектері деп мақтанып қалдым. – деді Шәкен аға.

- Рахман неге ерте келді? – деп сұрады Сейтбек ағай. – Артынан айтам ағай. Оның өзі күлкілі ұзақ әңгіме. Иттің істемегені жоқ, - дедім.

        - Мен де ерте текке келген жоқсың ғой, - деп ойладым. Алақ-жұлақ етіп жетті. Осы пәле әкесі сияқты бақсы бола ма деп ойлап жүрмін, - дегенде күліп жібердім. – Ол жерде одан да құр қалған жоқ6 ат атандырмай тұрғанда іс оңға басып, ауылынан екі түйемен әкесі азық әкеліпті. Әкесі нашар жатыр екен деп Әбілезге айтып, класын мойныма алып, Шәуешекке жіберіп, жаным жай тапқан жайым бар, ағай. Басқа Назарбек, Қасен, Сағидоллалар ерінбей еңбек етті. Өзіңіз де естіпсіз ғой, - дедім.

        Қазақ мектебінің барлық оқытушылары бір жинала қалғанда бәрі менің жүдегенімді сөз қылды. Тұрсын Жарқынбаев сияқты ардагер аға сөзге араласып: - Барлық оқытушыларға анадағы жиналыста Ахмет: - Сендерден түлеп ұшқан оқушыларың Орманбақ мектебін қай жағынан болса да жақсы нәтижеге жеткізді. Ерінбей еңбек етіп жүр. Сендердің тәрбиелерің. Мектеп директоры да ақылды азамат. Үрімжіде гоминдаң түрмесінде бірге болғанбыз. Оқушыларың Шәуешегіне келді, ұстаздарын көрді. Ұшқан ұясына келіп көңілдері көтеріліп қалды. Қайтқанша семіреді, - деп қарқылдап күлді.

Менің Орманбақтағы алпыс үй ұйғырдың қыздарынан таңдап жүріп қосылып, мейірім қанбай қайтыс болып, көкірегім шер, көзім жасқа толып келіп тұрғанымды қайдан білсін? Әбілез бен басқа жолдастарға ауыздарыңнан шығармаңдар деп айтып қойғам.

Тұрсын аға тағы да маған қарап:

- Сен Сауанға бармаймын деген екенсің. Сауан оқу бөліміндегі азаматтар Сауан орта мектебіне аламыз деп жүр. Орманбақтағы 41-полктің саяси комиссары Жаң Сиужи деген азамат аймақтық партия комитетіне, Үрімжіге Шыңжаң бюро мектебіне, марксизм-ленинизм идеясын оқытатын мектепке жіберіңіздер деп өтініпті. Бәріне қандай қылығың жағып жүр. Есіңде болсын, Сауаннан зиян көрген жоқсың. Біз бәрін білеміз. - Мына оқушыңды тәртіпке шақыр, бәрінің ауызға алып жүргені сенің арқаң, - деп Шәке ағайға қарап еді, Шәкең сөзге араласып алғаш қырдан оқимын деп қашып келгенде оқытушыларға, мына Сейтбек пен Пуатқа бой бермей көзінің оты бар, бірдеңе шығар деп класыма қабылдап едім. Қателеспеген екем. Үмітімді ақтап, ойымнан шықтың, айналайын, - деді. Сейітбек ағай: - Төртінші класты оқытыпсың, есеп жағын қайттың? – деп сұрады.

...

Скачать:   txt (66.7 Kb)   pdf (154.9 Kb)   docx (32.3 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club