Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халықтық күнтізбенің лингвосемиотикалық аспектіci

Автор:   •  Июнь 5, 2026  •  Курсовая работа  •  17,708 Слов (71 Страниц)  •  12 Просмотры

Страница 1 из 71

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Адамзат танымы кеңейіп, қоғам дамыған сайын қарым-қатынас құралы – тілдің де қызметі мен тілдік ұжымның әралуан білімдер жүйесін жинақтау үрдісі күшейе түседі. Осымен байланысты тілдік бірліктердің ішкі мәні мен қолданыстағы мағыналарын адаммен, қоғаммен, табиғатпен жарыстыра зерттеу қазіргі лингвистикада ерекше басым бағыт болып отыр.

Адамның санадағы ойын дәл әрі нақты жеткізу үшін белгілі бір ұтымды айқын бере алатын тілдік таңба қажет. Демек, тілдік таңбаның өзіндік мазмұны болуы тиіс. Қазақ тіліндегі сөздердің мазмұн межесінде бірнеше мағыналар (түсініктер) үйіріліп жатады. Тіпті бір сөздің мазмұн межесінде белгілі бір дәуірдегі аңыз, болжам, ырым, наным-сенім түсініктерімен байланысты болады. Сөздің ішкі мағыналарын, қолданыстағы мәнін объективті өмірмен байланыстыра қарап, этимологиялық қырларына сүйеніп, лингвомәдени компоненттерін тексеру арқылы тілдің сан алуан қызметі мен қасиеттері ашылады.

Қазақ тілінде, өзге тілдер сияқты, сөздін лексикалық және фразеологиялық бірліктерінің мағыналары мен мазмұнында ұлттық болмысқа, ұлттың дәстүрлі шаруашылығына өмірі мен наным-сенімі, таным-түсінігі, ойлау нәтижесімен байланысты концептілік категориялар жарыса өмір сүреді. Қазақ тілінде осы күнге дейін сақталып, қолданыста жүрген сөздердің бір алуаны - байырғы күнтізбеге қатысты лексикалық және фразеологиялық бірліктер. Күнтізбеге қатысты лексема-фраземалардың мәні мен мағынасы Қазақ халқының аспан денелерінің қозғалысын бақылап, соған орай ауа райының өзгеруін анықтай алу тәрізді әуелде сезімдік қабылдаулардан туындаған. Демек тілдегі аспан денелері атауы мен жыл мезгілдері, ай аттарының шығу төркіні, қолданыста ұзағынан сақталуы халықтың ақиқат дүниесі үзіктеріне ат қойып, тілдік құралдар арқылы категорияландыру үрдісімен байланысты болып отыр. Яғни тілдің мәні мен мағынасы объективтік ақиқатпен байланысты. Мәселен, Үркер тек жұлдыз атауы (оним) ғана емес, бұл онимның мазмұнында жыл мезгілдерінің өзгеруіне аспан денелерінің қозғалысын білдіретін ақпараттар бар. Осы секілді жыл мезгілдері мен ай, күн аттарының, жұлдыздар атауының когнитивтік санада әртүрлі ақпараттар, концептілік құрылымдар арқылы сақталып аталды. Сөздің наным-сенімнен туындағанын, сөздік қолданыста қандай мағыналық өзгерістерге ұшырағанын, бастапқы этимологиясы қандай болғанын, фразеологиялық тіркестердің қандай мәнде жұмсалғанын тілдік таңбалардағы этномәдени кодтарды ашу арқылы айқындауға болады. Күнтізбе жүйесіне қатысты сөздер мен сөз тіркестерін жүйелеу негізінде ұлттық болмыс пен ұлттық тұрмыс-тіршілікті, қазақ халқының ертедегі астрономиялык білімі мен күн райын болжаудағы тәжірибелерін, болжамын айқындау өзекті мәселе болып табылады.

Қоғам дамыған сайын адамзат баласы да деректі ойлаудан дерексіз (абстракті) ойлаудың сатысына көтеріле береді. Осыған сәйкес көптеген халықта күнтізбе әуелде деректі ойлауға негізделіп жасалған. Өйткені мәдени-тілдік ұжым ана тілі арқылы ақиқат дүниені өз таным түсінігінше бейнелейді.

Объективті дүниенің тілдегі көрінісі тілдің лексикасы мен фразеологиясында анық байқалатындықтан, этностың өзіндік болмысы мен бейнесін тіл жүйесі арқылы тану лингвомәдени зерттеулерде басым бағытқа айналып отыр.

Зерттеудің негізгі арқауы – қазақ күнтізбе жүйесінің лексика-фразеологиялық бірліктері. Тіл жүйесінің бұл денгейінде (уровень) мәдени этностың таным-талғамын, шаруашылық кәсібін, мінезін, салт-дәстүрін т.б. мәнділіктерді айқындау бүгінгі қазақ лигвистикасындағы өзекті маселелердің бірі болып табылады.

Байырғы қазақ күнтізбесіне қатысты тілдік бірліктер - халықтың ғасылар бойы жинаған тәжірибесінің көрінісі. Сондай-ақ қазақ күнгізбесінің ерекшелігі этностың дәстүрлі шаруашылығына, табиғи ортаға, ауа-райын болжай білу тәжірибесіне, жыл мезгілдерін жұлдызға қарап ажырату, жыл қайыру, әрбір жыл мезгіліне тән ерекшеліктерді тану қасиетіне қатысты болғандықтан, күнтізбелердегі лексика-фразеологиялық бірліктерді антропоцентристік бағытта зерттеу тимді деп танылады.

Осымен байланысты, күнтізбедегі лексика-фразеологиялық бірліктерге лексика-семантикалық, лингвомәдени талдаулар жасау арқылы қазақтың ежелгі күнтізбесінің этномәдени сипатын таныту жұмыстың өзектілігін керсетеді.

...

Скачать:   txt (245.5 Kb)   pdf (1.4 Mb)   docx (851 Kb)  
Продолжить читать еще 70 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club