Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Талайды таң қалдырған Томас Сойер

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Эссе  •  818 Слов (4 Страниц)  •  691 Просмотры

Страница 1 из 4

Байқаудың атауы: Әлем әдебиеті

Автор: Әжібай Мәдина Ермекболқызы

№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық – педагогикалық колледжі

                     «Талайды таң қалдырған Томас Сойер»

            Балалық шақ... Әр адам үшін қайтып келмес, алтын уақыт. Қарап тұрсаң, кеше ғана бала болғандайсың, ал енді өзі шешіп қабылдайтын, жауапкершілігі мен міндеттері бар ересек адамсың.

           Кейде балалық шағымды еске салып, бір күліп алғым келген кезде, бір кітапты қайталап оқи беремін. Ол қандай кітап дейсіздер ме?! Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» деген кітабы.  Әлем әдебиетінің інжу-маржаны саналатын бұл кітап – кез-келген адамды өзінің әлеміне ертіп әкете алады. Әрбір елдің әдебиетінде өзіндік «Томас Сойеры» бар. Қазақ халқында -  Бердібек Соқпақбаев атамыздың «Менің атым-Қожасы» өзінің қылықтарымен ерекше көзге түседі. Дегенмен, мұнда қазақтың қарапайым қара баласы Қожаның халқымызға сай менталитеті, тәрбиесі және үлкен қариялардың ақылдарына ерекше көңіл бөлінген. Иә, әр халық өзінің бір сотқар баласы туралы кітаптың авторлары. Ал, бұл кітаптардың ішінен әлем әдебиеті тізіміне кіріп, әлі күнге дейін адамдардың қолынан түспей жүрген сол бір Том Сойер ерекшеленеді.

       Ең алғаш бұл кітаппен  бастауыш сыныпта таныстым. Ол кезде 3-сынып оқушысы едім. Еш алаңсыз ертегілер тұрған сөрені қарап тұрған менің көзіме кенеттен, «басынан кешкендері» деген сөз түсті. Өзім шытырман оқиғаға толы кітаптарды оқығанды қатты жақсы көргендіктен бе, әлде суреті ұнады ма, ойланбастан оқуға алдым. Сабақтан қайта салып, дала кезген Мәдина үйде отырып, кітап оқыды. Бір күнде – 2 бөлім аяқтадым. Барған сайын, кітаптың тереңіне бойлай бердім, бойлай бердім.....

    Томас Сойер немесе Том өзінің тәтесімен бірге тұрады. Тәтесінің өмірін күнде бір «қызыққа» толтырып тұрады. Бұл кітаптың бірінші бөлімі «Том ойнайды, төбелеседі, жасырынады» деп аталады. Осының өзі адам қызықтырмай ма?! Ол кіммен ойнайды? Кіммен төбелеседі? Неліктен ол жасырынады? 12 жасар Томның бастан кешкен оқиғаларын көз алдыңа елестете, өзіңді АҚШ-тың қарапайым бір провинциясында тұратын адам ретінде көресің. Маған бұл кітаптың ең ұнаған тұсы – тілге өте жеңіл жазылған, қандай жастағы адам болсын бұл кітаптың мән-мағынасын, негізгі ойын түсінеді. «Талғам талданбайды» - дейді, дегенмен дәл осы Марк Твеннің туындысын қызықсыз әрі тез болжанатын кітап ретінде қарайтындарға айтарым: «Бұл кітапта бір емес, бірнеше адамның басынан өткен оқиғалар тізіліп, жүйеге келтіріліп жазылған. Томның келбеті, оның мінезі автордың достарынан, тіпті өзінен алынған. Сізге қарапайым баланың пираттармен бірге саяхатқа кеткені, алтын іздегені қызық емес пе?! Мүмкін, сіздің балаларыңызға қызық болар?! Сонда да бұл кітапты оқуға кеңес беремін»

     «Том Сойер» кітабы балаларға тек күлкі ғана емес, мұң да сыйлай алады. Томның ата-анасының жоқтығы, оның өзі қаламайтын іспен айналысуы және балалар арасындағы салыстырулар мен принциптер оны қатты қажытады. Бірақ та, ол еш мойыған емес! Кез келген тығырықтан шығар жол табатын, өзге үшін өзін құрбан етуге дайын болатын. Өзіме келетін болсақ, бұл кітап мені шынайы достыққа үйретті. Барлық бала қашып, қасқыр көрген қойдай қашатын бір адам бар еді... Ол кім? Ол, әрине – Гекльберри  Финн. Ол – үйі жоқ, әкенің бақылауынсыз қалған, қаңғыбас бала. Дегенмен, ол да өміріне мойымайды. Том екеуі жақсы достасып, көптеген қызықты оқиғаларды басынан өткізді. Жоғарыда айтып өткенімдей, бұл кітап мені достыққа, адамгершілікке, толеранттыққа және әрқашан шыншыл болуға үйретті. Тіпті, менің практикама да өз үлесін тигізді.

...

Скачать:   txt (9.8 Kb)   pdf (67.6 Kb)   docx (10.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club