Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сөзжасам

Автор:   •  Сентябрь 30, 2021  •  Контрольная работа  •  692 Слов (3 Страниц)  •  246 Просмотры

Страница 1 из 3

сөзжасам – номинациялық процесс пен оның нәтижелерінің орындалуын қамтамасыз ететін тілдік сала.

Тілдік жүйедегі сөзжасамның басты қызметі – атау жасау, адам баласының танымдық және рухани дәрежесінің, ғұмырлық тәжірибесінің таңбалық көрінісі бола алатын жаңа атау туғызу. Сондықтан ол номинациялық процестердің жүруіне қызмет етеді, номинациялық атаулар туғызудың жолы мен тәсілін, қалыбы мен типін анықтайды.

Айталық, уақыт ұғымын анықтайтын, бір семантикалық өрісте жататын шақ, мезгіл, уақыт, сәт, мезет, мерзім, кез, кезең, дәуір, заман, көзді ашып жұмғанша, қас-қағымда, әп-сәтте, қас қаққанша, сүт пісірім уақыт, бір ет асым уақыт, қас пен көздің арасында, кірпік қаққанша,  т.б. атаулар уақыттың әртүрлі деңгейі мен шегін айқындау үшін қолданылады.

 Осы атаулар уақыттың белгілі бір ерекше белгісін таңбалау арқылы танымда пайда болып, тілдік қажеттіліктің нәтижесінде әртүрлі мәнде жұмсалады. Жеке ұғым білдіргендіктен, атау ретінде танылады.

Жалпы мағынасы уақыт семасына сәйкес келгенімен, жеке алғандағы ерекше семаларының даралығынан да, оларды бірінің орнына бірін кез келген жағдайда қолдана беруге болмайды.

Айталық, бір буыннан тарайтын түбірлес сөз болғанмен кез бен кезең, сәт пен сағат, мезгіл мен мерзім, тіпті контексте келгенде заман мен замананың мағыналық реңі бөлек болады да, синоним ретінде қолдануға келмейді.

Демек, денотаттың бір белгісі ерекшеніп, танымда ұғым қалыптастырса, тілде таңбаланып, жаңа атау жасала алады. Бұл екіншілік немесе үшіншілік туынды мағына болуы мүмкін..

Кез келген номинацияның табиғатында өзі атап тұрған болмыстың нақты маңызды белгісінің белгіленуі шарт. Осының негізінде атаудың уәжділігі анықтала алады. Кез келген тілдік бірліктің жасалуы, танылуы уақыт факторына тәуелді

Бірнеше маңызды белгіні таңбалау қажеттігі, болмыстың ішкі қасиеті мен мәнінің адам баласына бірте-бірте танылғандығы - әлем бейнесін тілде таңбалау процесінде синоним сөздер мен көп мағыналылықты туғызады.

Сөз – зат пен құбылыстың негізгі белгілерін танытатын ұғымның қалыптасуы нәтижесінде жасалады. Бұл маңызды белгі – осы атау үшін ғана маңызды. Атаудың негізгі мәнін айқындайтын ерекше белгі номинативтік белгі деп аталады.

Атаудың номинативтік белгісі өзге атаулар үшін номинативті белгі бола алмайды. Бұл белгі тек өзі белгілеп тұрған зат не құбылыс үшін ғана маңызды.

Номинативтік ерекше белгісі анықталмаған атау – сөз, лексема ретінде таныла алмайды. Тіпті мағыналық жағынан ұқсас атаулар үшін де номинативтік белгінің әрқайсысының өзіндік жекелік, даралық сипаты сақталуы қажет. Номинациялық атау үшін өзі таңбалайтын заттың негізгі белгісі ерекше маңызды. Номинациялық процестің белгілі уақыт дергейінде өтетіндігіне орай, оны екіге бөліп саралауға болады. Әрі бұлайша бөлу жалпы тіл білімі теориясында қалыптасқан үрдіс: алғашқы немесе біріншілік номинация; екіншілік номинация.

...

Скачать:   txt (10.2 Kb)   pdf (88.9 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club