Ономасиология және сөзжасам
Автор: Gulnaz0404 • Апрель 4, 2023 • Лекция • 541 Слов (3 Страниц) • 463 Просмотры
Ономасиология және сөзжасам
1.Атау теориясы туралы түсінік
2.Номинация мен сөзжасамның арақатынасы
Дәрісте төмендегі сұрақтар талқыланады
- Номинация немесе ономасология деген не?
- Зат пен оның атауы арасындағы байланыс неде?
- Үштаған ұғымы (сематикалық үшбұрыш)
- Болмыс, ұғым, атау
- Біріншілік және екіншілік номинация
- Тілдің шығуы туралы теориялар
Әдебиеттер
1.Шойбекова Ғ.Б. Семантикалық сөзжасам. Алматы, 2015.
2.Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. Алматы. Қазақ университеті, 2003. Қазіргі қазақ тілі, Алматы, 2008.
3.Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. А.,2001
4.Қалиев Қ. Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері. А.,2002.
5.Оралбай Н. Құрманәлиев К. Сөзжасамның жалпы теориялық мәселелері. Павлодар, 2011.
6.Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. А.,1999
Сабақтың мақсаты:Атау теориясы (номинация теориясы) табиғаттағы заттар мен құбылыстардың аталу себебін түсіндіру
Номинация терімсөзі латынның «nominatio» атау мағыналы сөзіне негізделген. Тіл білімінде «номинация теориясы» деп аталатын бұл ілімнің зерттеле бастауының ұзақ тарихы бар. Әлемнің атақты грек ойшылдар Платон, Сократ, Аристотельдің ғылыми трактаттарынан бастау алады.
Тарихы слайдта
Сөз – ойдың көрінісі Баласағұн
Атау үдерісі болмыстың, ұғымның, атаудың арасындағы қатынас арқылы айқындалады. Бұл қатынасты семантикалық үшбұрыш деп атайды.
Болмыс – атаудың денотаты, яғни атау арқылы таңбаланған бүкіл заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен белгілерінің жиынтығы.
Ұғым – есімнің мәні.
Атау – белгілі мағына мен мәнге негізделген дыбыстық қатардан тұратын, таным арқылы анықталатын тілдік таңба.
Атау мен зат арасындағы байланыс ұғымдық түсініктер мен таным арқылы анықталады.
Стив Джобс
Ә.Қайдардың Адам.Қоғам.Табиғат. деп тілдегі заттар мен құбылысты антропоцентристік бағытта қарастыру
Әлем бейнесіне қойылған атау ұлттық таным мен ұлттық дәстүрге тікелей байланысты болады.
Тілдің ұлттық сипатының негізгі тірегі осында. Кез келген атаудың ішкі мәнінде таным түсініктері жатады. Мысалы: шақ, мезгіл, уақыт, сәт, мезет, мерзім, кез, кезең, дәуір, заман, көзді ашып-жұмғанша, қас қағымда,... т.б.
Номинация мен сөзжасамның арақатынасы
Номинациялық процесс біріншілік номинация және екіншілік номинация тұрғысынан қарастырылады.
1.Біріншілік номинацияны айқындау барысында түбірдегі ұғымның мәні, болмыспен байланысы ашылса, түбір сөздің табиғаты арқылы туынды сөздің мағынасы талданады;
...