Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

С.Досжан «Үлкен үйдегі үрей»

Автор:   •  Ноябрь 23, 2022  •  Реферат  •  1,564 Слов (7 Страниц)  •  180 Просмотры

Страница 1 из 7

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырып: С.Досжан «Үлкен үйдегі үрей»

Пәні: Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм

Мамандық: 7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Магистрант: Құдайберген Гүләйім Даурбекқызы

Оқытушы: ф.ғ.к.,  Сатемирова  Д.А

АЛМАТЫ, 2022

Автор поэзиядағы кейіпкерлерін проза жанрына алып келді. Сондықтан оның негізгі кейіпкерлері – әйел-аналар. Қаламгер қыздардың бәріне тән бір ерекшелік – олардың шығармаларында әйелдер тағдырының басым болуы. Қазіргі таңда дүниеге тіршілік нәрін себуші жандардың өмірдегі сан қилы жолдарын әртүрлі тағдыр иелері арқылы әдебиетке алып келіп жүрген де біздің қаламгер қыздарымыз. Себебі, оларға қыз-келіншектер, әйел-аналар өмірі әрі жақын, әрі таныс. Бір ғана отбасы арқылы бірғасырдың мәселесін көтеруге болатынын Ш.Құмарова «Ғасыр нұры» романында көрсеткен болатын. Осындай қыз-келіншектер өмірі арқылы олар өмір сүрген қоғамнан сыр шертетін туындының бірі – С.Досжанның «Үлкен үйдегі үрей» романы. Көлемі жағынан шағын, жып-жинақы романның айтары көп. Мұнда да бір отбасы төңірегіндегі оқиғаға кез боламыз. Мұндағы оқиға Қарқаралының қақ ортасында өрбиді. «Қарқаралының ортасында қараша тамдардан салтанаты өзгеше қос қабатты, сыртын ағаш шар¬бақпен әсемдеп қоршаған үйдің қақпасы құпиялау дыбыспен қағылды» деп басталады роман. Осы жолдарды оқып отырғанда, болыскерей кереуеттің үстінде отырған, жарасқан екі жұптың түнгі тыныштығын бұзған кім болды екен деген сауал оқырманын мазалай түседі.  Қазақ әдебиетінде бәйбіше мен тоқалдар арасындағы қақтығыстан адам өлімі болып,оның бір отбасы деңгейінен шығып, үлкен әлеуметтік деңгейге көтерілгенін кезінде М.Әуезов «Бәйбіше – тоқал», Қ.Кемеңгерұлы «Алтын сақина» тәрізді шығармаларында жеріне жеткізе бейнелеген болатын. Бұл шығарма – бәйбіше мен тоқалдың арасындағы күндестіктен адам аузы бармайтын дүниелердің жасалатынын, күндестіктің жақсылыққа жеткізбейтінін тағы бір қырынан дәлелдеген туынды. Автор Нұрия бәйбіше образы арқылы біздің ұғымымызға сіңіп қалған адуын бәйбішелердің бейнесін жоққа шығарады. Керісінше, жазушы «Кеше келген тоқалдар, шөміш алып қоқаңдар» деген халық даналығына жан бітірген. Нұрия мен Хадиша бейнесі арқылы қазақ халқы айта беретін көргенді жерден шыққан, көргенсіз, текті, тексіз, көпті көрген, түк көрмеген деген тәрізді терең мәнді ұғымдарға қаныға түсеміз. Нұрия бәйбіше – бес мезгіл намазын оқып, бір Аллаға жалбарынған, жарының тілегін тілеген бейкүнә жан болса, Хадиша оған қарама-қарсы кейіпкер. Нұрия өсіп-өнген, дәулетті жерден шықан текті жан болса, Хадиша түк көрмеген көргенсіз. Ол :– Құдайдың берген бір жапырақ баласын пайдаланып, Арсланды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған дүниеқоңыз жан. Бәйбіше: «Хадиша босанса баласын менің бауырыма салар, қазақтар сөйтетін еді ғой» деп жүргенде, ол босанған кезде бұл күніне зар болады. Хадиша баласын ұстатпақ түгілі, үйге кіруге тыйым салып, бәйбішені аула ішіндегі қызметшілер тұратын үйшікке шығарып жібереді.

Бұл қорлыққа шыдамаған Нұрия екі қолын жайып Алладан медет сұрайды. Автор «Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады» дегендей, Нұрияның осы күнгі тілегін Жаратқан иемнің қабыл алғанымен дәлелдей түскен. Міне, осылайша ұл тапқан Хадишаның дегені болып, татар қатынға көрмегенін көрсетіп, мейманасы тасып жүргенде, қазақ даласына келген қызыл төңкеріс Акметовтар отбасының да шат-шәлекейін шығарды. Дүние-мүлкін қалдырып, бала-шағасмен Қазан асып бой тасаламақ болған Арсланның үмітін тоқалы Хадиша үзді. Күйеуінің кең сарайдай ағаш үйін орны толмас мол байлыққа балаған Хадиша көздің жауын алар дүниесін тастап кеткенше, одан тірідей айырылмаудың амалын іздеді. Баласымен ешқайда бар-майтынын, осы үйде қалатынын айтып, дүние-мүлікті басып жатып алады. Амалы таусылған Арслан бәйбішесімен бірге бір түнде бойтасалап кетіп тынады. Романның негізгі оқиғасы Арсланның қайта келуімен басталады. Әкеден қалған алтын- күмістің жартысын өзі алып, қалған жартысын отын қораға тығып кеткенімен, дүние шіркін оны да тыныш жатқызбайды. Ол аз болса, бәйбішеден туғаны қыз бала болған соң, көзіне дүниеден басқа көрінбейтін Хадишадағы баласы Тауфиығын әкесінен қалған мұ-раға айырбастамақ ойы да бар. Бұл кезде көпестің жас тоқалы Хадишаны аудандағы милиция бастығы Төрегелді иемденіп, дүние-мүлкінің біразын қазынаға өткізген болып, қалғанын өзі басып қалған болатын. Жазушы Хадиша өмірі арқылы замандастарына қолмен істегенді мойынмен көтеру керектігін, маңдайыңа жазғанды көрмей көрге түспейтіндігін есіне салады. Оның бір мысалы – бір кезде Нұрия бәйбішені қуып шығып, мейманасы тасыған Хадишаның жалғыз ұлы Таупанын атасынан қалған өз үйіне кіргізе алмауы, оның Ермен пен Шәлиға тәрізді қызметшілерінің қасындағы темір кереуетте биттей болып бүрісіп жатуы. Тауфиығын іздеп келген Арслан өз үйінде қарақшының қолынан қаза тауып, жаназасы да шығарылмай, алтын-күміс сақталған сандыққа салынып, беті жермен-жексен ете тегістелді. Жирен шалының қалай өлтірілгенін көрмесе де, өзі өлтіргендей болып шошыған Хадиша үш-төрт күннен кейін мұрттай ұшып ауырды. Қожа-молда, емші-тәуіптерді қуалап, мешіттерді бұзып жүрген «кәмөнес» алдына келгенде, Ақберен ақсақал көтеріліп кетті. Төрегелдіні алдына отырғызып қойып біраз өсиет айтты: – «Көп қан төгілген өміріңде. Соныңдағы әйеліңнің жүрегіне түскен. Үйіңде аруақ бар, сол сендерді мазалайды. Арғы-бергідегі әруақтарға өмірі бір Құран оқытпапсың... Мына атқарып жүрген қызметіңнің өзі қарғысты көп алғызып, жүрегіңді суытып жіберген. Бір құдайы таратып, әруақтарға құран шығарт. Дінмен, мешітпен көп алыспа. Ақырыңды ойла. Есті азамат бүгінгісін ақырына азық етер, – деп шығарып салды» .

...

Скачать:   txt (21.5 Kb)   pdf (80.5 Kb)   docx (13.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club