Нұр-Сұлтан– Тәуелсіздіктің жемісі
Автор: oralxan.2003 • Ноябрь 3, 2020 • Реферат • 425 Слов (2 Страниц) • 545 Просмотры
Нұр-Сұлтан– Тәуелсіздіктің жемісі.
Нұр-Сұлтан– халықтың санасын жаңғыртқан жасампаз қала.Еліміздің Астанасы ғана емес,Азияның әдемі қалаларының бірі болып есептелінеді.Ел Тәуелсіздігінен кейінгі астананы ауыстыру бас қаланы қайта жаңғыртуды ғана емес,ең алдымен,қазақтың өз таңдауы өз қолында екендігін көрсетті. Нұр-Сұлтан Қазақстан республикасының астанасы.1999 жылы "әлемнің қаласы" атты титулды ЮНЕСКО алды .Қала туристер үшінде ең көрікті қала ретінде саналады.Мында Қазақстанның ұлттық музейі,Президенттік музей ерекше орын алады.Сонымен қатар Есіл өзені,Хазірет Сұлтан мешіті көрікті жерлердің бірі.Қазір қаламызда әр турлі ғимараттар,қонақ үйлер,көрікті жерлер көп.Жазы ыстық,қысы суық демекші, Азияның ең солтүстік астанасы,әлемнің ең суық астанасының тізбегі болып саналады.Сөйтіп,Тәуелсіздіктің үшінші жылында Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы идеясы алғаш рет жарияланды.Кейінен Қараөткел мен Нұра бойындағы Ақмолаға тәуелсіз мемлекеттің жаңа Астанасы келіп орнықты.Астана Алматыдан Ақмолаға неге көшірілді? Оған себеп Ақмоланың еліміздің кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы болды. Міне, содан бері біршама жылды артқа тастап Астанамыз әлем елдеріне танымал бола бастады.Менің ойымша, Нұр-Сұлтанның қазіргі деңгейге жеткені – тәуелсіздіктің жемісінің көрінісі.Тәуелсіздік жылдарында Астана Елордасы болып қалыптасуда қандай жолдардан өтті? Осы жолдарда қолдаушы және қозғаушы күші қалай көрінді? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, тәуелсіздіктің жемісі екендігін дәлелдейін. Біріншіден, әлемдік аренаға шығуына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесі зор.Себебі, Елбасының қолдауымен Астанада халықаралық маңызы бар түрлі форумдар мен шаралар өтті.Атап айтсақ, 2010 жылы Саммиттің өтуі, жетінші Қысқы Азияданың өтуі, «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференцияның өтуі – осының айғағы. Биылғы жылғы өткізілгейі отырған ЭКСПО халықаралық көрмесінің Астана қаласында өтуі бас қаламыздың жемісінің бір көрінісі емес пе? Осындай әлемдік деңгейдегі шаралардың Астанамызда өткізілуі қаламыздың мәртебесін биіктете түседі.Тәуелсіз қазақ елінің бірлігін, ынтымақтастығын көрсетеді.Астана қаласының Тәуелсіздіктің жемісі екендігін айқындайтын дәлелдің бірі әлемдік деңгейдегі сәулет кешендерінің бой көтеруінде деп ойлаймын.Бір ғана қазақ халқын емес, шет елдік азаматтарды да таң қалдырған «Бәйтерек пен «Пирамида» сияқты ұлттық рухты насихаттайтын кешендердің әдемілігі әлем елдеріне танымал болды.Сонымен қатар, Астанамыздың 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атануы, 2012 жылы ТМД елдерінің «Мәдени Астанасы» құрметіне ие болуы- Астана қаласының басты игіліктерінің бірі.Астана қаласының осындайлық аз жыл ішінде жоғары деңгейде дамуы, әрине, Елбасы мен тәуелсіз қазақ елінің арқасында деп ойлаймын.Нұ-Сұлтан-жастар қаласы.Сол кезден бастап көркейіп келе жатыр. Қазір сол, келешектің арман қаласы. Күннен-күнге дамып, өркендеп келе жатыр. Мында спорт және мәдениетті оқиғалар өтеді.Өзінің сәулетімен таң қалдыруда. Сырттан келген қонақтардың көзқарасы, ойы басқаша болады.Жастар үшін мүмкіндік көп.
...