Мұқағали поэзия тұлпары
Автор: xatabudetzimoi • Февраль 20, 2022 • Реферат • 250 Слов (1 Страниц) • 247 Просмотры
Мұқағали поэзия тұлпары
Мектебімізде Мұқағали Мақатаевтың 88 жасқа толуына орай Мұқағали поэзиялық кеші өтті. Мектебімізде өткен іс-шараға оқушыларымыз қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Мұқағалидың тұнып тұрған жырларынан сыр шертті. Кеш Мұқағалидың “Бүгін менің туған күнім, ой пәле-ай” өлеңімен ашылды. Мұқағалидің өлеңін 6-шы сынып оқушысы Бекзат Елдос орындады.Кештің сәнін келтірген “Мен деп ойла” әні болды. Бұл ән 7-ші сынып оқушысы Ноғай Ердәулет орындауында тамашаланды. Бүгінде өлеңдері ең көп оқылатын ақын Мұқағали десек қателеспейміз. ”Жазылар естеліктер мен туралы….” деп ақынның өзі жырлағандай, мектебімізде өткен поэзиялық кеш соның айғағындай. Осы орайда мектебіміздің қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің атқарған істерін атап өтсек болады. Кешімізді жүргізген жас маман Искандырова Ақжарқын өзін жүргізушілік және әншілік қырынан көрсете білді. Мұқағалидың “Поэзия менімен егізбе едің” өлеңін 7-ші сынып оқушысы Боранбай Дулат әдемі мәнермен орындап шықты. Мұқағали поэзиялары біздің сарқылмас, таусылмас байлығымыз. Кеш барысы тағылымды,тартымды өтті. Мұқағалидің поэзиясы да,әні де жырланды. Мұқағалидің соңғы күндерінен көрініс көрсетілді. Осы орайда қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Жапарова Дамира, Абдрахимова Жазираға алғысымызды білдіреміз.Кеш соңы әдемі Аққу” биімен аяқталды. Орындаған 5 сынып оқушысы Жексен Аянат. Кеш соңында сөз кезегі мектебіміздің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Ысқақова Гульнар Қожахметқызына беріліп, апайымыз өзінің тағылымды сөздерімен оқушыларға және ұстаздарға рахметін айтып, болашақта биіктен көрінетіндіктеріне сенімі мол екенін білдірді. Жасай бер Мұқағали поэзиясы [pic 1] [pic 2]
...