Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көркем шығарма тіліндегі қосарлы құбылтулар

Автор:   •  Ноябрь 14, 2023  •  Реферат  •  690 Слов (3 Страниц)  •  200 Просмотры

Страница 1 из 3

Көркем шығарма тіліндегі қосарлы құбылтулар

Көркем шығарма негізі ол тіл. Тіл шығарманың негізгі әрі маңызды бөлігі болып саналады. Тілсіз шығарма жоқ һәм әдебиет жоқ. Көркем әдебиет тілінің мақсаты – тілдің жеткізбек болған мағыналық ой қуатын көрнекі, қалың сурет бояумен орап,  безендіріп жеткізу. Ол үшін негізінен затты не құбылысты өзге нәрсеге теңеп, ұқсатып, әсірелеп, балап айту тәсілі қолданылады. Шығарма тілін ажарлап, көркейту үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады. Солардың бәрін негізгі екі топқа бөліп қарауға болады. Олар троп және фигура деп аталады.

Троп (грекше tropos - бұрылыс,бұрма сөз орамы ) – сөзді тура мағынасында емес, ауыспалы мағынасында ойды бүркемелей, астарлап жеткізетін, сөздің әсерлігін күшейтетін әдеби тәсілдер. Троп арқылы көркем тілдің мағыналық және эстетикалық шырайы артады және осындай ерекшелігіне байланысты оны көркем әдебиетте, шешендік сөздер мен публицистикалық сөздерде қолдану тиімді екендігі байқалады. Троптың түрлері: метофора, кеиіптеу, эпитет, метонимия, синекдоха, теңеу, гипербола, литота, аллегория, символ жатады. Л.И.Тимофеевтің айтуынша троптың тілдік үш міндеті бар: біріншісі танымдық, екіншісі даралаушылы, үшіншісі жеке көз қарасты бағалау. Әдетте, осы үш қасиет бүкіл тілдік поэтикалық комбинацияларының бойынан табылып жатады.

Көркем шығармада қосарланып келетін құбылтулар кездеседі. Олар Метонимия мен синекдоха және гипербола мен литота.

Метонимия ( грекше metonymia – қайта атау деген ұғымды береді) – сөзді ауыспалы мағынаға көшіріп қолданатын троптың бір түрі. Метонимияның көркем шығармаға қажетті тұсы, сапалық көрсеткіші сөзді ауыспалы мағынада қолдана отырып оған тағы бір мән үстеу. Көркем шығармадағы метонимиялардың қолданысына мысал келтіретін болсақ:

Ол жолы Әбілқайырдың қасындағы қол бұдан әлдеқайда көп-ті.(3.232б)

Бұл сөйлемдегі  «қол» сөзі адамның денесінің бір бөлігін білдіріп тұрған жоқ ол жекеше түрде тұрғанмен, көптік мағынада қолданылып, «әскер» деген  мағынаны білдіріп тұр. Қазіргі қазақ әдеби тілде  «қол» сөзінің бұл метонимиялық мағынасы тұрақты қолданады және бұл жерде де «қол» мағынасын сол мақсатта қолданып тұр.

Синекдоха ( грекше synecdoche – ара қатыстылық) – бүтіннің орнына бөлшекті, немесе бөлшектің орнына бүтінді, кішінің орнына үлкенді, болмаса керсінше үлкеннің орнына оның кіші бөлшегін қолданатын тәсіл, троптың бір түрі. Синекдоха атқаратын көркемдік қызметі жағынан метонимиямен ұқсас. Мысал келтіретін болсақ:

Өтсе де елеңдетіп көп ай тағы,

Өзіңді енді келмес деп айтады.

Өзге жұрт біздің үйдің иесі деп,

Бүгінде өзіңді емес мені айтады.

Ай да бір сәт қалжырап,

Бүркенді шарбы бұлтты

 Ауыл түгел маужырап,

Әйнектер көзін жұмыпты

Бұлт бүркеніп ұйықтапты ай,

 Кетіпті қалғып сар дала.

Біреуін жастық ұйықтатпай,

 Біреуін қарттық ұйықтатпай,

Ояу екі жан ғана [3.21 б.].

Жоғарыдағы өлең шумақтарындағы «ауыл түгел» - адамдардың барын білдіреді, «әйнектер көзін жұмыпты» - адамдардың ұйықтағаның, «екі жан» - кәрілік пен жастықтың мағынасында бейнелеп тұрү Қазақта жақын жер, алыс емес деудің орнына тиіп тұр, таяқ тастам жер дейді. Бұл да синекдохаға жатады.

...

Скачать:   txt (9.4 Kb)   pdf (102.2 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club