Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

История библиотеки

Автор:   •  Март 31, 2021  •  Реферат  •  2,032 Слов (9 Страниц)  •  325 Просмотры

Страница 1 из 9

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

«Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

№ 3 қалалық кітапхана

[pic 1]

Ақтөбе 2020 ж.

                                                                      Адамзаттың ең  ұлы  жаңалығы жазу,                     ал оның  сүйікті  перзенті –

кітап  адамдық  болмыстың  ең

                                                                                биік  қорғаны, ең бекем  кепілі.

                                                                                                               

Ә.Кекілбаев.

                                         

КІТАПХАНА  ТАРИХЫ

   

Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады. Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ.

               1987 жыл №5 қалалық кітапхананың негізі қаланған жылы болып есептеледі. Кітапхананың жалпы алаңы 81,8 кв. «Қалалық  мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің  басшысы   М.Н.Қорғанбаеваның  2005 жылдың 28 маусымындағы № 14-п бұйрығы  негізінде  №5 кітапхана №3 болып /нөмірі/ өзгертілді.

2012 жылы кітапханаға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді (терезелер, жылыту батареялары ауыстырылды).

№3 қалалық кітапхананың тарихы мен жетістіктері – ол тек қана мерзімдер мен көрсеткіштер ғана емес, сонымен бірге осы кітапханада ондаған жылдар бойы еңбек еткен адамдар. Кітапханада  1987-1997 жылдар аралығында Колпакова Л.,  1997-2003 жылдар аралығында Аймақова Б.З, 2003-2016 жылдары Турешова Асылай Адилханқызы кітапхана  меңгерушісі  болып  қызмет  атқарған. Турешова А.А  «Конституцияға 20 жыл» мерейтой медалімен  2015 жылы марапатталған. Қазіргі  таңда  2016 жылдан  бері кітапхана  меңгерушісі болып  Тамабай Гүлзайда Өтениязқызы, кітапханашы Мұхтар Салтанат Серікбаевна қызмет  атқаруда.

Кітапханада  оқырмандарға  оқу  залы, абонемент, балалар бөлімі, қызмет  атқарады. Қазіргі заманғы жаңа технологиялармен жабдықталған, өз кезегінде студенттердің оқуына және оқытушылардың жұмысына жағымды жағдай қалыптасқан. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен енгізуге және дамытуға баса назар аударылады. Бұл пайдаланушыларға қызмет көрсетуді жаңа деңгейге көтеретін кітапханалық үрдістерді автоматтандырудың жаңа шешімі. Кітапхана пайдаланушылардың жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық санаттарына ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруды, сонымен қатар кітапхананы оқу мен ақпарат орталығына айналдыруға, Интернет арқылы дүниежүзілік ақпараттық кеңістікті бағындыруға және компьютерлік технологиялар негізінде қосымша қызметтерді көрсетуге тырысады. 

Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері өз жұмысында қатардағы күнделікті оқырмандарға қызмет көрсете отырып, көпшілік шаралар, соның ішінде түрлі тақырыптағы кездесулер, акциялар, оқулар ұйымдастыру бағытында егде жастағы және ерекше жандармен жұмыс жасауды назардан тыс қалдырмайды. Негізгі мақсат - мүмкіндігі шектеулі жандардың өзге азаматтармен тең құқылы түрде ақпарат алуына, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, оқуға деген құштарлықтарын оятуға ықпал ету болатын.

Пайдаланушылар интернет желісін, электрондық веб-ресурсты пайдаланып, түрлі мәліметтер ала алады. Кітапхана компьютерде жұмыс істеуді үйренуге, құжатты сканерден өткізуге, электронды тасымалдауға, құжаттардың көшірмесін жасауға мүмкіндіктер жасалған ақпараттық мәдени орынға айналып отыр.

2006 жылы автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық «Ирбис 64» жүйесі, 2017 жылы «Веб Рабис» бағдарламасы енгізіліп, электронды каталог жасақталуда. «Веб Рабис» базасы негізінде автоматтандырылған кітап беру, электронды оқырман билеті, кітапты түгендеу бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізілуде.

Кітап  қоры 25254 дана оның  ішінде 6591 данасы  қазақ  тілінде. Кітап  қоры жыл сайын жаңа кітаптармен  жаңартылып  толықтырылып  отырады. Бүгінде оқырмандарымыз 29 атаулы мерзімді басылымдарға қол жеткізе алады. Оның 21 данасы мемлекеттік тілде. Оқырмандар сұранысына ие болып отырған журналдар: «Жұлдыз», «Парасат», «Ақиқат», «Денсаулық», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Ақтөбе» және басқа газеттер.

...

Скачать:   txt (20.8 Kb)   pdf (131.9 Kb)   docx (38.8 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club