Архетип
Автор: Altyn Talgat • Ноябрь 24, 2022 • Реферат • 1,441 Слов (6 Страниц) • 204 Просмотры
Архетип теориясының ғылыми айналымға енуі швед психиатры К.Г.Юнгтің оқуларына телінеді. Ғалым бағзы заманда Аристотельдің көзқарасына қарамастан, барлық құбылыстың алғышарты және “мінсізтәртібі” ретінде ұсынылған “Идеяны” мысалға алып, архетиптің әсте жаңа термин еместігін, бұған дейін Августинде қолданылғанын, оның ІІІ ғасырға тиесілі болуы мүмкін Корпус Херметикум кітабында Құдай “архетиитік жарық” ретінде сипатталғанын айтады.
К.Г.Юнгтің жазбаларында архетиптердің сипаттамалары мүлде өзгеше, себебі, оның әр жұмысы архетиптің бір қырын, қасиетін ашуға және нақты анықтама беруге бағытталған.
К.Г.Юнг “архетип” терминін ғылыми айналысқа еңгізуді бірнеше кезең арқылы жүзеге асырады. Барлық сөздіктер мен тұжырымдамаларды К.Г.Юнг еңгізе отырып, оның түрлі анықтамаларын келтірген. Барлығын бір арнаға тоғыстырып көрсетсек:
1) ұжымдық бейсаналықтағы алғашқы образдардың қандай да бір құрылымы және түсініктен тысқары символдық ой категориялары;
2) Мазмұны барлық жерден бар абсолютті жалпылық болып табылатын ұжымдық бейсаналықта орналасқан ең ежелге және ең жалпы ортақ адамзат түсінігі; “Барлық жерде өмір сүре алатын” мотивтер мен олардың комбинациялары;
3) Бейсаналық түрде іске асырылатын және архаикалық рәсімдерде, мифте, символда, сенімдерде, психикалық іс- әрекет актілерінде, сондай-ақ қазіргі заманға дейінгі көркем шығармашылықта белгілі бір мазмұнға ие болатын тұрақты әмбебап психикалық схемалар (фигуралар);
4) Барлық психикалық процестер мен толқыныстардың өзегінде жатқан ұжымдық бейсаналықтың құрылымдық элементтері; идеялар әлемі;
5) “Алғашқы образ”- “архетиптер” арқылы іске асырылатын адамзат тәжірибесінің ең терең және ең құнды қоры;
6) Ми құрылымындағы елестету мүмкіндігіне ие кодталған “ұйқыдағы ой формалары”. Әр халықтың шығармашылық рухын, сезімдері мен құндылықтарын қалыптастырады
7) Индивидтің туа біткен ерекше әрекеттерін инстинкт деп атайды, бұны архетип деп атауға да болады;
8) Жалпы идеялар немесе ақыл- ой принциптері;
9) Бейсаналықтың мәні айқын бейімділікпен көрінетін қандай да бір алғашқы бейне. Барлығына түсінікті, бәріне тән, барлығымен айтылады және жасалады;
10) Ұжымдық- бейсаналықтағы құрылымдық схемалар, образдардың құрылымдық алғышарттары психикалық энергияның шоғыры ретінде;
11) Мифологияда да, өнерде де оның тарихи дамуының барлық кезеңдерінде көрінетін адам қиялындағы тұрақты және қарапайым “схемалар” немесе “формулалар”.
12) Биологиялық тұқым қуалайтын бейімділіктер;
13) Психикалық реакцияның алғашқы түрі;
14) Белгілі бір мотивтерді тудыратын негізгі фигуралар немесе заттар- символдар жиынтығы;
15) Шығармашылық энергияның шоғыры;
16) Шығармашылық материалды қалыптастыру принципін қадағалауға қызмет ететін қандай да бір доминантты құрылымдар;
17) Жанның инстинктивті күштерін реттейтін формалар мен категориялар. Ең айқын әрі қуатты идеялар қай кезеңде болмасын архетиптерден шыққан. Басқаша айтқанда, бұл инстинктивті мінез- құлық үлгілері;
18) “Интуицияның” априорлық, туа біткен түрлері, түсіну тәсілін анықтайды;
19) Адамның қабылдау және түсіну тәсілдерін өзіндік адами қалыпқа мәжбүрлі сәйкестендіру;
20) “Түсінудің” типтік тәсілдері;
21) Типік өмірлік жағдайлар қанша болса, олар да сонша;
22) Констеллирлік архетиптер және белсендірілген архетиптер, яғни атадан балаға мұра болып келе жатқан ойлау құрылымы;
23) Тұрақты жұмыс істейтін автономды факторлар;
24) Шарықтаған қиялдың өзін шектеп, оның қызметін белгілі бір категориялар ішінде ұстап тұра алатын идеяның туа біткен мүмкіндіктері. Тариха үнемі қайталанып отыратын және шығармашылық қиял бар жерде көрінетін түпнұсқа сурет, яғни мифологиялық фигура;
...