Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абайдың қара сөздері

Автор:   •  Октябрь 14, 2023  •  Эссе  •  254 Слов (2 Страниц)  •  179 Просмотры

Страница 1 из 2

Абайдың үлкен философиялық мәнге ие, өте көркем үлгіде жазылған, әлеуметтік жағдайлар мен діни көзқарастары жинақталып көрсетілген асыл қазынасы – қара сөздері. Классикалық стильде жазылған прозалық шығарма Абай Құнанбайұлының шығармашылығының ерекшелігін айқын көрсетіп тұр. Қара сөз проза ретінде жазылғандықтан, онда еркін ой тұнып тұр.

Өмір мен өлімді, дін мен мінезді, еңбек пен халық болмысын тереңдете түсіндіріп, аз сөзбен көп сөзді ұғындыратындай шығарма және оны жазатын ғұлама-ғалымдар да, ақын- жазушылар да болмаған еді. Біз алғашқысы Абай екендігін мақтана айта аламыз.

Қара сөздегі ерекшеліктерге тоқталып өтпеске болмайды. Абай қара сөздерінде өзі сөз бастайды да, сөзінің жалғасын, сұрақтың жауабын оқырманнан күтеді. Яғни, екеуара әңгіме- дүкен құрып отырғандай болады. Бұл оқырмандарға ерекше әсер беретіні, соңы белгілі бір нәтижеге жеткізетіндігі анық. Себебі, сұрақ қоя отырып, оқыған жанды бақылап отырғандай көрінеді. Тағы бір ерекшелігі қырық бес қара сөзі де қырық бес мәнге ие. Бір біріне тақырыбы мен мазмұны ұқсас болғанымен, соңы әртүрлі мәнге , терең ойға әкеліп соқтырады. Қара сөздердің көп бөлігі адамгершілік, қазақ халқы, болмыс, діни және сыни көзқарас. Сынның бәрін көтере отырып, өзімізді дамытуымыз керек. Өзімізді танимыз да,өз-өзімізді түзейміз.

Менің ұғынғаным қара сөздердің жазылу мақсаты, адамды тәрбиелей отырып, өскелең ұрпақты толық адам етіп шығару. Абайдың айтуынша біз толық адам болу үшін ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі байланыстыра отырып, басқара алуымыз керек. Ой елегінен өткізген жанға үш сөз тіркесінің мәні аса зор. Осы қанатты сөздер арқылы үлкен жетістіктерге жетеріміз Елбасымыздың да алға жылжу идеясына айналып отыр.

Мәні мен мағынасын түсіне отырып, керек кезде қолданып, онымен тоқтамай адамдарға үйрете алуымыз керек. Сонда ғана саналы, дінге берік, адал, білімді азаматтары мол бірлігі жарасқан ел боламыз!

...

Скачать:   txt (3.4 Kb)   pdf (36.6 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club