Шпаргалка по "Культурологии Казахстана"
Автор: Mask • Ноябрь 19, 2021 • Шпаргалка • 21,605 Слов (87 Страниц) • 273 Просмотры
1.Ортағасырдағы Қазақстандағы түркімәдениеті және оның еуропалық және исламдықмәдениетке әсері.
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткантүркі тайпалары негізінде қалыптасқан мөдениеттің жалпыатауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен Алтай өңірі болған. "Халықтардың ұлы қонысаударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жөнеАлдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кеңтаралып орналасқан. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бірақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқақатысты "түркі"терминін қолдану қалыптасқан, біз соғанарқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптегентайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркіқағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңыздыорын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумынқаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісібарынша кеңіп, ұланғайыр өлкедегі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным сенімдерітуралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспанденелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтайалған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынанбіршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделіғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрліәдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қоскүшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған жәнеКүнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілерүшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарыныңмәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспанәлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі
Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнанбұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуірге бөліп қарастыруға тура келеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақтарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір- б.з.д. VI-V ғасырлардан бастап- б. З.VIII ғасырына дейінгі аралықта «Тұран» депаталып келді. Ал VIII-XV ғасырлар аралығындаортағасырлық дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XV ғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес одағықұрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғаншааталып келді.
Ислам әлемінде VIII-XV ғасырлар аралығында дүниегекелген ғылыми жаңалықтары мен әдеби туындылары әлеммәдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқынмен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдарымен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан жәнеКипр мемлекеттерімен бірге автономиялық Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқанүлестері, олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады.
Түркілердің Ислам тарихына араласуы VIII ғасыр аясындабасталады.
Түркілер тек қана білім мен ғылым саласында қорғауменшектелмей исламды саяси тартыстардың қыспағынан аман-есен алып шығуға айтарлықтай ерлік жасап, қандышайқастарда ұлы жеңістерге жетелеп отырды. Түркілерарасынан исламның нығаюы мен даму жолында аянбай тер түкен көптеген тұлғаларды атауға болады. Ислам дініәлемнің төрт тарапына қанат жайып, беки түсуіне Ислам тарихындағы төрт халифадан (шәдияр- Әбубәкір, Омар, Осман, Әли, оларға Алланың раһметі жауғай) кейін : Қарахан Боғра, Сейфеддин Құтз, сұлтан Бейбарыс, II сұлтанМұхаммед фтиһ(жеңімпаз) Ислам дінінің өрлеуіне ерекшеүлес қосып, исламның жаңа бір белеске көтерілуіне негізқалады.
...