Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Истории Казахстана"

Автор:   •  Июнь 2, 2022  •  Шпаргалка  •  44,070 Слов (177 Страниц)  •  151 Просмотры

Страница 1 из 177

1.«Қазақстанның қазiргi заманғы тарихы»  пәнінің тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.

   Қазақстанның қазіргі заман тарихы қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтауға, еліміздің ішкі жағдайының дамуына көмектеседі. Себебі, Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихы жайлы мағлұматтар бере отырып, оқырмандардың жаңаша ой қалыптастыруына түрткі болады десек те болады.Ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі болды. Өйткені қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болған болатын. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет.

   Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінде  Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялары мен қозғалыстар тарихы негізгі басшылыққа алынып жазылған. Бұл пәнді саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану сияқты өзге де қоғамдық ғылымдармен байланыстыруға болады.

Бұл пәнді оқытудың маңызы өте зор. Себебі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізген соң, оны жан-жақты және объективті зерттеу,халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу ең көкейкесті мәселелердің бірі бола түсті. Мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады.

Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Міне, сондықтан да бұл пән барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік жоспарларына енгізілген.  Пәннің негізгі бағыттары оқытушыларға ұсынылып отырған осы типтік бағдарламада көрініс табады.

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.

Қорытындылайтын болсақ, "Қазақстанның қазіргі заман тарихы"  пәні тек қана оқу құралы емес, ол адамдарға ой салатын, тәрбиелік мәні бар, адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін, тарихи оқиғалардан сабақ алуға жәрдемдесіп, біздің тарихи санамыздың қалыптасуына көмектесетін бірден-бір оқу құралы. Бұл пәнді оқу арқылы біз бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтай отырып, елдің жан-жақты дамуына көңіл бөлу керектігін түсінеміз. Және соған қарай нық қадамдар жасауымыз керек.

2. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.

XX ғасырдан бастап Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өмірінде күрделі өзгерістер болды. Қазақ қоғамында демократиялық ой-пікір , ұлттық сана өсті . Отаршылдық –әкімшілік басқару жүйесі қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматарының сана –сезімі , ұлттық намысының оянуына түрткі болды.

Патша үкіметінің Қазақстандағы саяси тәртібі , оның салдары және соған байланысты қазақ қоғамында саяси –қоғамдық ой –пікірдің қалыптасуы дамуы туралы ғылыми зерттеулер жазылып, кеңестік дәуірге сәйкес бағасын алды. Бірақ оларда қазақ ағартушыларының және зиялыларының еңбектеріндегі саяси-құқықтық идеяларына ұлттық мүдде тұрғысынан баға берілмеген.

...

Скачать:   txt (643.5 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (1.4 Mb)  
Продолжить читать еще 176 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club