Спирт өндірісінде пайдаланылатын микроорганизмдер түрлері мен сипаттамалары
Автор: Shugyla Tasbolatova • Апрель 27, 2023 • Эссе • 336 Слов (2 Страниц) • 169 Просмотры
Тасболатова Шұғыла БТ-201
Эссе
Спирт өндірісінде пайдаланылатын микроорганизмдер түрлері мен сипаттамалары
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Қорытынды
Кіріспе:
Спирт халық шаруашылығымен тығыз байланысқан.Ннгізі спирт ауылшаруашылығында көмек материлы және де шикі зат ретінде де қолданылады.Спиртті азықтық ақуыз витаминдер алу үшін пайдаланылады.Этил спирті әлемде кеңінен таралған.Тамақ өндірістерінде негізгі тұтынушы өнімі ол арақ.Жәнеде шарап өнімдері,вино және парфюмерияда косметика өндірістеріне спирт кеңінен қолданылады.Тағам биотехнологиясында спирт өндіру үшін мынандай шикізаттар керек астық тұқымдардың дәні,картоп сульфат сахары,сүрек қанты және т.б.
Негізгі бөлім:Спиртті биохимиялық әдіспен өндіруде мынандай микроорганизмдер қолданылады:алкогольдік ашытуды бастау үшін ашытқы және қоректік ортаны қышқылдандыру және оның сапасын жақсарту үшін сүт қышқылды бактериялар және де қанттандырғыш препараттарды дайындауға арналған зең саңырау құлақтары.Спирт өндірісінде қолданылатын ашытқылар наубайхана ашытқылары сияқты бір тұқымдасқа және түрге жатады.Дегенмен,кішірек жүйелік бірлік –өндірістік нәсілдер тек наубайшы ашытқы нәсілдерінен ғана емес,сонымен қатар олардың арасында да айтарлықтай ерекшеленеді.Мысалға шикі картоп дәнін өңдеу кезінде кейбір нәсілдер қолданылады,ал меласса үшін-басқалары қолданылады. Піскен споралар қапшықтан төгіліп,жұптасып көбейіп диплоидты вегатативті жасушалар түзеді.Және содан кейiн бүршiктену.Ашытқы глюкозаны,левулозаны,сахарозаны,мальтозаны,галактозаны,рафинозаны үштен бiрiне ашытады,бiрақ лактоза,ашытылмайды.Қоректік ортада 13%-ке дейiн спирт түзiледі,үстіңгi ашытқысы ұнтақталған,ашыту кезiнде орта бұлыңғыр,бірақ ашыту соңына қарай тығыз тұңба түзіледi.Олар үш»н оңтайлы температура 30-33° C.Спирттiк ашытқыларға қойылатын талаптар:ашытқыда aшыту ферменттердің белсенді кешені болуы керек және ортада жиналатын спиртке төзiмдi болуы қажет;қoршаған ортaдағы жоғары қышқылдығына төзуге және олард басқа микроорганизмдерден тазартуға күкірт қышықылымен өндеген жақсы;қоршаған ортада қатты заттардың жоғары концентрациясына жақсы шыдайды.Ашытқы цехындағы арнайы өндірістік жабдықтарда оларды көбейтiп,өндiрicтik aшытқы алынады.
...