Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Анатомияда қолданылатын рентген әдісін сипаттаңыз

Автор:   •  Февраль 9, 2023  •  Реферат  •  1,239 Слов (5 Страниц)  •  193 Просмотры

Страница 1 из 5

Нақыпбек Інжу. Қоғамдық денсаулық сақтау 22-01

16 – билет

  1. Анатомияда қолданылатын рентген әдісін сипаттаңыз.
  2. Асқорыту мүшелерінің маңызын, қызметін сипаттаңыз.
  3. Көру мүшесінің құрылысы мен қызметін сипаттаңыз

       1.Анатомияда қолданылатын рентген әдісін сипаттаңыз

      Рентген әдісі – анатомия ілімінде маңызы зор әдіс болып табылады. Рентгендік әдістер  электромагниттік сәулелену арқасында жұмыс істейтін мамандандырылған рентгенологиялық қару көмегі арқылы жүзеге асады. Науқастардың халін алдын алу және бақылау мақсатында ғана емес, сонымен қатар емдеу әдістері кезінде пациентті бақылау ретінде де қолдануға болады. Рентгендік зерттеу әдісі пациенттің жас тобын, күдікті немесе ұзақ уақыт диагноз қойылған ауруды, дененің кейбір жеке ерекшеліктерін және басқа критерийлерді ескере отырып таңдалады. Оның мақсаты: зерттелетін аймақтың функционалдық және анатомиялық-морфологиялық қасиеттері туралы ақпарат алу. Яғни әр түрлі диагностикалық әдістердің үйлесімі патологияның ең толық және клиникалық көрінісін көруге, пациенттің  негізгі проблемасы мен ауруының белгілерін анықтауға, аурудың себептерін ауырмай жатып білуге үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл зерттеу әдісін қазіргі таңда бүкіл медицина саласы қолданады. Себебі, ішкі құрылыстың сипаты, сүйектердің қалыпты жағдайда орналасуы, мүшелердің орналасуы мен бір біріне әсерін рентген саласы анықтайды. Біз анатомияда я болмаса медицинада науқастың тек сыртқы құрылысына қарап диагноз бере алмаймыз яғни ішкі құрылысындағы жағдайды да білуіміз керек. Ол үшін рентген сәулесі бізге қажет болады және ол үлкен рөл атқарады.  

                 Рентгендік зерттеудің қолдану салалары:

  1. Пульмонология (өкпе мен бронхы ауруларын зерттейтін сала).
  2. Ортопедия ( аяқ пен өкшенің орналасу дұрыстығын зерттейтін сала).
  3. Гастроэнтерология (асқазан-ішек жүйесі органдарын зерттейтін сала).
  4. Ангиопульмонография ( рентгендік компьютерлік томография әдісін қолдана отырып, рентгендік зерттеу саласы)
  5. Өт шығару жүйесін зерттеу ( өт жолдарын зерттеу).
  6. Травматология (зақымдалған тіндерді жедел диагностикалау үшін).
  7. Кардиология ( жүрек қызметі мен құрылысын зерттейтін сала).
  8. Урология ( еркек жынысын зерттейтін сала).

                  Сандық және аналогтық рентгендік жабдық

   Сандық рентген – сәулеленуге сезімталдығы бар сенсорлар. Нәтижесіндегі суреттерді дербес компьютерге беруге болады. Жабдықтың ерекшелігі: сурет сапасы айтарлықтай өте жақсы әрі сапалы және сенсорлары жоғаряы сезімталдыққа ие. Ажырату өте оңай, жылдам суретке түсіру мүмкіндігі жоғары, сондай-ақ сәулелелік жүктеме рұқсат етілген ең төмен деңгейге дейін азаяды.

   Аналогтық рентген суретті пленкага шығаруға мүмкіндік бергенмен, бірақ бұл жабдықты қолдану қолжетімділігі аз. Артықшылығы: ішінде тек қолжетімді бағаны айтамыз, бұндай аналогтық рентген жабдығы цифрлыққа қарағанда арзанырақ болып табылады.

 

          2.Асқорыту мүшелерінің маңызын, қызметін сипаттаңыз.

     Адам өміріндегі ең маңызды жүйе – асқорыту жүйесі. Асқорыту жүйесін асқазан ішек – жолдары мен қосымша мүшелер атқарады. Олар асты жеткілікті қорытып, энергияны шығаруға үлесі көп. Ересек адамдарда қарынның сыйымдылығы 1,5-2 литр. Қарында тұз қышқылы, ферменттер астың қорытылуына айтарлықтай қызмет атқарады.

    Ол негізі үш қабаттан тұрады:

 сыртқы – дәнекер ұлпасынан;

 ортаңғы – бұлшықет қабатынан;

 ішкі – эпителий ұлпасынан;

Ас қорыту жүйесі үш бөлімге бөлінеді: алдыңғы, ортаңғы, артқы.

    Алдыңғы бөлімге ауыз қуысы, жұтқыншақ және өңеш кіреді. Негізі бұл жерде  тамақты механикалық барысы іске асады.

    Ортаңғы бөлім асқазаннан, аш ішектен және тоқ ішектен, бауырдан және ұйқы безінен тұрады, бұл бөлімде тамақты  химиялық өңдеу, қоректік заттарды сіңіру және нәжісті қалыптастыру жүзеге асырылады.

     Артқы бөлім тік ішектен ары  қарай нәжістің ағзадан шығарылуын қамтамасыз етеді және перистальтика деп аталатын ас қорыту түтігінің ерекше қозғалысын қамтамасыз етеді.

 Орташа есеппен алғанда, ересек адамдарда асқорыту  каналының ұзындығы  9-10 метр. Олар келесі бөлімдер арқылы ерекшеленеді:

...

Скачать:   txt (15.2 Kb)   pdf (83.9 Kb)   docx (292 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club