Апаттар аз ба еді осынау қоғамда
Автор: kanatkozeibai123 • Ноябрь 24, 2022 • Эссе • 668 Слов (3 Страниц) • 204 Просмотры
Апаттар аз ба еді осынау қоғамда...
(эссе)
«Экология» терминінің де ғылымға енгеніне бір жарым ғасырдан асыпты. Қазіргі заманғы экологияның құрылымына назар аударсақ, көптеген өзгерістерді бірден байқауымызға болады. Жаңарған, түрленген бұл ғылым саласы. Неге олай десем, ғылым мен техника, өндіріс дамыған сайын экологиялық мәселелер де көбейе түседі екен. Баспасөз беттерінен, интернет ресурстарынан бұл жайында біраз нәрсенің жайын аңғардым, ақпаратқа қанықтым. Әсіресе, американдық ғалым, эколог Б.Коммонердің экологияның «барлығы барлығымен байланысты», «бәрі қайда болса да бару қажет», «табиғат жақсы біледі» және «еш нәрсе тегін берілмейді» деген қарапайым төрт заңы қызықтырды мені. Соңғы онжылдықта жер шарындағы тіршілік белгісі бар бөлігіне төнген қауіп, көптеген өнеркәсібі бар дамыған елдерді экологиялық проблемаларға алаңдауға мәжбүр етті. Табиғатқа келтірілген шығынның орнын толтыру, қоршаған ортаны сақтау шаралары үшін орасан үлкен қаржы бөлінгенмен, оның барлығы бос әурешілік болып қалуда. Біздің еліміздегі экологиялық проблемаға Семей ядролық сынақ полигонының орны мен Арал теңізінің тартылуын алсақ та жетіп жатыр. Бұл екі аймақ та ерекше назар аударарлық экологиялық апат аумағы болып тұр. Тек қана біздің елге емес, әлем елдеріне де қауіп төндіре бастады. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек. Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау - міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі қиындап кетті. Оны мойындауымыз керек. Табиғатты қорғау, сақтау - қазіргі жастардың қолында. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. «Адам - табиғаттың патшасы» деген ұғым бар. Сондықтан, табиғат - адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп - өніп, жетілген. Табиғат - ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Табиғат - сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен, қазір сол табиғат ластануда. Соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін оны ластамай қорғауымыз керек. Мен өз қатарластарыма осыны айтқым келеді және де әлемде болып жатқан апаттарға бей – жай қарай алмайтындықтан, төмендегі өзімнің шын жүрегімнен шыққан өлең жолдарымен эссемді аяқтаймын.
...