Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанда қоныстандыру саясаты XIX

Автор:   •  Сентябрь 16, 2020  •  Контрольная работа  •  1,982 Слов (8 Страниц)  •  506 Просмотры

Страница 1 из 8

1.Жалпы Қазақстанда қоныстандыру саясаты  XIX ғасырдың ортасында бертің келе басталды. Егер бұған дейін Ресейден Қазақстанға көбіне әскери топтар,казактар ғана келіп қоныс аударып жүрсе,ендігі жағдай мүлдем өзгеше болды. Бұлай кең көлемде қоныс аударушылықтың себебі, мақсаты  неде?

Ең алдымен, қоныстандыру Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстауының тоқталуымен байланысты. Тәуелсіздікке ие болса да ендігі шаруалар Ресейде жерсіз қалды. Мұның өзі шаруалар көтерілісіне әкелді. Патша үкіметі шаруалардың толқуларының әрі қарай өршімей тұрғанда шешім қарастырып, оларды Қазақстанға және Сібір аумақтарына жаппай қоныстандыру шараларына іске кіріседі.Мақсаты мен себептері, ең бірінші, патша үкіметі қоныс аударушы шаруалардың есебінен Қазақстанан қазақтарды бірітіндеп оқшаулауды көздейді. Екіншіден, қазақ өлкесінде патша үкіметінің сенімді тіректері болады деп санады. Үшіншіден, жаппай қоныстандыру арқылы қазақ халқын дәстүрлі мал шаруашылығынан айырып, отырықшы халық жасауды көздейді, соның арқасында қыруар жер босап,халықты қатаң режимде ұстау мүмкіншілігіне ие боламыз деді. Төртіншіден, өлке халқын орыстандыру, ислам дінін шектетіп,христиан дінін енгізу. Бесіншіден, жаңағы отырықшыландыру арқылы қазақ өлкесін астық қоймасына айналдыру. Бұл қоныстандырудың басты себептері деп санаймын.

XIXғ.60-жылдарындағы Ресейдегі буржуазиялық реформалар.  Үкімет дайындаған басты реформаның бірі-шаруа, яғни, крепостнойлық правоны жою. Патша шаруалар толқуларының әр жыл сайын күшейіп келе жатқанын көріп, ендігі шаруалардың помещиктердің билігіне төзе алмайтындықтарын көрді.Сөйтіп, 1861жылы 19 ақпанда крепостной право жойылды. Енді шаруаларды сатуға, күштеуге болмады. Шаруалар жеке меншік құқығына ие болды.Ауыл шаруашылығы ендігі жерде аграрлы-индустриялды сипат алды.Шаруаларды ауыр жағдайдағы шарашылық жерлерді алуға мәжбүрледі.Бұл кездегі ауылшаруашылықтың дағдырысың көрсеткіші- нанның құлдырауы болды.Кәсіпкерлер ірі шауруашылықтармен айналыса бастады,ал шаруадың еңбегі шет қалды. Осы негізінде шарулар Қазақстанға қоныстана бастады.

Қоныстандарудың I кезеңінде шаруалар өз беттерінше Сібірдің әптүрлі қалаларына, қазақ станицаларына, Саумалкөл жеріне, Қорған,Есіл округтеріне қоныстана бастады.1868 ж  Колпаковский басшылығымен  Жетісуға қоныс аудару ережесі қабылданды. 30 десятинадан бөліп беру көзделді, алым –салықтан 15жылға босату, пайыздық өсімсіз қарызға беру сияқты жеңілдіктер қарастырылды. Бірақ жер тапшылықтарына байланысты жер 10десятинаға, ал жеңілдіктер 5 жылға кеміді.1891 ж ресми түрде қоныс аудару тоқтатылды. Бірақ, шаруалар қоныс аударуын тоқтатпады, себебі Ресейде жаппай ашарщылық басталды.Ал, 1892ж Транссібір темір жолы салына басталды.Мұның өзі қазақтардан 4,2 десятина жер тартып алуына әкелді.1903ж Сырдария, Самарканд, ферғана қазыналық жерлеріне қоныстандыру ережесі шықты. Ереже бойынша, қазақтардан басы артық жерлерді тартып алу көзделді. 1904-1905 жылдары патша үкіметі қазақ жерін қоныс аударушылардың 5 аймағына бөлді. Торғай-Жайық, Ақмола,Семей,Сырдария,Жетісу аймақтары.

1906 ж Столыпин шаруаларды жаппай қоныстандыру бастайды. Шаруаларға хутор салу үшін 45 десятина, егін егуге 15 десятинадан жер бөлу міндеттелді.Шаруаларға құнарлы жерлерге көшу, теміржолмен жүруге жеңілдіктер алды. Сөйтіп, 1917ж жергілікті халықтан 45 млн десятина жер тартып алынды. Көшіп келген щаруалар саны 1,5 адамды құрады. Қазақстанның оңтүстігінен құнарлы жерлерді беруге тырысты.1895-1905ж 294 296 адам, 1906-1910ж 770 000 адам көшіп келді.

ХХғ.басында қазақдаласына экспедиция бірнеше мақсатпен ұйымдастырылды. Біріншіден, мемлекет үшін пайда әкелуі мүмкін маңызды ресурстарды іздеуге баса назар аудара отырып, жаңа аумақтарды барлау. Экспедиторлар,осылайша Ресей таусылмайтын байлықтары бар үлкен империяға айналады деп сенді. Бұл тек табиғи ресурстар туралы ғана емес, сонымен бірге адам ресурстары туралы.Екіншіден, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін зерттеу. Қазақтардың мәдениеті, дәстүрлері, тұрмысы мен күнделікті өмірі туралы алғашқы мәліметтерXIX ғасырда пайда болды. Бұл Ремезовтың,  Миллердің,  Андреевтің және басқалардың жұмыстары болды. Үшіншіден, білімді жинақтау және сақтау. Зерттеушілер мен саяхатшылар халық туралы этнографиялық ақпараттың үлкен көлемін жинады, атап айтқанда: материалдық және материалдық емес мәдениеттер, экономика және ру-тайпалық құрылым. Мұның бәрі қосылған аумақтардың ерекшелігі мен халықтың көңіл-күйін одан әрі түсінуге мүмкіндік берді.Ең бастысы, әр қилы үлкен терреторияны бағындыру. Ол үшін этникалық құрамын, дәстүрін, салтын, психологиясын, дүние –танымын зерттеу маңызды.

...

Скачать:   txt (30.1 Kb)   pdf (112.1 Kb)   docx (16.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club