Қазакстандаfы палеолит дәуірі ескерткiштерiнiн зерттелу тарихы
Автор: Динара Кеңесқызы • Октябрь 17, 2023 • Реферат • 3,377 Слов (14 Страниц) • 164 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Пәні: АРХЕОЛОГИЯНЫҢ ІРГЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАЛЕОЛИТ ДӘУІРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Қабылдаған: т.ғ.к., аға оқытушы Баймаханов Б.К.
Тобы: М1601-12
Орындаған: Отарбаева Динара
Шымкент – 2023 ж.
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
1.Кеңес дәуіріне дейінгі және кеңес дәуіріндегі зерттеулер 4
2.Тәуелсіздік жылдарындағы зерттеулер 7
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 11
Кіріспе
Қазақстан археологиясының аса күрделі және маңызды мәселелерінің қатарына тас ғасырының ең төменгі сатысын құрайтын палеолит дәуірінің аясындағы мәселелер жатады. Ал палеолит дәуірі адамзат тарихының көптеген мәселелерімен, атап айтқанда антропогенез мәселесімен, сондай-ақ алғашқы адамдардың еліміз аумағына қоныстануы мен таралуы, қоғамның алғашқы дамуымен байланысты. Тәуелсіздіктің арқасында соңғы 30 жыл ішінде отандық тас ғасыры археологиясы жаңа ғылыми сатыға көтерілді, бұл салада сан алуан мәліметтер жинақталды. Жоғарғы кәсіби деңгейде жазылған бірнеше еңбектер жарық көрді. Археологиялық ізденістердің кең қанат жаюы тың материалдардың көбеюіне алып келді. Қазіргі таңда еліміз аумағында 450-ден астам палеолиттік тұрақтар белгілі, жаңа мәліметтер зерделеніп, көптеген мәселелер заман талабына сай жаңаша көзқарастар тұрғысынан зерттеле бастады, іргелі еңбектер мен ғылыми мақалалар жарияланды. Егер де қазақстандық археологияның маңызды жетістіктерінде жалпы әлемдік мәселелер деңгейіне көтерілгендігін атап өтетін болсақ, төмендегілерді айтып өтуге болады: антропогенез саласында Қазақстан территориясы homo sapiens-тің қалыптасу орталықтарының бірі деп есептеуге және Қазақстанның палеолиттік мәдениеті ежелгі адамдардың даму жүйесіне кіретіндігіне мүмкіндік беретін материалдар алынды. Жаңадан алынған археологиялық материалдар палеолиттің көптеген мәселелерін, оның тақырыптық, хронологиялық және концепциялық қырларын жаңа теориялық-методологиялық тұрғыдан пайымдауға, зерттеу әдіс-тәсілдерін нақтылауға сұранысты арттырды.
Елімізде палеолиттану ғылымының негізін танымал ғалымдар Х.А. Алпысбаев және А.Г. Медоев қалады. Олардың Қазақстан палеолиті бойынша жүргізген зерттеулерінің нәтижелері ғылыми мақалалар мен іргелі еңбектерде жарияланды және бүгінгі күнге дейін мәнін жойған жоқ. Кеңес дәуірінде және одан кейінгі тәуелсіздік жылдары олардың ізін т.ғ.д., професор Ж.Қ. Таймағамбетов, М.Н. Клапчук, О.А.Артюхова, Д.С., В.С. Волошин, В.Н. Логвин, Д.С. Байгунаков, В.К. Мерц және т.б жалғастырып келе жатыр. Жаңа зерттеулер алғашқы қоғам өмірінің түрлі құбылыстары, соның ішінде археологиялық мәдениеттердің қалыптасуы мен дамуы, шаруашылық саласы, алғашқы өнер, антропологиялық өзгерістер, қоғамдық құрылыс бойынша мәліметтерің жинақталуына алып келді. Бұған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы оң септігін тигізді. Бағдарлама аясында Қазақстанның маңызды археологиялық ескерткіштерінде, соның ішінде көптеген ежелгі тас дәуірінің тұрақтарында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алайда атқарылған жұмыстардың басым көпшілігі, соның негізінде жасалған ғылыми ізденістердің бір бөлігі жүйелі талдаудан өтпеді. Яғни Қазақстанның палеолиті тақырыбы арнайы зерттеу нысанына айналған жоқ.
...